Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §24. Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §24. Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы

Сабақтың мақсаты:

  • Қоғамдық құрылысы, тұрмысы,шаруашылығы, заттай мәдениеті, ескерткіштері туралы баяндай отырып, білімді, азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдісі: баяндау

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Сарматтар ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарында табылған? Картадан көрсет.
  2. Савроматтар мен сарматтардың байланысы қандай?
  3. «Савромат-сарматтардың көне замандағы орны» деген тақырыпта эссе жаз
  4. Сарматтар туралы жазған тарихшыларды ата.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қоғамдық құрылысы.
Сарматтардың қоғамдық құрылысы
Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, мүлік теңсіздігі шықтыӘскери демократия жетілді
Сармат қоғамында әскери демократия әйелдерге де қатысты болды.
  1. Сарматтардың тұрмысы
  2. Сарматтардың шаруашылығы
Сарматтардың шаруашылығы
Сарматтар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналыстыЖылқының тебіндеуге үйренген түрі және жорықтарға мінетін қазанаттар өсірілді
Батыс сарматтар отырықшылық салтқа көштіСарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды
 Зергерлік өмір жоғары дамыды
  1. Сарматтардың заттай мәдениеті
  • Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылыой суданы жерінен табылған аралтөбе ескерткішінен үш оба қазылған. Қабірден көсемнің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдарынан басқа абыз асатаяғының бөліктері табылған.

Сабақты бекіту:

  1. Сарматтарда әлеуметтік-тұрмыстық теңсіздік болғанын неден көреміз?
  2. Әскери демократияның мәні неде?
  3. Сарматтардың әсемдік заттарын ата.
  4. Сармат ыдыстарында кейінгі қазақ ыдыстарымен ұқсастық бар ма?
  5. Сармат ескерткіштерінің ерекше белгілерін ата.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §24. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.