Сайыстың тақырыбы: «Ең мықты,ең күшті»

Сайыстың тақырыбы: «Ең мықты,ең күшті»

Мақсаты:Оқушыларды зерделілікке,зейінділікке,тапқырлыққа баулу,өнер-лі, білімді, жігерлі және  қайратты азамат болуға, ынтымақтастыққа,ұйым-шылдыққа тәрбиелеу, білімге және спортқа қызығушылығын арттыру.

Әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік арқылы,түсіндіру,сайыс,ойын,бағалау

Көрнекілігі:кеспе қағаздар,нақыл сөздер,сәйкестік тесті,тапқырлық тапсырмасы,доп,шелек,арқан,асық,шар,қап және т.б.

Пәнаралық байланысы:дене шынықтыру,информатика,қазақ әдебиеті

Сайыстың барысы:

І.Ұйымдастыру.

1.Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Өжеттер», «Зеректер».

2.Әділқазы алқасын сайлау.

ІІ.Кіріспе.

     Қазақ халқы жігітке мына  алты қасиетті тән деп есептейді.Ол қасиеттер:

  1. Зерде –зейіні болсын;
  2. Өнер өрісі болсын;
  3. Тапқырлық ,талап,ерлігі болсын;
  4. Жігер-күші болсын;
  5. Қайрат-қаруы болсын;
  6. Білімі болсын.

Ендеше, осы қасиеттер бойынан табылар  8-сынып оқушыларын «Ең мықты,ең күшті»  деп аталған  сайысқа  шақырамыз.Бұл сайыста оқушылар білім және спорт өнері жөнінен  күш сынасып,бәсекеге түседі.

«Өжеттер» тобының ұраны : «Ел болашағы –білімді ұрпақ»

«Зеректер» тобының ұраны : «Денсаулығы ғаламның-денсаулығы адамның»

ІІІ.Негізгі бөлім.

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді.

1-сайыс.

  • Тасымалдау ойыны.

Топ жетекшісі сақина арқылы топ мүшелерін кезек-кезек тасымалдайды.

  • Сұрақ-жауап(кеспе қағазбен жұмыс)

 

  1. Квадрат теңдеуді шешуге арналған теорема.
  2. Байт неден тұрады?
  3. Пернетақтадағы Ғ112   дейінгі  пернелер не деп аталады?
  4. Құрамында әріппен белгіленген белгісізі бар теңдік.
  5. Әріптік-сандық ақпараттарды енгізу құрылғылары.
  6. Екі нүктенің арасы.
  7. Қолымызда 10 саусақ бар. 5 қолда  неше саусақ  бар?
  8. Paint графиктік редакторында неше құрал бар?
  9. 5,1,7,2,9,3,11,… тізіміндегі келесі сан.
  10. Қазіргі уақыттағы маңызды байланыс түрлері.
  11. өрнегінің мәні неге тең?
  12. ?
  13. Екі санның қосындысы 9-ға тең,айырмасы 5-ке тең,көбейтіндісі 14-ке тең.Осы сандарды тап.
  14. «Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан.Олар мал  өрісін,тіршілік табиғатын,қадір-қасиетін әбден білген.» Бұл қандай ақпарат түрі?
  15. Геометрия атасы.

 

2-сайыс:

  • Доппен ойын.

Доппен ойнау арқылы кедергілерден айналып келу.

  • Математика және информатика пәндерінен есеп шығару.
75110 санын сегіздік санау жүйесіне ауыстыр
х1=9 ,   х2=5 түбірлері арқылы  квадрат теңдеу құр.

 

 

 

 

         Өнер де, ой да, білім де,

Өркендер қазақ тілінде.

Қазақ тілін сүйгендер,

Саналы білім үйренер.

 

3-сайыс:

  • Жолсерік ойыны

Топ  жетекшісі топ мүшелерінің  басына шелек кигізіп, межелі жерге апаруы тиіс.

  • «Жалғасын тап» ойыны.(Қашықтық өлшемін жазу)

 

 

Қазақтың ұлттық қашықтық өлшемдерін жаз

Ит өлген жер,___________________

________________________________

________________________________

 

 

 

 

4-сайыс:

  • Шармен ойын.

Топтар бір-біріне қарсы тұрып,қапқа шарды толтыруы қажет .Қай топтың шар көп болса,сол топ ұпайға ие болады.

  • Сәйкестік тесті.(формуламен жұмыс)
S=a2
S=ab
2  +bх+c=0
х2+pх+q=0

 

 

 

 

Оймен кәне өсейік,

Ойлы жұмбақ шешейік.

Оқысаң аласың,

Оқымасаң,қатарыңнаң қаласың.

5-сайыс:

  • Арқан тартыс ойыны.
  • Логикалық тапсырма.

Берілген екі үшбұрыштан қай фигураларды құрастыру мүмкін емес?  Үшбұрыштар бірінің үстіне бірі беттесуі мүмкін.

 

А.                          Ә.                             Б.                    В.                           Г.

 

 

 

 

6-сайыс:

1)Асық ату ойыны. (ер балалармен)

2)Тапқырлық тапсырмасы.

Кесіндіні өлшеу құралы
Бұрышты  өлшеу және салу құралы
Шеңбер салу құралы
Қағаздағы кескінді түсіріп, экранға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы
Қағазды баспаға шығару құрылғысы
Сандық  және мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы
Сыртқы жад құрылғылары

 

ІV.Қорытынды бөлім.

 

Көп ұпай жинаған жеңімпаз топ  мақтау қағазымен  марапатталады.