Сабақтың тақырыбы: §6. Мыс-тас ғасыры (энеолит)

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Мыс-тас ғасыры (энеолит)

Сабақтың мақсаты:

  • Еңбек құралдарының жетілуі, адамдардың мысты игере бастауы, оның тас дәуірінен ерекшелігі, хронологиясы туралы айта отырып,оқушыларды ізденімпаздыққа, шыдамдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Неолит тұрақтарын ата
  • Неолитескерткіштерін ата
  • Неолиттің хронологиясы
  • Көзе дегеніміз не?

Жаңа сабақтың жоспары:

Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс-тас ғасырынан (энеолит) басталады. Бұл кезең шамамен алғанда  б.з.б. 3000-2800 жылдары өткен. Мыс-тас дәуірінде жасалған құралдар өндіріске енгізілді.

  1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі
  2. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі

Энеолит сөзі-мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында  екі ірі өзеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты.

  1. Мыс-тас ғасырының ерекшеліктері

Сабақты бекіту:

Тас дәуірінің кезеңдеріКезеңнің хронологиялық ауқымыЖаңалықтар мен өнертабыстарӘр кезеңде өмір сүрген адамдарҚоғамдық құрылымы
Ерте тас ғасыры
Кейінгі тас ғасыры
Мезолит
Неолит
Энеолит

Бағалау:

Үйге тапсырма: §6. Тест тапсырмаларын орындау