ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Сабақтың мақсаты.
білімділік: Оқушыларға адамзат тарихының ең сұрапыл, қанды-қырғын ошағына айналған
екінші дүние жүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар, соғыс барысы,
салдары жайында түсіндіру.
дамытушылық : Тақырып бойынша өз бетінше іздену, зерттеу, шығармашылық жұмыс істеуге
дағдыландыру, ой-өрісін дамыту. Материалдарды тұжырымдап аяқтау, жүйелі ойлау
мен талдай білу, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,
оқушының жан- жақты іздене білуін қалыптастыру
тәрбиелік:Оқушыларға патриоттық Отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру және оларды өз
Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу. Қиын-қыстау кезінде Отанды қорғай білу,
туған жерге деген сүйіспеншілікке, ұлттар арасында достық сезімдерін қалыптасуына,
елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың қамтамасыздандырылуы
а) оқу-көрнекілік құралдар : Карта,кесте, суреттер.
- Екінші дүниежүзілік соғыстың картасы.
- 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысының картасы;
б) ТОҚ : Интерактивті тақта (Слайд)
Пәнаралық байланыс : Саясаттану,Қазақ әдебиеті.Алғашқы әскери дайындық
Қолданатың әдебиет
Негізгі:Г.К.Көкебаева, Ж.И.Салпынов «Қазіргі заман тарихы»
Қосымша: О.С.Сорока-Цюпа, В.П.Смирнов, А.И.Строганов, Г.Д.Сүгірбаева
«XX-ғасырдағы дүние жүзі». Ә.Шүпеков, К.Қожахметұлы, М.Дәкенов, М.Сембинов
«Дүние жүзі тарихы». Интернет материалдары.
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа сабақты түсіндіру
- Жаңа сабақты бекіту
- Бағалау
- Үйге тапсырма.
VII. Рефлексия
Сабақтың өту барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
- «Кім,қайда,қашан»
«Кім»
1 | 1917жылғы Социалистік революцияның көсемі? | В.И.Ленин |
2 | «14-пунктің» авторы АҚШ президенті | Вудро Вильсон |
3 | АҚШ «Жаңа бағыт» саясатының авторы? | Ф.Д.Рузвельт |
4 | «Менің күресім» деп аталған еңбектің авторы? | А. Гитлер |
5 | Романовтар әулетінің соңғы патшасы? | II-Николай |
6 | «Пейілдендіру саясатын» белсенді жүргізген ағылшын премьер-министрі? | Невелл Чемберлен |
7 | 1914жылы 28-маусымда Сараевода өлтірілген ханзада? | Франц Фердинанд |
«Қайда»
1 | Социалистік революцияның бесігі болған қала? | Санк- Петербург |
2 | 1917жылы 28-шілдеде Австрия-Венгрия соғыс жариялады? | Сербияға |
3 | 1918жылы 11-қарашада 1-дүниежүзілік соғыс аяқталды | Компьен орманында |
4 | А.Гитлер «Майн кампф» деген кітап жазды? | Түрмеде |
5 | Жапония 1931жылы басып кірді? | Маньчжурия |
6 | 1932жылы Лозанна конференциясында репарация төлеуден босатылды? | Германия |
7 | 1922жылы қазан айында фашистік отрядтар жорық жасады? | Римге |
«Қашан»
1 | I-Дүниежүзілік соғыс аяқталды? | 1918жылы 11қарашада |
2 | КСРО құрылды? | 1922жыл 30-желтоқсан |
3 | Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс болды? | 1929-1933жыл |
4 | «Дауэс жоспары» қабылданды? | 1924жылы |
5 | Шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман пактісіне қол қойылды? | 1939жылы 23-тамыз |
6 | Екінші дүниежүзілік соғыс басталды? | 1939жыл 1-қыркүйек |
7 | Ұлы Отан соғысы басталды? | 1941жыл 22-маусым. |
II Дүние жүзілік соғыс жылдарында бұл адамдардың есімі несімен белгілі болды? | ||
1 | Риббентроп | Германия сыртқы істер министрі |
2 | Ф. Рузвельт | АҚШ президенті |
3 | Д. Эйзенхауэр | Одақтастар әскерін басқарған американ генералы |
4 | У. Черчилль | Ұлыбритания премьер-министрі |
5 | Шарль де Голль | Франция Қарсыласу қозғалысының жетекшісі |
6 | В. Молотов | 1939жылы 23-тамызда құпия хаттамаға қол қойған КСРО сыртқы істер министрі |
7 | Г. Жуков | 1945жылы 8-мамырда Германияның жеңілгендігіне қол қойған маршал) |
