Көшпелілердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §29. Көшпелілердің сал-дәстүрі мен діни нанымдары
Сабақтың мақсаты:
- Қазақстанның ертедегі тұрғындары-сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мен сарматтардың наным-сенімдері, бұл тайпалардың мәдениетіндегі ұқсастықтар, ескерткіштеріндегі ерекшеліктер, дәстүрі туралы толық-қанды мәлімет бере отырып, ұтжанды, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктері, жалпы адамзат тарихына қосқан үлесі туралы айтып бер.
- Көшпелілердің қандай заттарды ойлап тапқанын айт.
- Ұлы Жібек жолы туралы айт.
- Қазақстанның аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданған?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Көшпелілердің діни-нанымдары
- Қазақстан аумағын жайлаған ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сыйынған.
- «Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған» деген сөздерді ертедегі грек тарихшыларының еңбектерінен оқи аламыз. Олар көшпелілердің «басқалармен достық, адал, әрі шынайы қарым-қатынасындағы» қайырымдылық пен әділеттікті атап айтқан.
- Мәдениеттегі ұқсастықтар.
- Ескерткіштері
Сабақты бекіту:
- Көшпелі халықтардың діни нанымдары туралы әңгіме құрастыр.
- Сақ, үйсін, ғұн, қаңлы, сармат тайпалырының салт-дәстүрінде қандай ұқсастықтар бар?
Бағалау: Үйге тапсырма: §29. Шығармашылық тапсырма. Картадан ежелгі Қазақстан тұрғындарының, тайпалық одақтар мен мемлекеттердің орналасу аумағын көрсетіңдер. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастығын анықтаңдар.