Биосфера құрамы. Биосферадағы тірі организмдердің қызметі. Биосфераның, ноосфераның пайда болуы және дамуы
Сыныбы: 11 “б”
Сабақтың тақырыбы: Биосфера құрамы. Биосферадағы тірі организмдердің қызметі. Биосфераның, ноосфераның пайда болуы және дамуы
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік:Биосфераның құрам бөліктері: тірі зат, түрлік құрамы, әртүрлілігі және биомассаға қосқан үлесі, биосфераның биосірескен және сірескен заттары (В.И.Вернадский) ілімдері туралы білім беру.
2.Дамытушылық: оқушылардың білімдерін лездемелік сұрақтар, биологиялық диктант, сәйкестендіру кестесі, тест, т.б. тапсырмалар орындату арқылы сабаққа деген қызығушылын арттыру.
3.Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге, шығармашылық ізденімпаздыққа, тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, биологиялық диктант, сәйкестік кестесі, кім жылдам сұрақтары, тест
Сабақтың көрнекілігі: слайд, электронды оқулық
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, химия
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Лездемелік сұрақтар
1-топ. Биологиялық диктант
2-топ. Сәйкестендіру кестесі
І-топ. 1. Биомассаның құрлық бетінде таралуы
2.Топырақ биомассасы
ІІ-топ. 1. Дүниежүзілік мұхит биомассасы
- Адамның ғаламшар биомассасына тигізетін әсері
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
ІҮ.Бекіту: 1.Кім жылдам сұрақтары.
- Тест
Ү.Қорытындылау:
ҮІ.Үй тапсырмасы:
ҮІІ.Бағалау:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес»
Лездемелік сұрақтар
1.Биосфера ұғымы нені білдіреді?
2.Жер ғаламшарының құрамында қандай сфералар бар?
3.Биосфераның қайсы аймағында тірі организмдер көп шоғырланған?
4.Литосфера, гидросфера жердің қандай қабаттары?
5.Атмосферада қандай қабаттар ажыратады?
6.Озон қабаты қандай биіктікте орналасқан және тіршілік үшін қандай маңызы бар?
7.Биомасса деген ұғым нені білдіреді?
8.Құрлық пен Дүниежүзілік мұхиттағы тірі организмдер биомассасын сипаттаңдар.
9.Фитопланктон, зоопланктон дегеніміз не?
10.Топырақ қабатының түзілуіне қандай жағдайлар әсер етеді?
І-топ. Биологиялық диктант
Биосфера терминін ғылымға алғаш рет……….жылы француз ғалымы ……………… енгізді.
Биосфера терминін геология ғылымына австрия ғалымы …………. ……… жылы кеңінен қолданды.
Биосфера жөніндегі алғашқы ғылыми ой-пікірлер атақты орыс ғалымы ……………… еңбектерінде де кездеседі.
Биосфера туралы тұтас ілімнің негізін көрнекті орыс ғалымы ………………………… ………… салды.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: ________________________, _________________, _____________________.
ІІ-топ.
Сәйкестендіру кестесі
1.Биосфера А)Жердің ауа қабаты
2.Атмосфера В) 15 км биіктікке аймақты қамтиды
3.Литосфера С)Су айдындары деп аталады
4.Тропосфера Д)Жер ғаламшарының тіршілік таралған қабығы
5.Гидросфера Е) Құрлықтың беткі қыртысты қабаты
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:
Биосфера құрамы. Биосферадағы тірі организмдердің қызметі. Биосфераның, ноосфераның пайда болуы және дамуы
Атомдардың биогендік миграциясы дегеніміз-биосферадағы кейбір белсенді химиялық элементтер атомдар күйінде бір организмнен екіншісіне немесе өлі табиғатқа, одан қайтадан организмдерге үздіксіз өтіп тұруы.
Биосфераның, ноосферның пайда болуы және дамуы.
1-ші кезең: сулы ортада тіршіліктің пайда болуы мен дамуы;
2-ші кезең:суда тіршілік ететін организмдердің бір-бімен селбесіп тіршілік етуінен, яғни жаңа тіршілік ортасы (организм иесі)пайда болады;
3-ші кезең:организмдердің құрлықта тіршілік етуге көше бастауы. Бұл кезеңде тірі организмдердің жаңа тіршілік ортасы-құрлықта, ауада, топырақта таралуы;
4-ші кезең: адамның пайда болуы мен оның тарихи дамуы;
5-ші кезең: биосфераның адамның ақыл-ой, санасы арқылы жаңа деңгейге, яғни ноосфераға көтерілуі.
ІҮ.Бекіту: 1. Кім жылдам?
1.В.И.Вернадский тіршіліктің негізіне қандай “заттарды” жатқызады?
2. “Биожанама заттарға” не жатады?
3. Биогендік миграция дегеніміз не?
4.Тірі организмдердің жинақтау қызметі дегеніміз не?
5. Биосфера тірі организмдердің қандай қызметтері бар?
6. Биохимиялық қызметі дегеніміз не?
7. Биосфера эволюциясында қандай негізгі кезеңдер болады?
8.Ноосфера ұғымы нені білдіреді?
Сергіту сәті
«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»
Қызыл түс – қуанышты көңіл-күй
Алқызыл – ұнамды көңіл-күй
Сары – жағымды көңілкүй
Көк – суық көңі-күй
Қоңыр – қиналған көңіл-күй
Күлгін – алаңдаушы көңіл-күй
Қара – күш қуаттың төмендеуі
Ақ – анықталмаған көңіл-күй
- тест І — топ
- Биосфера терминін алғаш рет ұсынған кім?
а) Э.Зюсс в) Ю.Либих с) Н.И.Вавилов д) В.Вернадский
- Биосферадағы тірі организмдергің газдық қызметі
А)Тірі организмдердің қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және өлген организмдердің
ыдырауы мен шіруі кезінде байқалатын қызметі
В) Тірі организмдердің құрамында Н, С, N, O, Na, Mg, Si, S т.б, элементтердің жеңіл
атомдарының көптеп болуы
С) Тірі организмдердің топырақ астында, гидросфера пайдалы қазбалар түзуге
қатысуы
Д) Тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде O, N, СО2, S, Н, СН4 т.б. тасымалдауы
- Биосферадағы биогенді миграция дегеніміз
А) Тірі организмдер құрамына кіретін бейорганикалық заттар айналымы
В) Тірі организмдер құрамына кіретін органикалық заттар айналымы
С) Тірі организмдердегі энергия айналымы
Д) Тірі организмдер құрамына кіретін элементер айналымы
- В.Вернадскийдің ілімі бойынша, биосферадағы биогендік миграцияға қатысады:
А) Микроорганизмдер және көпжасушалы жануарлар
В) Микроорганизмдер және көпжасушалы өсімдіктер
С) Адамнан басқа көпжасушалы организмдер
Д) Микроорганизмдер, барлық көпжасушалы организмдер және адам
- Антропогендік әсерден атмосферада жинақталған көмірқышқылгазы әкеледі
А) Көміртегінің қазба формалары: көмір, мұнай және табиғи газдың түзілуіне
В) Озон тесіктерінің пайда болуына
С) Фотосинтездеуші организмдерде органикалық заттардың қарқынды түзілуіне
Д)Климаттық ауытқуларға, мысалы “жылыжай эфектісіне”
- Биосфераның өзгеруі мен дамуындағы жаңа деңгей “саналы қабығы”
А) Ноогения В) ноосфера С) Ноогенез Д) Биогенез
- Ноосфера ілімінің негізін салған:
А) В.И.Вернадский В)Э.Зюсс С) В.В.Докучаев Д) М.И.Будыко
ІІ — топ
- Биосферадағы тірі организмдергің жинақтау қызметі
А)Тірі организмдердің топырақ астында, гидросфера пайдалы қазбалар түзуге қатысуы
В) Тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде O, N, СО2, S, Н, СН4 т.б. тасымалдауы
С) Тірі организмдердің қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және өлген организмдердің
ыдырауы мен шіруі кезінде байқалатын қызметі
Д) Тірі организмдердің құрамында Н, С, N, O, Na, Mg, Si, S т.б, элементтердің жеңіл
атомдарының көптеп болуы
- Биосферадағы тірі организмдергің тотығу-тотықсыздану қызметі
А)Тірі организмдердің қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және өлген организмдердің
ыдырауы мен шіруі кезінде байқалатын қызметі
В) Тірі организмдердің құрамында Н, С, N, O, Na, Mg, Si, S т.б, элементтердің жеңіл
атомдарының көптеп болуы
С) Тірі организмдердің топырақ астында, гидросфера пайдалы қазбалар түзуге
қатысуы
Д) Тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде O, N, СО2, S, Н, СН4 т.б. тасымалдауы
- Биосфераның құрамы:
А) Гидосфераның жоғарғы, атмосфераның төменгі қабаттырынан және литосфераны түгел қамтиды
В) Титосфераның жоғарғы, гидросфераның төменгі қабаттырынан және атмосфераны түгел қамтиды
С)Атмосфераның жоғарғы, гидрсфераның төменгі қабаттырынан және литосфераны түгел қамтиды
Д) Литосфераның жоғарғы, атмосфераның төменгі қабаттырынан және гидросфераны түгел қамтиды
- Биосферадағы тірі организмдергің биохимиялық қызметі
А)Тірі организмдердің қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және өлген организмдердің
ыдырауы мен шіруі кезінде байқалатын қызметі
В) Тірі организмдердің құрамында Н, С, N, O, Na, Mg, Si, S т.б, элементтердің жеңіл
атомдарының көптеп болуы
С) Тірі организмдердің топырақ астында, гидросфера пайдалы қазбалар түзуге
қатысуы
Д) Тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде O, N, СО2, S, Н, СН4 т.б. тасымалдауы
- Биосферадағы тірі организмдергің тотығу-энергетикалық қызметі
А) Тірі организмдердің құрамында Н, С, N, O, Na, Mg, Si, S т.б, элементтердің жеңіл
атомдарының көптеп болуы
В) Тірі организмдердің қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және өлген организмдердің
ыдырауы мен шіруі кезінде байқалатын қызметі
С)Бүкіл биосферадағы тіршіліктің қалыпты жүріп отыруына әсер ететін, фотосинтез кезінде түзілетін органикалық заттардың қоры
Д) Тірі организмдердің топырақ астында, гидросфера пайдалы қазбалар түзуге
қатысуы
- Адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы өзара байланысты басқару:
А) ноосфера В) Ноогения С) Биогенез Д) Ноогенез
- “Ноосфера” ұғымын ғылымға енгізген ғалымдар;
А) В.И.Вернадский, М.И.Будыко
В)Э.Зюсс, В.В.Докучаев
С) Э.Леруа, П.Тейярде Шарден
Д) В.В.Докучаев, В.И.Вернадский
ҮІ.Үй тапсырмасы: Биосфера құрамы. Биосферадағы тірі организмдердің қызметі. Биосфераның, ноосфераның пайда болуы және дамуы
ҮІІ.Бағалау: “5”- 30-40 ұпай “4”-20-30 “3”-10-20
Р/с | Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасын тексеру | Жаңа сабақты бекіту | Қорытынды | Баға | |||
Лездемелік сұрақтар | Биологиялық диктант | Сұрақ жауап | Кім жылдам | Тест | Жалпы ұпай | |||
Әр сұраққа 1 ұпай | 1 0 | 5 | 10 | 8 | 7 | 40 | “5”,“4”,”3” | |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
4 | ||||||||
5 | ||||||||
6 | ||||||||
7 |