Үшбұрыштардың ұқсастығы
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың ұқсастығы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,таратпа қағаздар, кесте , слайдтар
Сабақтың әдісі: салыстыру әдісін қолдана отырып жаңа білімді өздігінен меңгеру, сұрақ-жауап, өздігінен ізденіс
Сабақтың өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.
Білімге жетелейтін үш жол бар :
Еліктеу жолы –ең жеңіл жол,
Ойлау жолы –ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы-ең қиын жол .
Конфуций.
Ұранымыз: « Ойлан,ізден!»
Балалар бүгін сабағымызды біз екі топтың жарысы түрінде ұйымдастырамыз
Алдын ала екі топқа бөлінген
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
- Тренинг
- Үйге берілген тапсырманы қайталау
- Жаңа сабақты өздігінен меңгеру/ екі топ болып постер құру, қорғау/
- Жаңа сабақты бекіту/ сұрақтарға жауап беру/
- Кесте толтыру
- Сергіту сәті
- Диктант
- Есептер шығару
- Сабақты бағалау
- Қорытынды
- Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг/ өз бойыңдағы 5 жақсы қасиетті айту/
Абай атамыздың 5 асыл ісін еске түсіру /талап,еңбек,терең ой, қанағат,рақым ойлап қой ,бес асыл іс көнсеңіз/
/ адамгершілік,мейірімділік, кешірімділік, адалдық,сыпайылық /
- Жаңа сабақты өздігінен меңгеруге бағыттау
- Үйге 7 сыныпта өткен үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қайталау берілген.
1.Оқулықты ашып үшбұрыштардың ұқсастығы деген ұғымды ажыратып алайық ;/ үшбұрыштар ұқсас болса,онда бұл үшбұрыштардың сәйкес бұрыштары өзара тең және сәйкес қабырғалары пропорционал/
2.математика тіліне аударып жазайық;
∆АВС ∆А 1В 1С1
Ð А=Ð А 1, Ð В=Ð В 1, Ð С=Ð С 1,
А 1В 1 =к А В , В 1С 1=к ВС, А 1С 1 =к А С
к= , к= , к= ,
3.Теңдік белгілеріне постер құру/ екі топ /,қорғау
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту /көрнекілікте жазылған сұрақтарға жауап беру/
1.Үшбұрыштар ұқсас болу үшін І белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болу керек/
- Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал, арасындағы бұрыштар тең болу керек/
- Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың үшқабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болуы қажет/
Есептер шығару : екі топқа бірдей кесте таратылады,тексеріледі/ екі топ бір-бірін тексереді/
Кесте
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау DАВС~ А1В1С1 | ||||||||||||
№ | АВС үшбұрышында | А1В1С1 үшбұрышында | ||||||||||
А | В | С | а | b | c | А1 | В1 | С1 | а1 | b1 | c1 | |
1 | 40о | 30о | ||||||||||
2 | 5 | 4,6 | 2,5 | ? | 2,3 | ? | ||||||
3 | 7 | 5 | 4 | ? | ? | 1,5 | ||||||
4 | 60о | 2 | 1 | ? | ? | 5 |
Сергіту сәті: музыка әуенімен екі қолымызды тіземізге қояйық, көзімізді жұмайық,кеудемізді кере демалайық, жасыл табиғат , таза ауаны жұтып-жұтып, болашаққа бір сәт киялдайық,өзімізге, барлық адамзат баласына жақсылық ,тыныштық тілейік! Тәтті қиялымыздан оянайық
Диктант бос орындарды қажетті ұғымдармен толықтыру
- Бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың__…__________
тең болу керек;
- Бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына__…__________ , арасындағы__…__________ тең болу керек
- Бір үшбұрыштың __…__________екінші үшбұрыштың үш қабырғасына __…__________ тең болуы керек
Есептер шығару оқулықтан
Сабақты бағалау
Т.А. | үй тапсыр-масы | жаңа сабақ | бекіту | кесте толтыру | диктант | Есеп шығару | Қорытынды баға |
Калиева Г. | 5 | 5 | 5 | 4 | 5 | 5 | 5 |
Запранов Ж. | 5 | 4 | 4 | 4 | 5 | 4 | 4 |
Карымсаков Б. | 4 | 3 | 4 | 3 | 5 | 4 | 4 |
Калиева Ж. | 4 | 3 | 4 | 4 | 4 | 3 | 4 |
Қорытынды
«Геометрияны білмейтін адам бұл үйге кірмей-ақ қойсын» деп ежелгі грек философы Платон өзінің мектебінің кіре берісіне жазып қойған дейді. 2000 жылдан астам бұрын айтылған бұл сөздер қазірде де өз күшінде деп айтуға болады. Себебі айналамыздан геометрия сұлулығын, геометрия кереметтерін көреміз. Ал геометрия математиканың бір бөлігі десек, онда біздің өмірімізге өте қажет. Сондықтан оған қызығушылықпен қарайық.
«Еліміз еңселі болсын десек,
Шәкіртіміз білімді болсын»
Оқушылар, сендер – Қазақстанның болашағысыңдар. Сондықтан сендер бәсекеге қабілетті білімді жастар болып жетілулерің қажет
Екі жұлдыз ,бір тілек . Сабақтағы екі сәтті орындаған тапсырманы және бір тілек жазу