Реттік санау. Нешінші?

  1. Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші? 10 бет

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру. 2. Ұқыптылыққа баулу,адамгершілік тәрбие беру. 3. Санның реттік мәнімен таныстыру.нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын  көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

                                      Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:  Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін  мағынасын айту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Балаларды қатарға тұрғызып, 1-ші болып келе жатқан кім? 2-ші болып келе жатқан кім? Одан кейінгі кім? 3-ші, 4-ші кім? Барлығы қанша бала?

Ү. Оқулықпен жұмыс:

1-сурет. -Балалардың қайсысы бірінші болып келе жатыр? -Одан кейінгі екінші болып келе жатқан кім?  — Ең соңында кім келе жатыр? 2-сурет. 1 Алма ағашы қайтті? Одан кейін….? Күзде ше? Қыста алма ағашының жапырақтары түгел түсіп қалды? 3-сурет. Ең алғаш рет балалар мектепке келді? Автобустың қай есігінен мінеміз? (артқы)

4-сурет. Сол жақта бірінші болып қандай үй тұр? т.б.

Сергіту сәті.

 ІҮ. Жаңа білімді бекіту. 1. Санауға жаттығу. 2. Қанша? нешінші? деген сұрақтарды салыстыру. 3. Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен реттік қатынас  туралы білдік.