ТАБЫС КӨЗІ – БІЛІМДЕ
ТАБЫС КӨЗІ – БІЛІМДЕ
I.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың мәдениеттану,құқық незіздері,тарих,әдебиет пәндері бойынша жалпы білімдерін қорытындылау. Балалардың логикалық ойлауқабілетін,зеректік,шешендік қабілеттерін қалыптастыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету; жалпы білімдерін толықтыру, жалпы курс бойынша түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға оқушыларды дайындау,табыстың негізгі көзі – білім екенін түсіндіру және оқушылардың танымдық қызығушықтарын арттыру. ой-өрісін, зейінін,
шығармашылық қабілетін дамыту, нарықтық экономикаға оқушыларды
дайындау, табыстың негізгі көзі – білім екенін түсіндіру ;
Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Шектеулі уақытта дұрыс шешім қабылдауға үйрету. ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, информациялық білім беру;
- Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
«Миллион кімге бұйырады » зияткерлік ойындарының желісімен.
III. Сабақтың түрі:Танымдық ойын.
- Пәнаралық байланыс:Әлем тарихы,Қазақстан тарихы, әдебиет.
- Қолданылатын әдебиет.
Негізгі: Ш.Нағымұлы «Мәдениеттану»
Қосымша:Т.Ғабитов,Ж.Мүтәліпов,А.Құлсариева «Мәдениеттану»
- Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.
1-кезең: «Кім тапқыр» сайысы.
2-кезең: «Бәйге» сайысы.
3-кезең: «Көкпар» сайысы
4-кезең Қорытынды сайысы.
VII.Қорытындылау
VIII.Жеңімпаздарды марапаттау.
- Рефлексия
«ТАБЫС — КӨЗІ БІЛІМДЕ»
«Миллион кімге бұйырады» зияткерлік ойындарының желісімен.
- Ойыншыларды ойын шарттарымен таныстыру
Ойынның шарты:
Барлығы 3-деңгейге бөлінген 15 сұрақ.
Ойын барысында пайдалануға болатын үш жеңілдік бар:
1- жеңілдік: Топ оқушыларының көмегі;
2- жеңілдік Екі дұрыс емес жауап алынады; (50-50)
3- жеңілдік Оқулықтарды 30 секунд пайдалану.
- Мүмкіндіктерді кез-келген ретте пайдалануға болады;
- Ойыншы кез-келген уақытта ойынды тоқтатып, ұтысын алуына болады;
- Бірде-бір мүмкіндікті пайдаланбай жеңген оқушыға “5” деген баға қойылады.
1-ші деңгей | 2-ші деңгей | 3-ші деңгей | |||
1 | 10 тг | 1 | 200тг | 1 | 3000тг |
2 | 20тг | 2 | 400тг | 2 | 3500тг |
3 | 40тг | 3 | 800тг | 3 | 4000тг |
4 | 80тг | 4 | 1600тг | 4 | 5000тг |
5 | 150тг | 5 | 2000тг | 5 | 7000тг |
Алғашқы бес сұраққа дұрыс жауап берілсе « орташа » баға.
Он сұраққа дұрыс жауап берілсе « жақсы » баға
Он бес сұраққа толық жауап берілсе « жеңімпаз » атанып , бестікпен бағаланады
- Ойыншыға сұрақ қою : /ойлануға шектеулі 1 минут уақыт беріледі , сұрақтар интерактивтік тақтадан көрсетіліп отырады.
«Кім тапқыр» сайысы
1-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Әмір Темір салдырған кесене? А) Жошы хан В) Алаша хан С) Бекет ата Д) Ахмет Яссауй
| Халық аңызында қобыздың пайда болуы кімнің есімімен байланысты? А) Асан қайғы В) Қорқыт-ата С) Керей хан Д) Абылай хан | «АЗиЯ» кітабының авторы?
А) Мұхтар В) Олжас С) Сәбит Д) Ғабит
| Ақан серінің әні?
