Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар.
Тақырыбы : Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар.
Мақсаты : -ең үлкен ортақ бөлгіш туралы;
- өзара жай сандар туралы түсінік беру.
- берілген құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей отырып, олардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба білуге дағдыландыру
Дамытушылығы : оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі : оқушыларды инабаттылыққа , сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі : интерактивті тақта, топтама.
Сабақтың түрі : аралас сабақ .
Сабақ барысы : 1. ұйымдастыру.
- ұй тапсырмасын тексеру.
- жаңа сабақты түсіндіру.
- есептер шығарту.
- бекіту.
- үйге тапсырма.
- білімін бағалау.
Пысықтау сұрақтары :
- Натурал сандар деп қандай сандарды айтамыз ?
- Натурал санның бөлгіші дегеніміз не ?
Жаңа сабақты түсіндіру
18 санының бөлгіштері : 1,2,3,6,9,18.
30 санының бөлгіштері : 1,2,3,5,6,10,15,30.
18 және 30 сандарының ортақ бөлгіштері ; 1,2,3,6; ең үлкені 6 саны, яғни ЕҮОБ(18,30)=6
Берілген натурал санның ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әр қайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.
Мысалы № 1. 8,14,22 сандарының ЕҮОБ-ін табайық.
8-дің бөлгіштері : 1,2,4,8.
14- тің бөлгіштері : 1,2,7,14.
22-нің бөлгіштері :1,2,11,22.
ЕҮОБ(8,14,22)=2
Мысал №2. 25, 12 санының ЕҮОБ-ін тап.
25 –тің бөлгіштері : 1,5,25.
12-нің бөлгіштері : 1,2,3,4,6,12.
ЕҮОБ(25,12)=1
Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.
Есептер шығарту.
Сыныпта : № 299,300,302,303,304,308,310,313.
Үйге : № 306,307.
№ 299.
ЕҮОБ(35,60)=5 ЕҮОБ (31,93) =31 ЕҮОБ (6,16) =2
ЕҮОБ (75,90)= 15 ЕҮОБ (54,66)=6 ЕҮОБ (50,200)= 50
ЕҮОБ (30,45) =15 ЕҮОБ(27,81) =27 ЕҮОБ(32,48)=16
№ 300
ЕҮОБ (12,16)= 4 ЕҮОБ (36,90)= 18 ЕҮОБ (27,54,81)=27
ЕҮОБ(21,98) =7 ЕҮОБ (140,56)= 28 ЕҮОБ(18,120,138)=6
ЕҮОБ(42,56)=14 ЕҮОБ(110,154)=22 ЕҮОБ(11,22,44)=11
№301
ЕҮОБ(35,21,14)=7
Жауабы : 7тонна көмір әкелінді.
№ 304.
ЕҮБО (90,150,210) =30
Жауабы : 30 балаға жетеді
Бекіту : «жалауға кім бұрын жетеді ?»
Ойынға екі команда қарысады.
Ойын шарты баспалдақтағы санардың ЕҮОБ –ін табу керек, ол сандар баспалдақтың ең төменгі сатысында тұр.
48 және 64 | ||||||||||||||||
26 және 65 | 36 және 72 | |||||||||||||||
32 және 40 | 34 және63 | |||||||||||||||
12 және 36 | 15 және 45 | |||||||||||||||
6және16 | 9 және 15 | |||||||||||||||
12, 9, 16, 3, 7, 5, 13, 17, 15, 1, 36, 2, 8, 6. | ||||||||||||||||