Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.
6-сынып . Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы:§ 12. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
- Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
- Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру
- Оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, тірек сызба, домбыра, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу, әнұран орындау.
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Өткен тоқсанға шолу:
- Қазақстан тарихы 4-ке бөлінеді
- Соның ішінді ежелгі Қазақстан да 4-ке бөлінеді
- тас дәуірі
- мыс діуірі
- қола дәуірі
- темір дәуірі
- Адамзат баласының металлдан жасалған құралды игере бастауы қай дәуірден басталады-энеолит-мыстытас
- Темір дәуірі деп аталу себебі-еңбек құралдары темірден жасалды
- Темір дәуірінің ерекшеліктері
а) шаруашылық құралдардың темірден жасалынуы
б) ірі тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуі
в) көшпелі мал шаруашылығы мен жыртпалы егіншіліктің шығуы
г) алғашқы мемлекеттердің қалыптаса бастауы
Жаңа сабақ: «Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай Қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпасының тарихын, мекендеген орнын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысын, мәдениетін,білу мақсатында өтетін ашық сабақ тақырыбы: Сақтар.
Тақырып бес бөлікке бөлінген.
- Сақтардың тарихы, мекендеген орны.
- Тұрмысы , шаруашылығы.
- Қоғамдық құрылысы.
- Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
- Мәдениеті мен өнері.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Сақ тайпаларының шығу тарихы.
- Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты әйгілі болғандары; сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары
- Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді.
Кесте №1,2.
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы: Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
№ | Сақ тайпаларының аты | мекендері |
1 | Парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар) | Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы |
2 | Тиграхауда (шошақ бөрік киіп жүретін сақтар) | Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда |
3 | Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар) | Мургаб аңғарында (Түркіменстан) |
Картамен жұмыс жасау:Шошақ бөрікті сақтарға ерекше тоқталу
-Алтын адам, Томирис, Шырақ.туралы қысқаша әңгіме қозғау
Суреттерді сөйлету
Оқушыларға концептуалдық кесте тарату «мекендерін тап»
Сабақты бекіту: «ККК» және Бетпе-бет әдісімен бекітемін
І-Бетпе-беттің сұрақтары
1-оқушы
- Оқушыны таныстырамын
- Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сіз бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңыз?
- Сақтар қандай тайпа екен?
- Оларға тән ерекшелік
- Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.
2-оқушыға
- Сақтар туралы қандай деректерден алынды?
- Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?
- Әйелдері туралы Ктесий ?
- Ирандықтар сақтарды қалай атаған?
- Алтын адам туралы не білесіз?
3-оқушы
- Сақтарды гректер қалай атаған?
- Томирис туралы не білесіз?
- «Авеста» қандай кітап?
- Сақтар қандай өркениетті елдермен байланыс жасаған?
- Шошақ бөрікті сақтар Қазақстанның қай жерлерін мекендеген?
ІІ-ККК әдісі бойынша оқушыларды бөлеміз.
Суретшілер
Математиктер
Тарихшылар
Географтар
Археологтар Сарапшы 1 оқушы
Осы маман иелері бүгінгі тақырыпты өз мамандығы бойынша баяндап береді
Сарапшы сараптама жасайды.
Сабақты қорыту:
Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.
Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма:
№12 картамен жұмыс. Сақ патшасы Томирис туралы қосымша мағлұмат дайындау.