Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §9. Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер
Сабақтың мақсаты:
- Қола дәуірі кезіндегі климаттың өзгеруі, шаруашылық, қоғамдық құрылыс туралы баяндау.
- Беғазы-Дәндібай мәдениеті, зергерлік өнер, сонымен қоса Ә.Х.Марғұланның зерттеулерін айта отырып, білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: суреттер, қола дәуірі кезіндегі Қазақстанның картасы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?
- Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.
- Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Климаттың өзгеруі
- Орталық Қазақстан қола дәуірінің ең соңғы кезеңі Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Оның хронологиялық ауқымы б.з.б. 12-8 ғасырларды қамтиды.
- Беғазы-Дәндібай мәдениеті
- Б-Д мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі-обалар. Андрондықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтармен бекітілген.
- Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.
- Шаруашылығы
- Қоғамдық құрылысы
- Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары-абыздар пайда болды. Олар рудың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.
Сабақты бекіту:
- Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?
- Оқулықтың мәтінін пайдаланып, көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле
- Б-Д мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр.
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 9. Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер.
«Ру мен тайпа кеңесі» қосымша материал