Үшбұрыш және оның түрлері

Күні:

Пәні: Математика

Сыныбы:7 а

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:Үшбұрышпен  және оның түрлерімен  танысу.Үшбұрыштарға биіктік,биссектриса,медиана жүргізе білуге дағдыландыру,үшбұрыштың түрлерін ажырата білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:Оқулық,сызғыш,Фигуралар

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.1Сүйір бұрыш.2.Доғал бұрыш.3.Тік бұрыш.4.Жазыңқы бұрыш.

Үй тапсырмасын тексеру

Бақылау сұрақтары:

.Қандай бұрыштарды білеміз?/Әр топ өзінің аты берілген бұрыштардың анықтамасын айтып жіберсін/

Жаңа сабақ

Бір түзуде жатпайтын үш нүкте А,В,С берілсін.Осы нүктелер арқылы АВ,ВС,АС кесінділерін жүргізейік.Сонда АВС үшбұрышы пайда болады.∆АВС 3 қабырғасы,3төбесі,3 бұрышы бар.Яғни ,АВ,АС,ВС қабырғалары,А,В,С төбелері,<ВАС, <АСВ, <СВА бұрыштары.

А                                                         Олардың барлығы

үшбұрыштың элементтері деп

аталады.

В                             С                           <А, <В, <С       үшбұрыштың ішкі

бұрыштары  деп атайды.                                      a              c                        a                 c                                                     a                      c

hb                                          mb                                                                 lb

 

Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарына қарай

 

 

Әртүрлі  қабырғалы            Тең қабырғалы                  Теңбүйірлі үшбұрыш                              үшбұрыш                               үшбұрыш

 

Үшбұрыштың бұрыштарының шамаларына қарай

 

 

 

 

Сүйірбұрышты                          Тікбұрышты                      Доғалбұрышты

Оқулықпен жұмыс

№133

Топтық  жұмыс

Әр топқа 3 түрлі 3 үшбұрыш таратылады.Оқушылар осы үшбұрыштарға биіктік,медиана,биссектриса сызады.Топтың әр мүшесі қай үшбұрышқа не сызғандарын айтып өтеді.

Оқулықпен жұмыс №134

Топтық  жұмыс

Әр топқа әр түрлі фигуралар таратылады.Сол фигуралардан қабырғаларына,бұрыштарына қарай әртүрлі үшбұрыштар қиып көрсетеді.Әр топ мұшелері қандай үшбұрыш қиғанын айтып өтеді.

Сонда әр топ мүшелерінде бір-бір үшбұрыш қолдарында болады.Енді

Жеке жұмыс

Барлық оқушы қолдарындағы үшбұрыштардың периметрін табады.

Сергіту сәті

1.Тақ сан

2.Ұзындықты өлшейтін құрал

3.Бұрышты қақ бөлетін сәуле

4.Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш

5.Бұрышты өлшейтін құрал

6.Бір қабырғасы ортақ,қалған екеуі   толықтауыш болатын екі бұрыш

« Адасқан әріптер»

1.ЬЛАКИТРЕВ          2.АМЕРОЕТ      3.РАДМЫҒҰ         4.РТЕМИРЕП

САЛЙАБЫС           АМАТҚЫНА         ҚЫТҚЫЗАЖ         ШЫРҰБШҮ

Қорытындылау.Кез келген үшбұрыштың әрбір қабырғасы басқа қабырғаларының қосындысынан кем болады.

 

Үйге тапсырма :№141,146

Бағалау