Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына есептер шығару
№ 28 жалпы орта мектеп
Аты-жөні: Умирзакова А.Қ
Күні:30.03.2012ж
Сыныбы:5
Пәні:Математика
Сабақтың тақырыбы: « Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбына есептер шығару »
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті тексере отырып, оқушы білімін бағалау.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік.
Жай бөлшектерге амалдар қолдануға берілген есептерді тиімді тәсілмен шығара алуын қадағалау.Ұлттық салт –дәстүрмен байланыстырылған жалпылау, жинақтау сабағы .
б)Дамытушылық.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, танымдық қызығушылығын жетілдіру.
в)Тәрбиелік.
Ұқыптылыққа ,шапшаңдыққа, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой-түйіндеу.
Есептер шығару.
Көрнекіліктер:
Интерактивті тақта, тапқырлыққа арналған тапсырмалар, сандар жазылған қағаздар.
Сабақтың өту жобасы:
- Ұйымдастыру бөлімі:
— Амандасу.
— Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
-Оқушылардың көңіл күйін тексеру.
Орташа жақсы өте жақсы
Адам деген бөлшек. Оның алымы-басқалармен салыстырғандағы- адамның жақсы жағы; бөлімі адамның өзін-зі бағалауы. Өз алымын – өзінің жақсы жағын арттыру адамның еркінде емес, бірақ әрбір адам өзінің бөлімін – өзі туралы пікірін кеміте алады, сөйтіп осы кеміту арқылы кемелділікке жақындай түседі.
Л.Н.Толстой
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Мына оқиғалардың қайсыларының орындалуы мүмкін, мүмкін емес, ақиқат.
1.Балықтар сөйлейді.(мүмкін емес)
2.Машина тоқтап қалды.(мүмкін)
3.Суы бар ыдысты төңкергенде ондағы су төгіледі.(ақиқат)
4.Маймыл есеп шығарады.(мүмкін емес)
5.Су арықтан асып жатыр.(мүмкін)
6.Күзден кейін қыс келеді.(ақиқат)
- « Қайталау оқу- анасы ».
Ауызша сұрақ- жауап алу.
1.Дұрыс бөлшек дегеніміз?
2.Бұрыс бөлшек дегеніміз?
3.Аралас сан дегеніміз?
4.Жайбөлшектерді қосу?
5.Жай бөлшектерді азайту?
6.Жай бөлшектерді көбейту?
7.Жай бөлшектерді бөлу?
- « Кім жылдам» ауызша сұрақ жауаптар . Бұрыс бөлшекті аралас санға,аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр.
Кіріспе.
Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық.Қонақ келсе- құт келер.Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті. Оларға алдымен шай беріліп, содан соң қазанға ет салыныпты. Қонақтарға табақ тартылар кезде үй иесі әйеліне келіп:
« екеуара бір табақ таратсақ, бір табақ жетпейді. Үшеуара бір табақ таратсақ,
1 табақ артылып қалады»-дейді. Сонда қонақ неше кісі, табақ нешеу болғаны?
2(х+1)=3(х-1)
х=5(табақ), 12адам
Сұрақтар:
1.Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?(Сыйлы қонаққа)
2.Қандай жілік келінге берілмейді?(Кәрі жілік)
- Төс кімге тартылады?(Күйеуге)
4.Үлпершек деген тағам неден жасалады?(Жүректен)
5.»Жиен ел болмайды,желке ас болмайды”дегендегі “жиен” кім?(Күйеуге шыққан қыздың баласы)
Барлық малдарда сүйек жіліктерінің саны бірдей болғанымен жіліктері сан және қол жілік болып бөлінеді.
Жамбас,ортан жілік, асықты жілік-сан жіліктері, жауырын тоқпан жілік , кәрі жілік- қол жіліктері деп аталады.
Қабырға үшке бөлінеді:1.Бұғана қабырға.
2.Қара қабырға.
3.Сүбе қабырға.
Мойын омыртқа,ара омыртқа,қанатты омыртқа, ұша және құйымшақ омыртқа болып бөлінеді.
Табақ тарту. ( кәделі табақтар)
Бас табақ- жасы үлкен қарттарға аса сыйлы қонақтарға тартылады.Оған салынатын кәделі мүшелер: бас ,жамбас,ортан жілік , белдеме(жамбастың серігі), сүбе қабырға, қойдың ұлтабары,бір білем құйрық.
Жай табақ- ортан жілік бастаған,жауырын мен тоқпан жілік,қабырға омыртқа салынады.
Жастар табағының ең кәделі жілігі –асықты жілік пен төс сүйек,сүбе қабырға, омыртқа,бір білем құйрық.
Қос табақ- құда-құдағиларға тартылатын арнаулы табақ.Мұның да кәделі мүшелері бас табақпен пара- пар.Оның қос табақ деп аталатын себебі, ол құда –құдағилардың көпшілікпен бірге жеген қонақ асының үстіне әкелетін екінші тоқпан жілік болуынан.
Сый табақ- құда жекжаттың қатынасы болмаса да ерекше сый құрметке лайық адамдарға тартылатын қосалқы табақ.
5.Есептер шығару.
1-тапсырма. Бас табақ. Мәсел есеп.
Барлық алма үш жәшікке бөлініп салынды. Бірінші жәшікке 7 кг, екінші жәшікке 8 кг, үшінші жәшікке 6 кг. Барлық алма неше килограмм?
А) 20 Б) 21 С) 23 Д)24
6.Сергіту.
Натурал сандар мынылар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16……….
Осы сандардың ішінен 3-ке еселік сандардың орнына жаңылмаймын сөзін қойып айту.
Яғни, 1,2,жаңылмаймын,4,5,жаңылмаймын,7,8,жаңылмаймын……….
2-тапсырма. Жай табақ.Амалдарды орындаңдар.
- (1/2)
- (15/4)
- ( 10/3)
- (1/5)
3-тапсырма. Қос табақ.Теңдеуді шешіңдер.
1) х — 2 2) у — 5
х у
7.Ауызша. Сый табақ.Қас-қағым сәтте.
- Сабақты қорытындылау . «Білімді мыңды жығады».
Сәйкестендіру (жалғастыру)
- Алымы үлкен бөлшек ………………..(бұрыс бөлшек)
2.Бөлімі үлкен бөлшек …………………..(дұрыс бөлшек)
3.Бүтін мен бөлшек қосындысы…….(аралас сан)
9.Оқушылардың көңіл күйін тексеру.
Орташа жақсы өте жақсы
- Үй тапсырмасын беру.Түсіндіру.
1.Қайталау.Математикалық ребустар, сөзжұмбақ жазу.
- Төмендегі сөздерге тірек сөздер жазу.
Математика. Қазақстан.. ОТАН.
11.Оқушыларды бағалау.Бағалауды түсіндіру.
Математика туралы ұлы адамдар артына өшпес сөз қалдырғаны белгілі.Бүгінгі сабағымызды мына сөзбен аяқтасақ:
Математика -адам үшін, адам- математика үшін жаралған!
Математиканы білмейсің дұрыс өмір сүрмейсің!