Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Тақырыбы : Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Мақсаты :
Білімділік : Кадрат теңдеулерді шешудегі есептеу іскерліктерін , біліктерін ,әдістерін жетілдіру; ойлау қабілеттерін, салыстыра және орынды қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық : дәстүрден тыс ойлай білу, математикалық тіл , өзіндік және шығармашылық белсенділіктерін және тест материалдарымен жұмыс істей білуді дамыту.
Тәрбиелік : шығармашылық потенциалдарын ашуға көмектесу, пәнге, оқуға деген дұрыс көзқарастарын нығайту, өзіндік және өзара бақылау қабілеттерін қалыптастырып, пікірлесу арқылы коммуникативті құзырлықтарын жетілдіру.
Типі:аралас.
Сабақ түрі : әңгіме, практикум.
Сабақтың құрылымы :модульдік технология бағытымен
Технология: ізгілендіріп оқыту элементтері,дифференцияция деңгейлері,
Жеке тұлғаға бағыттау, тестік бақылау технологияларының элементтері.
өдістері :ізденіс,зерттеу, практикалық, өзіндік жұмыс
: Интерактивті форма (фронтальді, жеке дара ,жұптасып жұмыс жасау).
Бақылау түрі :өзіндік бақылау, өзара бақылау , мұғалім тарапынан бақылау.
КҚ: интерактивті құрылғы .
Пәнаралық байланыс:Қоғамдық гуманитарлық ғылымдар .
Мотивация:материалды қызықтыра беру.
Білімді қолдану : оқушы тұлғасын әлеметтендіру.
Түсінік хат .
Сабақтың білім аймағы мен пәндік орны маңызы:
-алгебра сабағы 8 сынып,
Бөлім 2 “Квадрат теңдеулер ”, §7 тақырып “Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары ”;
Мектеп бағыты,сынып бағыты /профилі/. Жалпыбілім беретін мектеп оқушыларына құрылған.
Тақырыптың сағат саны . 2 сағат
Оқу материалын таңдау принципі : оқу мазмұны оқушылардың жас ерекшіліктері мен психолгиялық ерекшеліктеріне сай таңдап алынған.
Оқушылар ұжымын бөлу принципі : үш жұмыс қатары бойынша үш микротоп
Сабақтың материалды –техникалық қамтамасыз етілуі
- компьютер;
- интерактивті тақта
Мұғалім мен оқушылардың ақпараттық қамсыздандырылу ресурстары .
Оқулық . Алгебра 8 сынып , автор А.А. Абылкасымова.
Әдістемелік құрал Алгебра 8 сынып , автор А.А. Абылкасымова.
Сабақ моделі
1 Мотивациялық /қызығушылық кезең..
Уақыт аралығы : 2 мин
- Ұйымдастыру кезеңі .Сәлемдесу және сабаққа әзірлік.
- Мотивация (флипчарттың беті 1)
«Математика – басқа ғылымдар үшін күрделі теңдеудей» Новалис
2 Оқушылардың білімін белсендіру .
Уақыт аралығы : 8 мин
Оқушыларға сабақ тақырыбы, мақсаты түсіндіріледі .
Мақсаты : толымсыз квадрат теңдеулерді шешуде білімдерін тиянақтау; оқушыларды ойынға тарту арқылы белсендіру;
Жаппай сұрау жүргізу / жеке дара сұрақтар / 2 мин
А) теңдеудің түрін анықтау комментарий жасау (:келтірілген квадрат теңдеу , толымсыз квадрат теңдеу, толық квадрат теңдеу оның барлық коэффиценттерін атау,) (флипчарт беті )
- x² + 4x — 6 = 0
- 2x² + 6x = 6
- 7x² — 14x = 0
- x² + 5x — 1= 0
- 3x² — 5x + 19 = 0
- x² — 13x = 0
«Тізбектей « жұмыс /3 мин
Б) толымсыз квадрат теңдеулерді шешу (флипчарт беті ). /контейнер
- 5х2-20=0
- 2х2-3х=0
- с2-0,64=0
Топтық жұмыс ( 4 оқушыдан) / 3 мин
В) толымсыз квадрат теңдеулердің коэффиценттерін анықтау арқылы . жалпы түрін жазып кестені толтыру (флипчарт беті )
Теңдеу | а | в | с | Жалпы түрі | |
1 қатар 1 топ 1 қатар 2топ 2қатар 1 топ 2қатар 2 топ 3 қатар 1 топ 3 қатар 2 топ
| 2х2+4х=0 5х 2=0 7х2-49=0 36х2-72х=0 15х2+3=0 6х2=0
|
3.Жаңа білімді игеру
Сабақ тақырыбы : Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
(Материалды түсіндіру үшін мәселелік – ізденіс әдісі қолданылады ).
