Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §10. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
- Көшпелілер өмірі, шаруашылығы,малының түрлері, отырықшылық пен көшпеліліктің айырмашылығы тақырыптарында түсіндіре отырып, шаруашылыққа бейім, еңбекқұмар, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: сызба, суреттер,т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?
- Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле
- Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр
Жаңа сабақтың жоспары:
- Көшпелі мал шаруашылығы
- Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.
- Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.
- Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
- Малдың түрлері
- Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты еміс, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
- Көшпеліліктің бөлінуі
- Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл металдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
- Табын түрлерінің әр қилылығы өсімдікке байланысты. Мысалы, еліміздің шөлді аудандарында шөптің 288 түрі өседі. Сиыр мен жылқы олардың-109, түйе, 148, қой-167 түрін жейді. Ал 180 түрлі сортаң шөптің қой 132, сиыр 24 түрін ғана жейді
Сабақты бекіту:
- Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?
- Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер
- Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §10. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты? /эссе жазып келу/