Ұзындықты өлшеу
- (6 бет) Сабақ тақырыбы: Ұзындықты өлшеу
Сабақ мақсаты: а) заттың ұзындығын өлшеудің әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.
ә) Оқушылардың өлшеу, байқау қабілеттерін арттыру. б) Дұрыс тыңдауға, тапсырманы ұқыпты орындауға баулу.
Көрнекіліктер: жолақшалар, сызғыш, қарындаштар
Сабақ әдісі: көрнекіліктер, түсіндіру, практикалық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды жаңа математика сабағына даярлау. Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге берілген тапсырманы тексеру; 10-ға дейін өсу және кему ретімен санап келу.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
А) Ұзындықты өлшеудің қажеттілігі заттың ұзындығын салыстырудан туындайтынын түсіндіру. ә) Нақты заттарды алып көз мөлшерімен өлшеу.
Сергіту сәті
ІҮ. Мақсат қою
Ү. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс А) жоғарғы суреттегі заттардың ұзындықтары беттесу арқылы салыстырылады. Нәтижесін оқушыға айтқызу. Б) сызғыштың ұзындығы көзмөлшермен салыстырылады. В) жасыл қоршаудағы ағаштардың суреті бойынша уақыт өлшенеді.(түске дейін, шаңқай түс, түстен кейін)
ҮІ. Қорытынды Сұрақтар қойып жауап алу. ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау