Туындыны табу ережелері тақырыбына есептер шығару.
Жас кезіңде алған білім,
Тасқа жазған жазумен тең.
Есейгенде алған білім,
Құмға жазған жазумен тең.
Сыныбы: 10 б
Сабақтың тақырыбы: Туындыны табу ережелері
тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:Оқушының туындыға қатысты білімін, туынды ережелерін қолдану шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру.Туынды ұғымы бойынша оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған;
ә) дамытушылық: Оқушылардың және түлғалық қасиеттерін
қалыптастыру, логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту;
б) тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту бір-біріне көмектесу адамгершілігін,өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Оқушылардың білімін, біліктілігін тексеріп, қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, есептеу,жеке , топтық,тест
Сабақтың көрнекілігі: Туынды ережелері жазылған плакат, интерактивті тақта, карточка, слайд.
Пәнаралық байланыс: Тарих,қазақ тілі
Сабақтың кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Негізгі бөлім
ІҮ.Сабақты қорытындылау
Ү. Оқушылар білімін бағалау
ҮІ.Үйге тапсырма
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: (1мин) Оқушылармен сәлемдесу;түгендеу; назарларын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (2—3 мин)Үйге берілген есептерді ауызша жауаптарын оқыта отырып дұрыстығын тексеру;
№141,145,146,148 жауаптары:
№141 а) -2/3х+3 Ә) х3+1 Б) В)-10х+1
№145ә) теңсіздігін шешіңдер f(x)=
5
Жауабы: (5;+
№144 а) -1 ә) 1
Қайталау-оқу айнасы «Туынды әлеміне саяхат» (2 мин)
Қайталау сұрақтары:( ауызша)
а) Туынды дегеніміз не?( Функцияның өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасының аргумент өсімшесі нолге ұмтылғандығы шегі бар болса, онда ол функциясының нүктесіндегі туындысы деп аталады.)
ә) Туындының белгіленуі: (у'(х))
б) у'(х) белгілеулерін енгізген кім?(Лагранж)
в) с;х; (хп)’ – неге тең?(0;1;nxn-1)
Математикалық диктант «Туынды әлеміне саяхат» (3-4 мин)
- Функцияның туындысын табу амалы (дифференциалдау)
- Тұрақты санның туындысы с,=?(0)
- Екі функцияның қосындысының ,айырмасының туындысы ()
- Екі функцияның көбейтіндісінің туындысы
- Екі функцияның бөліндісінің туындысы: ?
- 5х-тің туындысы : (5)
- Х2-тың туындысы : (2х)
- Х-тың туындысы : (1)
- туындысы : ()
- тың туындысы : (-)
ІІІ. Негізгі бөлім (20-25 мин) « Сен ғылымға болсаң ыңтық,бұл сөзімді әбден ұқ: Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер»
Ш. Құдайбердиев
- Оқулықпен жұмыс №149 есеп
№149,150,153 ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ тақтаға интерактивті тақтаға
- Деңгейлік тапсырмаларды орындау .Мұнда әр деңгейдегі карточкадағы үш деңгейдегі есептерді тарату..
- Ойна, ойла! Қалпына келтір Оқушылар кезекпен жатқан қиындыларды құрастырады.Шыққан сурет бойынша мақал немесе ұлағатты сөз, жұмбақ айтуы тиіс.
- f (х) =3х3-2х2-1 функуиясының туындысын тап
- f (х) = х2( 2х-1) функциясының туындысын тап
- f (х) = 13х2-7х+5 функциясының туындысын тауып, f ‘(0) мәнін тап
- F(х)=х3/3-х2+2 функциясының туындысын тауып, , f ‘(0) +f ‘(-1) өрнегінің мәнін тап
- f (х)=х3-3х2+7 туындысын тап f ‘(х)=3х2-6х
- Оқушы шығармашылығынан тарихи мағлұмат
- Дұрыс таңдау жасап, жауапты дұрыс табыңдар. Тест шешу
ІҮ.Сабақты қорытындылау: (5-6 минут)
«Білім – теңіз түбі де, шегі де жоқ»
Сәйкестендіру тесті тапсырмалары ауызша орындалады.
Ү. Оқушылар білімін бағалау: 2-3 минут
Сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай тиісті бағаларын қою
ҮІ.Үйге тапсырма: 1-2 минут
№151,152,155,156. 94-95 бет. Күнделіктеріне баға қою.