Сайыстың тақырыбы: «Білім сайысы»
Сайыстың тақырыбы: «Білім сайысы»
Мақсаты:Оқушылардың математика ғылымын оқуға,үйренуге және оны зерттеуге деген құштарлығын жоғарылату,математика ғылымына деген көзқарасын айқындау,тарихын білу.
Әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік арқылы,түсіндіру,сайыс,бағалау
Көрнекілігі:кеспе қағаздар,ұлы ғалымдардың портреттері,нақыл сөздер,тарихи деректер,альбом,рефераттар және т.б.
Пәнаралық байланысы:тарих,география,дене шынықтыру
Сайыстың барысы:
І.Кіріспе.
Ең ежелгі математикалық жазбалар екімыңыншы жылдар басынан б.з.д. аралықты қамтиды . Осыдан 5-6 мың жыл бұрынғы мәдениетті елдерде ілім-білім Мысыр мен Вавилон ,Индия мен Қытай –Шығыста. Вавилон, Мысыр қонысы Евфрат пен Тигр қос өзенінің аралығында ,Индия-Ніл мен Ганг, ал Қытай –Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің атырабын алып жатты . Сулы жер нулы жер демекші,каналдар қазылып,жер құрғатылып,егін салды . Өнімдер жиналып,қамбаларға құйылды . Бұл өлшеуге,есептеуге әкелді . Сәнді архитектуралық құрылыстардың салынуы ,теңізде жүзу,сауда-саттық және т.б. басқаруға терең математикалық білімді талап етті .
О баста мәдениет пен білім,ілім дербес елдерде жеке-дара дамыса,бертін келе сыбайласа,көрекйіп,ілгерідей түсті . Сөйтіп қазіргі электрон,атом,химия,компьютер заманына ұласты . Математика ғылымы мазмұны бай ғылымға айналды . Математиканың дамуында әр елдің,әр ғылымның өз үлесі бар . Ендеше,бүгінгі 8-сыныпта өтетін «Білім сайысында» ұлы адамдар және мәдениеті,ілімі дамыған елдер туралы тарих беттеріне шолу жасап,танысамыз.
ІІ.Негізгі бөлім.
1-тур: «Қай ғалым?»
1.Ғұлама Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім?
а.Бируни ә.Әл-Фараби б.Әл-Хорезми
- «Миллион» ұғымын қазақ жеріне алғаш таратқан кім?
а.Ұлықбек ә.Ы.Алтынсарин б.Әл-Фараби
(Ы.Алтынсарин 1879жылы Орынборда шыққан «Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку» деген оқулығы арқылы таратты).
3.Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген кім?
а.Р.Декарт ә.Г.В.Лейбниц б.К.Гаусс
4.Ең алғашқы тікұшақтың жобасын салған, математика, физика, астроно-
мия,геология,адам және жануар физиологиясымен,химиямен айналысқан,бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістігімен танымал болған адам?
а.К.Циалковский ә.Ч.Дарвин б.Л.до Винчи
5.Евклид геометриясын жалғастырушы ғалым.
а.К.Вейерштрасс ә. Р.Декарт б.Н.Лобачевский
6.Физика-математика факультетін бітірген,генерал Панфиловтың туысы.
а.Б.Байқадамов ә.А.Жұбанов б.Н.Тілендиев
(Абай атындағы педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген,қазақтың алғашқы хор музыкасының негізін салушы,күйеу баласы).
7.Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып,бірақ баспаға шығармаған ғалым.
а.А.Байтұрсынов ә.Ы.Алтынсарин б.Қ.Сәтпаев
8.Бірінші ЭЕМ-ді Кеңес Одағында қай ғалым жасады?
а.С.А.Лебедев ә. Чебышев б.К.Циалковский
9.Көбейту,теңдік белгісін қолданған неміс ғалымы.
а.Г.В.Лейбниц ә.К.Гаусс б.К.Вейерштрасс
10.XVIIғ.физика және математика ғылымдарындағы ұлы тұлға.
а.и.Ньютон ә.Г.Галилей б.Коперник
2-тур: «Қай қала?»
1.Пифагор мектебі қай қалада алғаш ашылған?
а.Афина ә.Рим б.Кротон
2.VIII ғ.Шығыстың қай қаласында астрономия-математика мектебі құрылды?
а.Тараз ә.Бағдат б.Отырар
3.Ойшыл ақын,терең философ,асқан математик қай жерде,қай қалада дүниеге келді?
а.Иран,Нишапур қаласы ә.Самарқан б.Пәкістан
- «Даналық үйі» деп аталатын үлкен ғылым ордасы орналасқан қала.
а.Хорезм ә.Ферғана б.Бағдат ІХғ.
