Сабақтың тақырыбы: §4. Орта тас ғасыры
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Орта тас ғасыры
Сабақтың мақсаты:
- Орта тас ғасырылын ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы айта сызба түрінде түсіндіре отытып, оқушылардың білімдерін жетілдіру, белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: сызба, суреттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Тас дәуірінің хронологиясын ата
- Ру дегеніміз не?
- Екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал қалай аталады?
- Тасты өңдеу әдісі қай кезеңде жетіле түсті?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Орта тас ғасырының ерекшелігі
Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды. Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазірге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.
- Орта тас ғасыры (мезолит) б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.
- Микролит-ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал
Б.з.б. 8 мыңжылдықта Қазақстан жерінде қолайлы климат орнады. Күннің жылынуы ендігі жерде бұрынғыдай үй салуды аса қажет етпеді. Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады.
- Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер
- Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы.
- Бұдан 10 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды
Сабақты бекіту:
- Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
- Рулық қауымның өмірі туралы әңгімеле.
- Мезолиттің еңбек құралына сипаттама бер.
- Терімшілік пен егіншіліктің айырмашылығы неде?
- Мал өсірудің аңшылықтан қандай айырмашылығы бар?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §4. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру