Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §11. Көшпелі бақташылық шаруашылықтың негізгі түрі

Сабақтың мақсаты:

  • Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыра отырып, олардың дәстүрлі мерекелері, өмір салты, баспаналары туралы егжей тегжейлі баяндау.
  • Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?
  2. Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер
  3. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон
  • Көктеу, жайлау, күзеу, қыстау
  • Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.
  1. Көшпелілердің баспанасы
  • Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы. Оны аз уақытта , шамамен, бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған.

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр /венн диаграммасы/
  2. «Көшпелі өмір салты» тақырыбына әңгіме құрастыр.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §11. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.