Теріс сандарды, таңбалары әр түрлі сандарды қосуды қайталау
Сабақ тақырыбы: Теріс сандарды, таңбалары әр түрлі сандарды қосуды қайталау
Сабақ мақсаты: 1) Білімділік: теріс сандарды, таңбалары әр түрлі сандарды қосу тақырыптарынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу;
2) Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, білуге тиісті міндетті деңгейдегі
есептерді шығару дағдыларын дамыту, теориялық білімін практикада
қолдана білу, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,
шығармашылық ізденіске тәрбиелеу;
3) Тәрбиелік: өз ойын тиянақты, дәл айта білуге үйрету, сабақтағы
белсенділіктерін арттыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа үйрету
Сабақ түрі: қайталау, практикалық
Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарттар, слайдтар, тест тапсырмалары,
электронды оқулық
Сабақтың ұраны: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.(2 мин )
- Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)
- Қызығушылықты ояту
Проблемалық сұрақ қою:
- 499 + (– 498) + (– 497) + …+ 497 + 498+ 499 + 500 + 501?
Шешуі: – 499 + (– 498) + (– 497) + …+ 497 + 498+ 499 + 500 + 501 =
= 501 + 500 + (– 499 + 499) + (– 498 + 498) + (– 497 + 497) + …+ (– 1 + 1) + 0 =
= 501 + 500 + 0 = 1001.
Тақтада берілген есептерді шығарып, ережелерді қайталату( 3 мин)
Баспалдақ есептері:
-7,2 + 4,5
-1,3 +( -2,5)
65+(-35)
-36+42
-43 +(-21)
-26 +(-8)
- «Миға шабуыл» Тест тапсырмаларын шығару, тексеру ( жұппен жұмыс) (6 мин)
- Мағынаны тану Ойлы болсаң озып көр. Оқулықпен жұмыс
№ 478 (ауызша), № 479 А тобы
№ 483, № 486 (1,2) , №487 В тобы
№ 489 (1) С тобы (15 мин)
- Сергіту сәті (2 мин)
- Ой қозғау. Сәйкестікті тап (4 мин)
- Үйге тапсырма (3 мин)
№ 480 А тобы
№ 486 (3,4) , №487 В тобы
№ 489 (3) С тобы
- Оқушылардың білімін бағалау (3 мин)
Бағалау парағы:
р/с | Аты-жөні | Үй тапсырмасы | Кім жылдам? | Таңбалар ережесі
| Оқулықпен жұмыс | Тест | Қорытынды баға |
1 |
- Рефлексия. (2 мин)
- Қорытынды. (2 мин)
6 сынып
Тест тапсырмалары І — нұсқа
Есептеңдер:
- -5 +( -3)
А) -2 В) -8 С) 8 Д) 2 Е) -3
- 14+(- 5)
А) — 19 В) -9 С) 9 Д) 6 Е) 1
- -25 + 25
А) 50 В) — 50 С) -2 Д) 3 Е) 0
- а + 0
А) 0 В) — а С) а Д) 1 Е) -1
- 8,6 + (-15,4)
А) —6,8 В) 24 С) -24 Д) 6,8 Е) 7,2
- -30 + 58
А) -28 В) 24 С) 88 Д) 28 Е) -88
- (+45) + (—9) + (—91) + (+5)
А) 54 В) 100 С) -99 Д) 28 Е) -50
- (—21/2) + (+5/6) + (—0,5) + (+ 11/6)
А) 2,5 В) 1 С) —1 Д) -3 Е) 2
Тест тапсырмалары ІІ — нұсқа
Есептеңдер:
- -9 +( -4)
А) 5 В) 13 С) -13 Д) — 5 Е) 1
- 16+(- 7)
А) 23 В) -9 С) 9 Д) -1 Е) -23
- -15 + 15
А) 30 В) 0 С) -30 Д) 3 Е) 15
- 0 + в
А) в В) — в С) 0 Д) 2 Е) 3
- 3,9 + (- 5,6)
А) 1,7 В) 9,5 С) -1,7 Д) -9,5 Е) 0,5
- -20 + 36
А) 16 В) — 16 С) 56 Д) 14 Е) — 56
- (+35) + (- 8) + (- 92) + (+15)
А) -100 В) -50 С) 100 Д) 50 Е) 25
- (- 3,5) + 7+ (- 2,5) + 10
А) -2 В) -1 С) 11 Д) 0 Е) 8
Бағалау критерийі:
Әр есепке 1 ұпай беріледі.
8 ұпайға — 5
6-7 ұпайға – 4
4-5 ұпайға -3
1-3 ұпайға — 2 бағасы қойылады.
Кілті
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
1 нұсқа | В | С | Е | С | А | Д | Е | С |
2 нұсқа | С | С | В | А | С | А | В | С |