Прогрессиялар

Алгебра- 9 сынып

Мұғалім : Жаменкенова Назгуль Зайнуллиновна

Тақырыбы: Прогрессиялар

 

Сабақтың ақпараттық картасы:

  • Мақсаты: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар жайлы есептер шығару барысында білімдерін кеңейту, тереңдету және жалпылау.
  • Іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын тексеру;
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту,пәнді терең ұғынуларына жағдай туғызу,жеке және топтық, ұжымдық жұмыс жасау дағыдларын күшейту.
  • Өзара достық және өзара көмек сезімдерін тәрбиелеу

 

Типі: Жалпылау сабағы

Сабақ түрі: жаттықтыру- практикум

Технолгия: Деңгейлік дифференциалдық, сыни тұрғысынан ойлау /тарихи мәлімет , жеке тұлғаға бағытталған және тестік бақылау технологиясының элементтері

Әдісі: ізденушілік, зерттеу, практикалық, және өзіндік жұмыс

Бақылау түрі; өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау

Көрнекі құрал: Интерактивті құрылғы

Түсінік хат

-9-сыныпқа арналған алгебра сабағы

— Сабақ жалпы білім берітін мектеп оқушыларына арналып құрылған

Оқу материалының мазмұнын таңдау қағидасы: оқу мазмұны  оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап алынған

Сабақтың материалдық техникалық базасы:

  • компьютер
  • микрофон

интерактивті тақта ActivBoard, флипчарт беттері, деңгейлік тапсырмалар, білім өлшеуіштері/ тестер құралы/, интернет рессурстары

 

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі- 3мин

ІІ. Прогрессияның , формулаларының  есептерді шығаруда қажетті  анықтамалар мен формулаларды қолданудағы білім мен біліктің практикада қажеттілігін сезіну, сабақтың тақырыбы, мақсаты ,міндеттерімен таныстыру. Сабақта одан әрі жұмыс істеудегі оқушылардың белсенділіктерін арттыру —10 мин

ІІІ. Берілетін тапсырмаларды орындауда  мазмұны мен жүйенің бірізділігі-16 мин

ІV. Мұғалімнің бақылауымен өзіндік жеке тапсырмаларды орындатуы- тест/ 8 мин

  1. Орындалған тапсырмаларды жалпылау және жүйелеу-3 мин
  2. Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру-5 мин

Резерв тапсырмалары

 

Сабақтың моделі/барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Уақыт аралығы 3 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
  • Мотивация/ /

 

 

 

 

КезеңдерМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіИнтеративті тақтаның пайдаланылатын мүмкіндігіескерту
2Өтілген прогрессиялар бойынша оқушылардың анықтамаларды қалай игергенін сұрап тексередіОқушылар анықтаманы жалғастырып аяқтайды«қалам» арқылы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазу
3Пргрессиялар тақырыптары бойынша өтілген барлық формулаларды қайталауАрифметикалық және геометриялық пргрессиялардың кез келген мүшесін таба білу және қосындыларын есептеуге арналған формулаларды сәйкестендіру арқылы топтарға бөлу« контейнер»  қасиеті
4Оқушылардың алған ББД жүйелеу үшін деңгейлік тапсырмаларды орындатадыТақтада 3 оқушы, қалғаны орындарында қалаған есептерін таңдап шығарады.
5Шығармашылық жұмыс / оқушылардың әкелген ақпараттарын тексеріп, интернеттен қосымша мәліметтерге шолу жасайды2 топ өз тақырыптары бойынша тарихи мағлұматтарын баяндайды« Интернет» сілтемесі бойынша он-лайн режимде ақпарат жинау,талдау
6.1.Ұлттық Біріңғай тестілеуге дайындық есебі/ Рустюмовалардың авторлығымен құрылған кітап бойынша, берілгенін түсіндіреді1 Оқушылар өз беттерімен дәптерлеріне орындайды.Бейне-жазу арқылы тексеру
7Тест тапсырмаларын өткізу арқылы тексеру жүргізу 3 оқушы тестер құрылғысымен, ал қалғаны орындарында параққа орындайдыActivoit құрылғысымен орындау
8Сабақты қорытындылайды

Үйге тапсырма беру. Бағалау

Оқушылар жалпы бүгінгі сабақ бойынша рефлексия жасайдыҚабаттар/ «Слои»/ қасиеті бойынша