8 | Кейтель | 1945жылы 8-мамырда Германияның жеңілгендігіне қол қойған фельдмаршал) |
9 | Паулюс- | 1942жылы 19-қарашада Кеңес әскерлері Сталинград түбінде үлкен шайқас бастады, соның нәтижесінде 22-фашист дивизиясы қоршауға алынды. Екі айға жуық қарсылық көрсетуден кейін генерал- фельдмаршал Паулюс басқарған 7-неміс армиясы тізе бүкті.) |
10 | Иосип Броз Тито | Югославия азаттық күресінің жетекшісі |
Әскери операцияларға баға бер: | ||
1 | “Барбаросса” | Фашистік Германияның Кеңес Одағын жылдам талқандау жоспары |
2 | “Ост” | Фашистік Германияның Кеңес Одағымен Шығыс Европаны мекендеген халықтарды қырып-жою жоспары |
3 | “Вайс” | Польшаға шабуыл жасау жоспары |
4 | “Теңіз арыстаны” | Аңглияны әуеден үздіксіз бомбалау жоспары |
5 | “Тайфун” | Фашистік Германияның Мәскеуге шабуыл жоспары |
6 | “Эдельвейс” | Фашистік Германияның Солтүстік Кавказды жаулап алу жоспары |
7 | “Багратион” | Қызыл Армияның Белоруссияны азат ету жоспары |
8 | “Оверлорд” | 1944жылы 6-маусымда Францияның солтүстік -батысында Нормандияда ағылшын-американ әскерлерін түсіру бойынша «Оверлорд» операциясы басталды, оның мақсаты екінші майданды ашу. |
9 | Уран | Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу |
Болған оқиғаларды жаз: | ||
1 | 1938жыл 29-30қыркүйек | «Мюнхен келісімі» |
2 | 1939жыл 30-қараша 1940жыл 12-наурыз | Кеңес-Фин соғысы |
3 | 1940жылы 27-қыркүйек | Германия,Италия, Жапония мемлекеттері «Құрыштық пактіге» қол қойып, әскери -саяси одақ құрды |
4 | 1941жыл наурыз | АҚШ конгресі Ленд-лиз заңын қабылдады (қарыз беру заңы) |
5 | 1941жыл 8-желтоқсан | АҚШ конгресі Жапонияға соғыс жариялады |
6 | 1941жыл 11-желтоқсан | Германия мен Италия АҚШ-қа соғыс жариялады. |
7 | 1943жыл. 28-қараша 1желтоқсан | Тегеран конференциясы |
8 | 1941жыл 14-тамыз | АҚШ пен Ұлыбритания «Атлантикалық хартия» деп аталған құжатқа қол қойды. |
9 | 1942жыл 1-қаңтар | Вашингтонда 26-мемлекет фашистік елдер одағына қарсы бірігіп күресу туралы құжатқа қол қойды. |
10 | 1943жыл 25-шілде | Италияда Муссолини орнынан түсіріліп, қамауға алынды. |
Терминдерге түсінік бер: | |||||
1 | Автотаризм | 4 | Фашизм | 7 | Ленд – Лиз |
2 | Тотолитаризм | 5 | Шовинизм | 8 | Миллитаризм |
3 | Модернизация | 6 | Репорация | 9 | Агрессия |
| ||||
Р/с | Жылдар | Шайқастар | ||
1 | 1942жыл 19-қараша 1943жыл 2-ақпан | Сталинград шайқасы | ||
2
| 1941жыл 10-шілде 1944жыл 9-тамыз | Ленинград шайқасы (900-күн) | ||
3
| 1943жыл 5-шілде 1943жыл 23-тамыз | Курск доғасындағы шайқас | ||
4
| 1941жыл 30-қыркүйек 1942жыл 20-сәуір | Мәскеу үшін шайқас | ||
5
| 1945жыл 16-сәуір 1945жыл 8-мамыр | Берлин шайқасы | ||
6 | 1941жыл 7-желтоқсан | Перл – Харбор шайқасы | ||
7 | 1943 жылдың қыркүйек- қараша | Днепр үшін шайқас | ||
8 | 1945жыл қаңтар | Висла-Одер операциясы. Шайқас Балтық теңізінен Карпатқа дейінгі майданда жүргізілді. |
III. Жаңа сабақты түсіндіру
XVII ғасырда | Барлық сағыстардан 3млн 300мың адам қаза болды. | ||
XVIII ғасырда | Барлық соғыстардан 5млн 200мың адам қаза болды. | ||
XIX ғасырда | Барлық соғыстардан 5млн 500мың адам қаза болды. | ||
Негізгі көрсеткіштері | Бірінші дүниежүзілік соғыс | Екінші дүниежүзілік соғыс (2194-күн) | |
1 | Басталуы және аяқталуы | 1914жыл 28-шілде 1918жыл 11-қараша | 1939жыл 1-қыркүйек 1945жыл 2-қыркүйек |
2 | Соғыстың ұзақтығы | 4жыл 3 ай | 6жыл |
3 | Соғысқа қатысқан мемлекеттер саны | 38 | 72 |
4 | Шайқастар | Марна шайқасы, Верден шайқасы Сомма шайқасы, Капоретта шайқасы, | Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск доғасы, Перл-Харбор. |
5 |
Қолбасшылар | Генерал:Шлиффен, Генерал А.А.Брусилов, Француз қолбасшысы: Нивель, Француздар бас қолбасшысы: Ж.Ж.Жоффр | Генерал:Д.Эйзенхауэр, Маршал: Г.К.Жуков, Генерал: Д.Макартур, генерал Эрвин Роммель, К.К.Рокоссовский, Н.Ф.Ватутин, А.И.Еременко, |