А) Алуаш В) Ақ сиса С) Балқадиша Д) Үлкен айдай | Сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап
А) Адырна В) Аса таяқ С) Домбыра Д) Қобыз.
|
2-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Құрманғазының 1836-1837жылдары Исатай-Махамбет бастаған халық қозғалысына арналған күйі? А) Адай В) Сарыарқа С) Кішкентай Д) Алатау | Азаматты неше жастан отау иесі деп есептейді А) 10 В) 13 С) 15 Д) 18
| Ұзатылатын қыз- қалыңдық киетін ғұрыптық киім. А) Сәукеле В) Тақия С) Кимешек Д) Айыр қалпақ
| Шахерезаданың ертегісі неше түн деп аталады? А) 1001 В) 1100 С) 500 Д) 100 Е) 1000 | Шерлак Холмс қандай музыкалық аспапта ойнады А) Флейта В) Гитара С) Труба Д) Скрипка
|
3-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Кімнің басына алма түсіп еді? А) Голилей В) Браун С) Ньютон Д) Аристотель
| Қыздан туған балалар бір-біріне кім болады ? А) Бажа В) Бөле С) Нағашы Д) Жиен | Еврейлердің ұлттық діні? А) Индуизм В) Иудаизм С) Синтоизм Д) Ламайзм
| Зевс ғибадатханасын салған мүсінші? А) Фидий В) Александр С) Софокл Д) Гомер
| Тәж-Махал мовзолейі қандай өзен жағалауында орналасқан? А) Джамна В) Үнді С) Ганг Д) Янцзы
|
«Бәйге» сайысы
1-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Олимптегі Зевс мүсінін Фидий неше жыл салған А) 7 В) 10 С) 8 Д) 3 | Аспан асты елі? А) Жапония В) Қытай С) Корея Д) Ресей
| Вавилонның қазіргі орны ? А) Иранда В) Иракта С) Сауд Арабиясында Д) Түркияда
| Родос алыбының биіктігі? А) 12метр В) 22метр С) 32метр Д) 42метр | Пиза мұнарасы қай елде орналасқан? А) Алжир В) Греция С) Испания Д) Италия
|
2-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Қазақстанда сопылық ілімнің негізін салушы? А) Мырзахмет В) Ахмет С) Арыстан Д) Жолбарыс
| Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5
| Қай елде адамдар қасталарға бөлінген? А) Қытай В) Үндістан С) Тайланд Д) Жапония
| Пайғамбарлық қасиет Мұхамедке неше жасында қонады? А) 30 В) 37 С) 40 Д) 41
| Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты белгілеген? А) Жеті қарақшы В) Үркер С) Шолпан Д) Есекқырған |
3-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Қазақ тарихында тұңғыш биші қыз? А) Шара Жиенқұлова В) Қыз Жібек С) Күлаш Байсейітова Д) Фариза
| Ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» романында Оралбаймен Керімбаланың махабаты осы ойыннан басталған. Ойынның аты? А) Ақсүйек В) Қыз қуу С) Алтыбақан Д) Алтын қабақ | Адамдардың өз ата-тегін жануарлармен және өсімдіктер дүниесімен тығыз байланыста қарастыратын сенім А) Магия В) Фетишизм С) Тотемизм Д) Анимизм | Европа саяхатшысы Рубрук шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар қандай сусын бергені туралы жазған? А) Қымыз В) Айран С) Шұбат Д) Шай | Хаммурапи патшаның заңдары қай мәдениеттің ескерткіші? А) Үндістан мәдениетінің В) Иран мәдениетінің С) Мысыр мәдениетінің Д) Вавилон мәдениетінің |
Көкпар сайыс
1-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Жеті қабатты Тағы Қаздар пагодасының биіктігі А) 60-метр В) 50-метр С) 40-метр Д) 30-метр
| Орыстың ұлы философы, өмір бойы бостандық пен мәдениет туралы жазған? А) С.Н.Иванов В) М.Ломоносов С) Н.А.Бердяев. Д) Р.П. Петров | Қазақстандағы ең ұзын өзен? А) Сырдария В) Шу С) Ертіс Д) Жайық | Ең алғашқы олимпиадалық ойындар қашан өткізілген? А) Б.д.д. 776 жылы В) Б.д.д. 465жылы С) Б.д.д. 555жылы Д) Б.д.д. 1-ғасыры. | Олимптегі Зевс мүсінінің биіктігі А) 11-метр В) 13-метр С) 15- метр Д) 17-метр
|