Уақыт аралығы : 13 мин
3.1 Мақсаты : Дискриминант пен теңдеу түбірлерінің арасындағы байланысты оқып үйрену
Түрі : интерактивті әрекет ету әдісі
Мұғалім :Балалар !Егер толық квадрат теңдеу берілсе оны қалай шешуіміз керек және коэффиценттерді анықтай білу өте маңызды деп ойлайсыңдар ма?.
Оқушылар жауабы:.
Мұғалім :Толық квадрат теңдеуді шешу үшін дискриминант ұғымы енгізілген және оны табу үшін теңдеу коэффиценттерін дұрыс ажырата білу өте маңызды себебі, теңдеудің түбірлерінің бар жоғы және саны осы мәнеге тура тәуелді .
3.2Ақпарат . Тарихи мағлұмат (тарихи мағлұмат ) (флипчарттың беті а)
Уақыт аралығы : 2мин
Мақсаты : оқу пәндерінің арасындағы байланысты көрсету .
Фрагмент: «Квадраттық теңдеулер және оларды шешу тәсілдері ерте заманнан белгілі . Мыс біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын өлшеу есептері вавилондықтарды квадраттық теңдеуді шешуге алып келгенАл алгебраның атасы әл-Хорезми бұл теңдеулерді екі тәсілмен шешкен.Ол кезде бүгінгідей шешудің жалпы формуласы келтірілмегендіктен оны шешудің 6 түрін көрсеткен. ».
Әл-Хорезмидің жазуы | Қазіргі жазылуы |
1) Квадраттар түбірлерге тең | Х2=вх |
2) Квадраттар санға тең | Х2=с |
3) Квадраттар мен сан түбірлерге тең | Х2+с=вх |
4) Түбірлер санға тең | Вх=с |
5) Квадраттар мен түбірлер санға тең | Х2+вх=с |
6) Түбірлер мен сан квадраттарға тең | Вх+с=х2 |
3.3 Квадрат түбірлердің формулалары ». (флипчарт беті )/11 мин
Мақсаты : Формулаларды пайдаланып теңдеулерді шеше білу .
Д- дискриминант
Д= в2-4ас
Х1/2=
D>0 / 2 түбір
D<0 /түбірі жоқ
D=0/ 1 түбір
Мысалы : 1) 2х2+3х-5=0, Д=49
2) 25 х2-10х+1=0, Д=0
3) 9х2-3х+2=0 , Д=-63
4 Материалды бекіту
1) Есептер шығару : 10 мин
Мақсаты : Оқушылардың жаңа материалды игеруін бақылау
4.1 Блиц-сұрақ /3 мин
( түрі : жаппай )
- толық квадрат теңдеуді шешуде формуланы қолдану үшін қандай ұғымды пайдаланамыз?
- Толымсыз квадрат теңдеуді шешуде дискриминант қолданыла ма?
Теңдеу | D>0 | D<0 | D=0 |
ах2+вх+с =0 | Х1/2=
| Х1=х2= |
- Практикум /4 мин
(формасы : жеке дара практикалық ).
х2-7х+12=0
9х2-12х+4=0
Уақыт аралығы : 5 мин
- Тест жұмысы : /иә +/ жоқ-
- а=1 , болса теңдеу келтірілген квадрат теңдеу
- Толымсыз квадрат теңдеулерді шешкенде дискриминантты есептеп табамыз
- теңдеудің түбірін тапқанда в коэффицентінің таңбасы маңызды емес.
- Д= в2-4ас
- Х1/2=
Жаңа білімді игерулерінің нәтижесін өздері бағалайды :
- толық игердім, қолдана аламын ( бағасы 5)
- толық игердім, бірақ практикада қолдануда қиналамын ( бағасы -4)
- жартылай игердім ( бағасы 3)
- мүлде түк түсінбедім ( бағасы 2)
- Рефлексия/
Уақыт аралығы : 3 мин
Мақсаты : сабақтың мақсатын орындауда кері байланыс алу
- Оқушылардың іс- әреккеттерін бағалау
- Үй тапсырмасы
Нұсқау беру .
п. 7 ( фомулаларды білу ), деңгейлік тапсырмалар
А №133 В №136 С №141