Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Сабақтың тақырыбы: §30. Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Сабақтың мақсаты:
- Тарихи, қола дәуірінің ежелгі адамдардың , жалпы антропология ғылымы туралы айта отырып, оқушыларды ғылым-білімге, адамгершілікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Көшпелі халықтардың діни нанымдары туралы әңгіме құрастыр.
- Сақ, үйсін, ғұн, қаңлы, сармат тайпалырының салт-дәстүрінде қандай ұқсастықтар бар?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Антропология дегеніміз не?
- Тарихи антропология
- Қола дәуірінің антропологиялық сипаттамасы
- Сонымен Андрон мәдениетін қалдырған тайпалардың түр-түсі қандай болды? Жалпы алғанда, Қазақстан жерін қола дәуірі заманында еуропоидтік нәсілге жататын адамдар мекендеген. Олар қырмұрынды, ат жақты, өңі ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау болып келген.
- Ерте темір дәуірі адамдарының түр-түсі.
- Монғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерін мекендеген сақтарда көбірек байқалады. Ал Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында монғолоидтық нышандар аздау кездеседі.
- Ежелгі дәуір адамдарының бет бейнесі (антропологиясы) тақырыбына қорытынды. /Жалпы, темір дәуірінің аясында Қаз. жерін мекендеген көне этностардың бет әлпетінде біртіндеп монғолоидтық белгілер көбейе бастады./
Сабақты бекіту: Антропология ғылымы жөнінде әңгіме құрастыр.
- Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың нәсілі қандай болды? Ерте темір дәуіріндегі қазақ жерін мекендеген жұрттардың нәсіліне сипаттама бер.
Бағалау: Үйге тапсырма: §30. Тест.