2-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Ежелгі Грецияда Даналықтың әйел құдайы, Зевс пен Метистің қызы А) Афина В) Афродита С) Артемида Д) Деметра | Күйеудің ұрын келуі қалай аталады. А) Тойбастар. В) Неке қияр С) Шілдехана Д) Қынаменде | Галикарнастың аты кейіннен қандай атқа өзгертілген? А) Измир В) Кемер С) Стамбул Д) Бодрум
| Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі қай ханның тұсында жұмыс істей бастады? А) Керей хан В) Әбілқайыр хан. С) Абылай хан. Д) Жәңгір хан Бөкей Ордасында. 1841жыл. | Ш.Уәлиханов 1865жылы наурыз айында қай жерде қайтыс болды. А) Қашқарияда В) Алтынемел қыраты баурайында. С) Алма-арасанда. Д) Қаратауда. |
3-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
40-қойдан 1 қой, 5 түйеден 1 түйе, 30 сиырдан 1-сиыр берілуге тиісті ислам шарты. А) Садақа В) Пітір С) Зекет Д) Айт
| Мұрат ақын жырлағандай «Жасқұста қала салдырған, Меткілеп, арал қалдырған. Жеріне жеміс еккізген Арпа мен қауын төккізген» кім А) Абылай В) Әбілқайыр С) Жәңгір Д) Есім | А.В.Затаевич кімді «Қазақтың Баяны» деп атады? А) Ақан сері Қорамсаұлы. В) Мұхит Мералиев С) Жаяу Мұса Байжанов Д) Біржан сал Қожағұлов
| Рим құдайлары грек құдайларымен теңестірілгенде, Зевспен кімді теңестірді. А) Марс В) Юпитер. С) Пасейдон Д) Нептун | Шығыс Рим империясы нешінші жылға дейін Византия империясы деген атпен өмір сүрді.? А) 1453ж В) 1549ж С) 1354ж Д) 1345ж
|
Қорытынды сайыс
1-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Ежелгі дүние тарихының соңы, орта ғасырлар тарихының басы? А) 674жыл В) 476жыл С) 764жыл Д) 356жыл | Апенин түбіндегі ең ежелгі өркениеттің иелері қандай халықтар болған? А) Этруск В) Яноки С) Гларк Д) Бривитус
| Рим шешені А) Демосфен В) Цицерон, С) Алигьери Д) Санти | Түркі тектес халықтардың түп атасы саналатын скифтерден шыққан ғұлама ғалым. А) Фалес В) Хилон С) Периандр Д) Анахарсис | Көне рим философ-материалисі, ақын? А) Спарта В) Эванс С) Тит Лукреций Д) Эсхил
|
2-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Грек классикалық трагедиясының атасы? А) Фалес В) Аристофан С) Эсхил Д) Алкей | Әбілқасым Фердауси «»Шахнама» дастанын неше жыл жазды? А) 10жыл В) 20-жыл С) 30-жыл Д) 40-жыл
| Құқық туралы ғылым- юруспруденция ерекше дамыды? А) Афиныда В) Римде С) Бағдатта Д) Спартада | Ә.Фердауси «»Шахнама» дастанында қандай сәтті 400-дің үстінде суреттеген? А) Күннің шығуын В) Айдың батуын С) Таңның атуын Д) Жұлдыздарды | Даниэл Дефоның кітабындағы басты кейіпкер? А) «Робинзон Крузо» В) «Дон Кихот» С) «Дон Карлос» Д) «Давид»
|
3-деңгей
1-Сұрақ | 2-Сұрақ | 3-Сұрақ | 4-Сұрақ | 5-Сұрақ |
Симфонияның атасы? А) Моцарт В) Иоганн Себастьян Бах С) Иозеф Гайдн Д) Бетховен
| «Петербургтен Мәскеуге саяхат» шығармасының авторы? А) А.Ф.Бестужев В) М.В.Ломоносов С) А.Н.Радищев Д) Г.Р.Державин
| Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбалары неше жерде кездеседі? А) 39 В) 49 С) 59 Д) 69
| Тәжік және парсы халықтарының Орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалымы, Бұл кім? А) Әлішер Науаи В) Әбу Райхан әл- Бируни С) Омар Хайям Д) Әл-Фараби | Кеңес өкіметінің пәрменімен корейлер 1937-1938 жылдары қай жақтан көшіріліп әкелінді? А) Кореядан В) Солтұстік Батыстан С) Сібірден Д) Қиыр Шығыстан |
VII.Қорытындылау
Оқушылар пікірлерін тыңдау және талдау. Пікір айту. Сайыстың қорытындысын шығару үшін
әділқазы мүшелерін ортаға шақырамыз.
VIII.Жеңімпаздарды марапаттау.
Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау және бағалау
- IX. Рефлексия
- Менің сабақтағы көңіл-күйім?
- Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
- Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
- Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?