5.Геометрияның негізін салушы Евклид қай қалада өмірге келді?
а.Мысыр ә.Александрия б.Вавилон
- «Алгебра атасы» ,он цифрды таратушы ,энциклопедист Әл-Хорезми туған қала.
а.Отырар ә.Хорезм б.Ферғана
(Қазіргі Өзбекстан Республикасына қарасты Хорезм облысы Үргеніш қаласында 783 жылы шамасында туып,850 жылдары қайтыс болған.Түркі тілдерінен араб,парсы,еврей,санскрит –ежелгі үнді тілі,грек тілдерін білген).
7.Математика,физика,философиямен айналысып,ұстаздық еткен Пифагор (570-500 ж.ж.) қай жерде дүниеге келген?
а.Эгей теңізі ,Самос аралы ә.Грекия б.Вавилон
8.Қазақтың атақты математигі 1956 жылы туған Асқар Жұмаділдаев еліміздің қай өңірінен шыққан?
а.ШҚО ә.Атырау облысы б.Қызылорда облысы
- «Математика королі» атанған К.Гаусс қай елде дүниеге келген?
а.Германия ә.Италия б.Франция
10.Үнділіктер (хиндылықтар) ежелгі заманда Рома деп қай қаланы атады?
а.Каир ә.Рим б.Афина
3-тур: «Жадыңда жүрсін!»
1.Б.з.д.570-500 жылдары өмір сүрген Пифагордың тәлім-тәрбиелік мәні бар сөздері кең тараған шешен.Оның мына қанатты сөздері бізге жетті:
*Тәннің саулығына немқұрайды қарама,уақтылы тамақ ішіп,жаттығулар жасап жүр.
*Ұйқың келгенде өткен күнде тындырғаныңды талдамай көзіңді жұмба.
*Білуге тиіс нәрсенің бәрін үйрен,сонда сен тыныш өмір сүресің.
2.Ежелгі грек оқымыстысы Евклидтің өмірі туралы мағлұматтар өте аз . Ол туралы небары ел аузында екі аңыз сақталған.Соның бірі : «Бірде Птолемей патшаның /б.з.д.300-285ж.ж./: «Геометрияны бейнетсіз,оп-оңай түсінудің жолы бар ма?»,-деген сауалына Евклид : «Геометрияда патшалар үшін айрықша жол жоқ»,-деп жауап қайырыпты.
3.Орыс ақыны А.С.Пушкин : «Арабтар Еуропаға алгебра мен Аристотельді тарту етті» деп айтуында терең астар жатыр.Шынында да,алгебраны,арифметиканы Еуропаға әкелген Әл-Хорезми бастаған ғалымдар болса,арситотельді таныстырған Әл-Фараби,Ибн Сина бастаған тағы басқа философ-ғұламалар.
4.Ғұлама,энциклопедист ғалым,есімі дүние жүзіне әйгілі философ,екінші ұстаз Әл-Фараби Сырдария өңіріндегі Қарашоқы жерінде 870-жылдары туған. Әл-Фараби атқа шауып,көкпар тартуға ,найзаласуға,ақындық өнеріне үйреніп,түрлі ел тілін үйреніп,тарихымен танысты.Ол мына ғылымдармен айналысты:
философия | астрономия | геометрия | логика | механика |
медицина | тарих | лингвистика | музыка | оптика |
қолөнер | педагогика | архитектура | арифметика | әдебиет |
зоология | ботаника | алгебра | этнография | психология |
Әл-Фараби-ақын әрі композитор.Ол мынадай ескі музыкалық құралдарда да ойнай алған:
Сыбызғы
| флейта | Сырнай | Керней | Дабыл |
Домбыра
| Асатаяқ | арфа | барабан | Т.б. |
ІІІ.Қорытынды.
1.Тарихи есеп шығару.
Ғұлама әл-Фарабидың конструктивтік геометриясынан мысалдар келтірейік:
1.Екі тең квадраттан бір квадрат құрастыру керек.
Ол үшін әрбір квадратты диагоналы бойынша қисақ,төрт үшбұрыш пайда болады . Олардың диагоналдары – ізелінді квадраттың қабырғасы.Егер пайда болған үшбұрышты тік бұрышы бойынша бір-біріне жанастырып қойсақ,онда квадрат шығады.
2.Сегіз тең квадраттан бір квадрат құрастыру керек .
Екі квадраттың әрқайсысын төрт квадраттан құрастырып,оларды диагональдарынан қияйық.Сонда екі квадрат төрт үшбұрышқа бөлінеді . Олардан жаңа квадрат құрастырамыз.
Сайыс соңында ұпайды көп жинаған оқушы жеңімпаз атанып,марапаттауға ие болады