Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §8. Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
- Білімділік: Ежелгі Египет өнері-архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.
- Дамытушылық:Оқушылардың өнерге деген ықыластыран арттыру
- Тәрбиелік: Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, баяндау, суреттермен жұмыс.
Суреттің түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Үлкен Сфинкс», «Пирамида» т.б. суреттер, иллюстрауиялар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Египетте жазудың қалай пада болып, дамығанын сипаттап беріңдер.
- Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыған?
- Математика ғалымының шығуына қандай жағдайлардың әсері болды?
Жаңа сабақ жоспары:
- Әдебиеті.
- Ежелгі Египет діні
- Египеттегі храмдар
- Пирамидалар салу.
- Үлкен Сфинкс.
«Миф» сөзінің қандай мағына білдіретіні түсіндіріліп, оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
Ежелгі Египетте халық ауыз әдебиеті ерекше дамығанын, шығармалар мазмұнында халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталғанын айта келіп, егер уақыт жетсе, оқушылардың біреуіне шытарман оқиғалы «Синухеттің басынан кешкендері» шығармасын дауыстап оқытамын. Содан кейін оқушылардың шығарма мазмұнын әңгімелеп беруін сұраймын. Ежелгі Египетте Ніл өзені, құдайлар мен перғауындарды мадақтайтын гимндер мен өлеңдер де болғанын айтамын.
Египет кедейлерінің ауыр тұрмысы мен ащы зар-мұңын білдіретін көптеген әндер мен мақал-мәтелдері туралы немесе «Астық тасушының әні» жайлы баяндаймын.
Күн құдайы Амон-Раны ежелгі египеттіктер ең құдіретті, көркем құдайымыз деп санады. Олардың ойы бойынша перғауындар адамдарды қалай басқарса, Ра құдай да солай басқарды. Ол күндіз аспанға алтын қайығымен келіп, кешкісін азыққа кетеді.
Ойланып көріңдер, египеттіктердің күн құдайы неге негізгі құдай болып есептелінеді?
Оқушылар жауабын толықтыра отырып ежелгі египеттіктердің ең алғашқы діни сенімдері Күн құдайы Ра мен тас құдайы Бен-бенге сиынудан басталғанын айтамын. Египеттіктер құдайдарды жануар басты адам бейнесінде елестеткен (оқушылар назарын кітаптағы суретке аударады.)
Олар адамдар құдай жолымен жүрмесе, құүдайлар ашуға мініп, бүкіл елді бақытсыздыққа дашар етеді деп ойлады. Сондықтан олар құдайларға сый-сыяпат жасап, көңілдерін аулауға, жалбарынып, мейіріміне бөленуге тырысқан.
Египетткітер перғауындарды да құдайға теңеді. Оларды «құдайдың ұлы», құдіретті деп санап, пір тұтқан. Егер перғауын аяқ киімін сүйдірсе, оның өзі үлкен құрмет деп есептелген.
- Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған?
- Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, сөзін жалғастырып, ежелгі египеттіктердің перғауындарды пір тұту құрметіне толып жатқан мерекелер мен ойын-сауықтар ұйымдастырғаны туралы баяндаймын.
Осы бөлімді түсіндіру кезінде «Осирис пен Исида» туралы мифтің мазмұнына тоқталып, егер үлгерсе, толық айтып беремін. Р.М.Рубенштейннің «Ежелгі Шығыс» атты сыныптан тыс оқулығын пайдаланамын.
Төмендегі кестені сыныппен бірге толтырамын.
Құдайлардың аттары | Олар табиғат құбылыстары мен шаруашылықтың қандай түрлерін бейнелейді? | Олар құлиеленушілік құрылысқа қандай әсерін тигізді? |
Фивы қаласындағы храмдар туралы айтылғанда оны салуға әлемнің әр түкпірінен келген, ең таңдаулы шеберлердің қатысқаны, оның колонналы залы дүние жүзіндегі ең биік зал болғаны, храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден астам мүсіндер барын әсерлі түрде баяндаймын.
Тастан жасалған алыпқа қарағанда адамның зәресі ұшатын еді. Жұрт оны қалай атады? Бұл құрылыстар қандай мақсатта жасалды?
Храмдарды безендіру мен сәулет өнері де алғаш ежелгі Египетте өркендеп, дамыды. Египеттіктер әлемде тұңғыш рет тастан қаланған, аспанмен тілдескен керемет құрылыстар сала білді. «Египеттегі құрылыстар жайлы кім айтып береді?» деген сұраққа оқушылар жауабын тыңдап болған соң, Ніл өзенінің батыс жағындағы аспанмен тілдескен әлемнің жеті кереметінің бірі- пирамидалар жайлы сөз қозғаймын. Бұлар-перғауындардың мазарлары. Ең бірінші пирамида Жосер перғауынға арнап салынған екен. Ал ең биік пирамида б.з.б. 2600 жылдардың шамасында Хеопес перғауынға арнап салынды. Оның биіктігі 150 метрге жуық. Оны айналып шығу үшін бір шақырымға жуық жол жүру керек. Пирамида тарихын бір оқушыға оқытамын. Ол дауыстап оқып шыққаннан кейін ойын тұжырымдап, дәптерге түсіреді.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
- Пысықтауды картиналар, схемалар т.б. көрсету арқылы жүргізу.
- Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалануды қажет ететін кроссворд т.б. шешуге жаттықтыру.
- Үйге тапсырма: §8 1. «Египет діні» деген кестені толтыруды аяқтайды.
- «Шығыстағы мәдениеттің дамуы» кестесін толтырады.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 9-10 Ежелгі Ассирия
- Білімділік: Ассирия атауы Тигрдің оң жақ жағасында орналасқан Ашшур қаласынан шыққаны, оның бірнеше ғасырлар бойы әскери қуаты аз болғандықтан, өзінен неғұрлым күшті көрші мемлекеттерге жиі-жиі тәуелді болып келгені, кейіннен аса үлкен әскери державаға айналғаны таралы баяндау.
- Дамытушылық: Ассирия билеушілері Жерорта теңіщінің шығыс жағалауындағы елдерге үстемдігін күшейту және Египетті жаулап алу мақсатында жорыққа дайындалғанын, сөйтіп Ассирия б.з.б. VII ғасырда орасан зор аумақты бағындырған әскери мемлекетке айналғанын баяндау.
- Тәрбиелік: Ассирия әдебиетінің өзіндік сипаттарына әсіресе ассирия жылнамасының ерекшеліктеріне тоқталу, шәкірттердің сабақ үстінде тақырыпты толық меңгеріп, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау.
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «б.з.б.XVI-Viғасырлардағы Алдыңғы Азия» оқу картасы. Суреттер: «Ассирия жауынгерлері», «Қос дөңгелекті арбадағы урарту жауынгері», «Адам басты, қанатты арыстан» (мүсін) т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
- Табиғат жағдайлары
- Ассирия мемлекетінің құрылуы
- Ассирияның отаршылдық саясаты.
- Мәдениеті.
ІІІ. Оқушылардың жаңа оқу материалы жайлы түсінігін тексеру.
- Оқушылардың сөйлеу мәнеріне, алған білімін, ойын жүйелі жеткізе білуіне көңіл бөлемін.
- Оқушылардың жаңа материалды түсінуіндегі олқылықтарды түзетуге тырыстырамын.
- Оқушыларға қоятын сұрақтарға ерекше назар аударамын.
- IV. Жаңа білімді пысықтау.
- Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамытуға көңіл бөлемін.
- Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу.
- Үйге тапсырма: §9-10.