Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Ғұндар

Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:  Ғұндар

Сабақтың мақсаты:

  • Халықтардың ұлы қоныс аударуығын негізін қалаушы ғұн мемлекетінің тарихы, құрылымы туралы баяндай отырып, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, белсендігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

 Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды 2 топқа бөлу)

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қаңлылардың егін шаруашылығы қалай дамыған?
  2. Қаңлылардың мал шаруашылығының өзіндік ерекшеліктері қандай?
  3. Қаңлылар мал шаруашылығы, егіншіліктен басқа тағы қандай кәсіпшілікпен айналысқан?
  4. Қаңлылардың шет елдермен сауа байланысы болғанын дәлелдейтін  нәрселерді ата.
  5. Қаңлыларда мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі
  • Б.з.б. 1мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн», атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атаулармен тберілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған.
  1. Ғұндар мемлекетінің құрылымы
  • Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: «ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды…» мдеп жазылған.
  1. Ғұн тайпаларының бірлестігі
  • Б.з.б. 55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.
  • Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды да жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды.

Сабақты бекіту:

  1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?
  2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.
  3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.
  4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт.

І топқа тапсырма:

Көрініс:

Оқушыларды рөлдерге бөлу

І оқушы.Мөде шаньюй

ІІ оқушы. Дунху елінің патшасы

ІІІ оқушы. Елші

2-3 оқушы Мөде шаньюйдың кеңесшілері

ІІ-топқа тапсырма:

ВЕНН ДИОГРАММАСЫ

 

Үйге тапсырма: § 20. тест тапсырмаларын шешу.