Тақырыбы: Үлестер мен бөлшектер

Тақырыбы:    Үлестер мен бөлшектер

  Сабақтың мақсаты:

  білімділік: оқушылардың бөлшекті жаза алу, оқу қабілетін, санның үлесін табу және үлесі бойынша санды  табу қабілетін  жетілдіру; есептеу дағдысын арттыру;

  дамытушылық: оқушыларды логикалық ойлау, алған  білімдерін пайдалана білуге баулу;

  тәрбиелік: пәнге қызығушылығын  арттыру, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

  Сабақтың түрі: аралас сабақ.

  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, өзіндік, сатылай комплексті талдау, мақал-мәтелдер.

  Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жас талдар, «Бәйге»аттары т.б.

 

  САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тіл – халықтың ең ұлы байлығы.

  ІІ. Психологиялық икемдеу.

Оқу-білім болашағың, жас ұлан!

Қазақ тілі-қасиетті қазынаң.

Математика-бар ғылымның патшасы,

Ана тілің-асқақтатар асыл ән.

 ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

№7 а) Әр заттың көлемін тап:

Y-12*18*3=648

Y-5*2*4=40

Y-9*13*1=117

  1. «Үндемес» ойыны.

 

 

:70

 

 

  • 5 -100

 

 

+459                  7000                     :1000

 

 

 

  • 30 -900

 

  1. Тірек білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Тақтадағы  суретті мұқият қарап шығып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Фигуралардың боялған бөлігін білдіретін бөлшектерді жазады.

4/7;      7/12;      9/12;     3/10;      4/8.

 

Осы бөлшектерге сатылай комплексті талдау жасалады.

 

VІ. Оқулықпен жұмыс

 Көктем мезгілі. Жерге табиғатты көркейту үшін ағаш егейік. «Бір тал кессең, он тал ек», «Ағаш егу» ойыны.

№2  Есепте

І қатар

1/7-і=60         160-тың 1/8-і=              1/3-і =20 мин

ІІ қатар

500 1/?-і=10       1/8-і=    см             Аптаның 1/?= 1күн

ІІІ қатар

1/6 сағ=              1/25-і     =40 тг        1/2-і=500кг

 

  VII. Өткен материалмен жұмыс.

  №3 есепті шығару.

а) ғалымдардың есептеуі бойынша бір адамға қажетті калорияның тәуліктік мөлшері 2400 калория. Таңғы ас тәуліктік мөлшердің 1/4 бөлігін, ал кешкі ас 1/5 бөлігін  құрайтыны белгілі болса, таңғы, түскі және кешкі астан қанша калория алуы керек?

Ш: 1) 2400:4=600 калория – таңғы асқа.

2) 2400: 5=480 калория – кешкі асқа.

3) 2400- (600+480)=1320 калория – түсте.

VIII. Өзіндік жұмыс. «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

№4 есепті шығар.

    Мектептегі берілетін түскі асқа 25 оқушысы бар сынып үшін 6 күнде 5250 теңге жұмсалды. 30 оқушысы бар сынып үшін 2 аптаға неге теңге жұмсалды? 1 айға ше?

5250: 6=875 (тг) — күніне сынып үшін  жұмсалатын ақша

875:25=35 (тг) – 1 бала үшін

35*30=1050 (тг) – күніне 30 бала үшін

1050*12=12600 (тг) – 2 аптаға

12600*30=3780000 (тг)- бір айға.

   IX.Практикалық жұмыс.

Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

№6. Ұзындығы 10 см, ені 3 см тік төртбұрыш сыз, және оның 1/5 бөлігін боя. Тік төртбұрыштың боялған бөлігінің ауданы мен периметрін тап.

10*3=30() – тік төртбұрыштың ауданы.йнайық

30:5=6 –боялған бөлігінің ауданы.

(10+3)*2=26 (см) – тік төртбұрыштың периметрі

(3+2)*2=10 (см) – боялған фигураның периметрі.

  1. «Ойнайық та, ойлайық!» Логикалық тапсырма.

 №8 есепті шығар.

Әлихан бір сан ойлады. Ол санның ¼ бөлігін тауып, оған 45-ті қосқанда, нәтижесі 50-ге ең болады. Әлихан ойлаған санды тап.

 Шешуі: (50-45)*4=20

 XІ.  Бекіту

«Білім мен тәрбие егіз». Білім шыңына қош келіпсіздер!

 

 Жаппай жұмыс.

Сыныпта 25 бала бар. Оның 1/5 бөлігі кетіп қалды. Сыныпта неше бала қалды? Жауабы: 25:5/5 бала

 

Үйде 16 мысық пен ит бар. Оның 1/4 иттер. Үйде неше мысық бар? 16:4=4 мысық

 

24 торттың жартысы сатылды. Неше торт қалды? 12 торт қалды.

 

Даниярдың 300 теңгесі бар еді. Ол ақшасының жартысын жұмсады? Неше теңгесі қалды? 150 тг.

 

Автотұрақтағы 20 көліктің  1/4 қызыл түсті. Түсі қызыл емес көліктің саны қанша? 20:4=5 қызыл түсті емес.

 

XІІ.  Бағалау

 XIII. Үйге тапсырма.

№7. Өрнектердің мәнін тап