6 | Қару түрлері | Ұшақ, Минамет, Танк, Химиялық қару | «Катюша» Атом бомбасы |
7 | Соғысқа қатысқан мемлекеттердің халық саны | 1 млрд –тан астам адам | 1,700 млрд адамд. |
8 | Соғыс қимылдары өткен жер көлемі | Соғыс 4 млн шаршы шақырым жерді қамтыды. | Соғыс 22млн шаршы шақырым жерді қамтыды. |
9 | Әскерге мобилизация-ланғандардың саны | 70 млн адамнан астам | 110 млн адамнан астам |
10 | Қаза тапқандар саны | 13,6 млн адамнан астам | 64 млн адамнан астам |
11 | Жараланғандар мен мүгедектер | 20 млн жуық | 90 млн адамнан астам |
12 | Материалдық шығындары ( млрд доллар есебінде) | 360 | 4000 |
13 | КСРО Ұлы Отан соғысы (1418күн) | 27 млн. адам қаза тапты, 2,6 млн. адам мүгедек болды, 1710 қала мен қала типтес елдімекендер қирады, 70 мың ауыл жойылды,25млн адам баспанасыз қалды, 32мыңнан астам өнеркәсіп істен шықты. | |
14 | Қазақстан | Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Барлығы-11600адам, Қазақстандықтар-497, қазақтар-97, қазақ қыздары-2. ҰОС-да қаза тапқан қазақстандықтар- 600мыңнан астам. Соғысқа 500 мың қазақ аттанған. Оның 70% қайтыс болған |
Соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар.
Тегеран конференциясы | Ялта (Қырым) конференциясы | Подстам (Берлин) конференциясы | |
1 | 1943жыл 28-қараша 1-желтоқсан. | 1945жыл. 4-11 ақпан. | 1945жыл. 17-шілде 2-тамыз |
2 | КСРО-И.Сталин, АҚШ-Ф.Д.Рузвельт, Аңглия- У.Черчилль | И.Сталин, Ф.Д.Рузвельт, У.Черчилль | КСРО- И.В.Сталин, АҚШ- Г.Трумэн, Англия-У.Черчилль ( 28-шілдеден кейін Климент Эттли) |
3 | 1944жылғы соғыс қимылдарын бірлесе жүргізу мәселесін және соғыстан кейінгі реттеу мәселесін талқылау. Екінші майданды ашу. Германияны талқандаған соң КСРО Жапонияға қарсы соғыс ашуға уәде берді. | Германияның болашағы туралы шешім қабылдау. Германияны талқандағанша соғысты жалғастыру, фашистік ұйымдарды тарату, соғыс өнеркәсібін жойып, демократиялық бостандықтарды қалпына келтіру. Германияны талқандаған соң КСРО 2-3 айда Жапонияға қарсы соғыс ашуға тағы да уәде берді. | Соғыстан кейінгі Германия мәселесін реттеу: Герман әскерін тарату, соғыс өнеркәсібін жою, ұлттық- социалистік партияны жою, халықаралық әскери трибунал құру, Шығыс Пруссияның Кенисберг қаласы-КСРО-ға берілді. Шығыс Германиядан алынатын төлемдерді түгел иемденуге келісті. 1945ж 8-тамыз КСРО Жапонияға соғыс жариялады. |
- Жаңа сабақты бекіту
- Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен сипаты?
- КСРО ұстанған саясатқа қандай баға беруге болады?
- Қырым-Потсдам конференциялары қандай мақсатпен шақырылды?
- Германия мен Жапония озбырлық саясат жүргізгені үшін қалай жазаланды?
- Қырым-Патсдам жүйесіне сәйкес шекаралар қалай өзгерді?
- Бағалау. Оқушылар пікірлерін тыңдау және талдау. Пікір айту.
Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау және бағалау.
- Үй тапсырмасы: Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары.
- «Бәрімізге ортақ Ұлы Жеңіс» тақырыбында шығарма жазу.
- I-топқа А.Гитлер
II-топқа И.В.Сталин
III-топқа Ф.Д.Рузвельт.
Берілген тұлғаларға сипаттама беру (ортақ мақсаттары қандай, мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері қандай, нәтижесі).
- Отан туралы мақал-мәтелдер.
Мысалы: «Отан үшін отқа түс күймейсің» Б.Момышұлы.
- «Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Қазақстан» атты реферат немесе қысқаша баяндама дайындау.
VII. Рефлексия
- Менің сабақтағы көңіл-күйім?
- Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
- Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
- Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?