Заттардың орнын анықтау
- Сабақтың тақырыбы: Заттардың орнын анықтау.8 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау. ә) Оқушыны алды –артында және онымен қатар отырған оқушылардың есімін атату.
б) Оқулықпен жұмыс: 1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.) 2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу. 3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау. б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.
в) Дәптермен жұмыс.
Ү. Білімді бекіту: г) Орналасу кеңістігін анықтау. Оқушы туралы өлең жаттау
Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық, қолдану тәртібін білдік.