Санды теңсіздіктерді қосу және азайту.

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктерді қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

а)      Оқушыларға санды теңсіздіктерді қосу және азайтуда санды теңсіздіктердің қасиеттерін пайдалана отырып,есептер шығара отырып меңгерту.

б)      Оқушылардың ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін арттыру.Сандық теңсіздіктердің қасиеттерін жатқа білуге дағдыландыру.

в)      Оқушыларды адамгершілікке,сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Жаңа білім қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаны слайд бойынша пайдалану.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ

IV .Қорытынды

  1. Үйге тапсырма

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты тугелдеп, сыныптың сабаққа даярлығын қадағалап, сабақты бастаймын.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Тақтаға үй тапсырмасы ілініп,оқушылар өздерінің үй тапсырмаларын дәптерлерін бір біріне алмастыру арқылы тексереді.

 

Үй тапсырмасы

 

№934 есеп

Кестені толтырыңдар:

 

    Қос теңсіздік

 

Бағалау

керек

4<Х<71/6<Х<1/30,2<Х<0,5
Х+15<Х+1<8 <Х+1<1.2<Х+1<1.5
12<ЗХ<211/2<ЗХ<10.6<ЗХ<1.5
1/Х1/4>1/Х>1/76 > 1/Х >35>1/Х>2

 

Өткен сабакты еске түсіру үшін мына тактаға караймыз.

 

Сандарды салыстыру, санды теңсіздіктердің қасиеттерін тұжырымда.

 

«Көпір тапсырмалары»І кезең

Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

ах=b  түріндегі теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды.

Мұндағы: х – айнымалы а және b – қандай да бір сандар

2. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

Түбірлері бірдей теңдеулерді мәндес теңдеулер деп атайды.

«Білу

Тапсырмалары Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай?»

ІІ кезең

Бос орынға қажетті сөзді жаз

1.     a мен   b  сандарын салыстырғанда,   а —  b айырмасы оң сан болса, онда а>b болады.

Мысалы: а= 7 ,  b= 2 болса, а – b ≥ 0 болады.

2.     >  немесе  < белгілері қарама-қарсы теісіздік белгілері деп, ал > және > немесе < және < белгілері бірдей теңсіздік белгілері деп аталады.

Мысалы, 6 > 0 және 2<4 – қарама-қарсы теңсіздік белгілері бар санды  теңсіздіктер, ал 7> 5 және 9 >2 – бірдей теңсіздік белгілері бар санды теңсіздіктер.

«Түсіну тапсырмалары Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті?»Бос орынға қажет сөзді жаз:

1.     а және b сандарының қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін \қалай білеміз?

Егер а —  b айырмасы оң сан болса, онда а >  b болады.

Егер а —  b айырмасы теріс болса, онда а <   b болады.

2.     Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?

Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның оң жағында кескінделеді.

 

«Талдау тапсырмалары»Айырмашылықты тап:

Қатаң теңсіздіктер мен қатаң емес теңсіздіктердің айырмашылығы неде?

Қатаң теңсіздіктер < және > белгілерімен, ал қатаң емес теңсіздіктер ≤ және ≥ белгілерімен беріледі.

«Жинақтау тапсырмасы»Блок – схеманы толтыр:

 
 

 
 

 

 

 
 

 

ІІІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді балалар кітаппен жұмыс жасаймыз.

№ 939 есеп

Теңсіздіктерді (мүшелеп) қосыңдар:

 

1)      5<9 және 3<4                                 4) 4.2>3 және 5>-1
5<9                                                  4.2>3

+3 <4                                                        +5>-1

8<13                                                9.2>2

 

2)      3>1 және 5>-2                                5) 0.3 <1.2 және 4<5
3>1                                                  0.3 <1.2

+5>-2                                                        +4<5

8>-1                                                 4.3<6.2

 

3)      2<3 және 4<7                                 6) 1.8 >1 және 2>0.8
2<3                                                  1.8 >1

+4<7                                                +2>0.8

6<10                                                3.8>1.8

 

№940 есеп

Теңсіздіктерді (мүшелеп) азайтыңдар:

 

1)      7>5 тен 3>2                 4) 6.3>5 тен 3.5>2
7>5                     
           6.3>5

-2<3                              -2<3.5

5>2                               4.3>1.5

 

2)      9<11ден 4<7                5)7.1<9 дан 2.7 <4
9<11                             7.1< 9

-7>4                              -4>2.7

2<7                               3.1 < 6.3

 

3)      12>7ден 6>3                 6) 13>6.2 ден 3.1 < 5
12>7                   
         13>6.2

-3<6                               -5<3.1

9>1                                8>3.1


Жаңа сабақты қорытындылау барысында мынадай кестені толтырса, ұлы ғалымның аты шығады.

 

6> 111.7 > 810 < 197.2 > 4.5-2 < 9.312 > 27.2 < 13.5

 

Бұл ғылым туралы және тақырыпқа қатысты қосымша материялдардан үзінді айтып өтеді.

 

  1. Қорытынды:

 

Оқушыларды сергіту мақсатында сабақты қорытындылау үшін мына ертегіні пайдаландым.

 

Ертеде Данышпан деген патшаның елінде «Байлық»,  «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.

 

Байлық: Менің арқамда ғана адам баласының төрт  түлігі сай, үйі, дүние мүлігі ішіп жемі мол болады.

 

Бақыт: Мен кімнің басына қонсам,соның атақ даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.

 

Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды, нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.

 

Данышпаннан: «Байлық» — бір жұрттық, «Бақыт»- баянсыз, «Ақыл» -еңбек,білім деген сүйеніші,тіреуі,тұтқасы да бар.Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп,мәнді де,сәнді де өмір сүреді.

Міне балалар бүдан шығатын қорытынды мынау.Ақыл,білім болған жерде бақыттыда бай боламыз.Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де,білікті азамат болып өсуіміз керек.

 

«Білім азбайды,ақыл тозбайды»

«Оқусыз — білім жоқ,білімсіз күнің жоқ» деген мақалды әр кез есте ұстап жүрейік. Бүгінгі сабағымызды сұрақтарға жауап берумен аяқтаймыз.

 

  1. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп қосуға болады?
  2. Теңсіздік белгілері бірдей теңсіздіктер қалай қосылады?
  3. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп азайтуға болады?
  4. Айырма теңсіздіктің теңсіздік белгісі қалай анықталады?