Экологиялық есептер шығару.

Экологиялық есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға процент тақырыбына экологиялық есептер шығартып, процент туралы теориялық білімдерін кеңейту;

Тәрбиелік мақсаты: өз мүлкін таза, ұқыпты ұстауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:  процент туралы ұғымдарын, ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын меңгеру және оқушылардың икем дағдысын жетілдіру сабағы.

Сабақтың өтілу әдістері, элементтері: Тыңдау, ой шақыру, гамма жаттығуы, сұрақ-жауап, ойын ойнату, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Экология.

Сабақ көрнекілігі, жабдығы: слайдтар, магнитті тақта, плакаттар.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Компьютерде бейнекөрініс көрсетіледі.

  1. Бағыт бағдар беру:

Балалар бейнекөріністен не көрдіңдер? /Табиғат туралы көрініс./

Табиғатты небір көлденең оқиғалардан сақтауға көмектесетін, оның құрып кетпеуіне шектеу қоятын, оны зерттейтін қандай ғылым? /Экология ғылымы./

Ендеше,  мектебімізде қандай апталық болып жатыр? /Экология апталығы./

Олай болса, сабағымыздың тақырыбы қаңдай? /Экологиялық есептер шығару./

Сонымен, біз сабаққа қандай мақсатпен келдік? /Мақсатты әрбір топ өзі жазады./

  • Үй тапсырмасын сұрау. Процент.

Иә, ендеше үйге берілген тапсырма «Процент» болатын. Біз сабағымызды осы тақырыпта жалғастырамыз.

  1. Іске асыру сәті:
  • Адамның өмірі үшін ең басты қажетті нәрсе не? Немен дем аламыз?
  • Ауа
  • Ауаның 78% — азот

21% — оттегі

  • Сынып бөлмесінің көлемі қанша?

Ұзындығы – 8,5 м

Ені – 5,6 м                                       V=8,5 5,6 3=142,8(м3)

Биіктігі – 3 м

  • Сынып бөлмесіндегі азоттың көлемі қанша?

142,8 78/100=142,8 0.78=10.384(м3)

  • Сынып бөлмесіндегі оттегінің көлемі қанша?

142,8 21/100= 142,8 0.21= 29,988(м3)

  • Қалған 1% -і басқа да қоспалар

142,8 1/100= 142,8 0.01= 1,428 (м3)

Сыныпты әркез желдетіп, ауасын тазартып отырыңыздар!

  1. Бекіту.

Енді біз келесі бейнекөрініске назар аударайық!

  • Не көрдіңіздер?
  • Су, ағып жатқан су, шөл дала, т.б.
  • Су – жер бетіндегі тіршіліктің тамыры.

1 адамға күніне: 1) қол жууға – 8 литр

2) тіс жууға – 6 литр

3) унитазға су жіберу – 15 литр

4) душ – 20 литр

5) кір жууға – 130 литр

6) ванна – 150 литр

Барлығы – 339 литр

1 айда – 30 339 литр= 10170 литр

1 жылда – 365 339 литр=123835 литр

Сондықтан да қазақ халқы суды қастерлеп, оны халыққа, тіршілікке орман, тоғай, өсімдіктер дүниесінің негізгі көзі деп қастерлеп, «Су жүргізер тіршіліктің тамырын» деп бекер айтпаған. Олай болса, суды үнемдеу біздің парызымыз!

 

 

 

  1. Қорытынды:

Ал, кәнекей ойнайық!

  1. Суды үнемдеу керек. (келіссеңдер 3 рет қол шапалақта, келіспесеңдер орыннан тұр.)
  2. Темекі шегу өміріме зиянды. (келіссеңдер аяқтарыңды 3 рет топылдат, келіспесеңдер орыннан тұр.)
  3. Көшеде, үйде, мектепте тазалықты сақтаймыз! (келіссеңдер көздеріңді жұмыңдар, келіспесеңдер орыннан тұр.)
  4. Жарықты, қағазды үнемдейміз! . (келіссеңдер 2 қолыңды көтер, келіспесеңдер орыннан тұр.)
  5. Табиғатты қорғаймыз, аялаймыз! (келіссеңдер 3 рет қол шапалақта, келіспесеңдер орыннан тұр.)

Сонымен, сабақты былай аяқтағым келіп отыр:

Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу —  парыз,

Қаситеін ұғу —  парыз

Күзетінде тұру – парыз! (М.Әлімбаев)

 

Үйге: Процент. №

Оқушыларды бағалау