Теңдеулер,теңдеудің түрлері,түбірлері.

Тақырыбы:  Теңдеулер,теңдеудің түрлері,түбірлері.

Өтетін күні: 14.11.13.

Топ: ШПМ-101

Пән: математика

Оқытушы: Тунгушбаева Мадина Жуматаевна

Сабақтын  мақсаты:Теңдеулерді шешудегі есептеу іскерліктерін,біліктерін, әдістерін жетілдіру;ойлау қабілеттерін, салыстыра және орынды қолдана білуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: шығармашылық потенциалдарын ашуға көмектесу, пәнге, оқуға деген дұрыс көзқарастарын нығайту, өзіндік және өзара бақылау қабілеттерін қалыптастырып.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өздігінен қорытынды

жасауға үйрету. Студенттердің ізденісін,ойлау, есте-сақтау, қабілеттерін дамыту.

Сабақтын  типі :   Қайталап жинақтау, қорыту сабағы

Сабақтың түрі:  Ойын  сабақ.

Әдіс тәсілдері:    Сұрақ-жауап, тапсырмалар, әр – түрлі есептер.

Пән аралық  байланыс: информатика,ағылшын тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар,бағалау фишкалары,таратпалар.

Сабақтың құрал – жабдығы: Power Point бағдарламасында жасалған

слайд, интерактивті тақта.

 

Сабақтын  барысы:

      І.  Ұйымдастыру  кезеңі:

А) Сәлемдесіп, түгелдеу. Сабақтың мақсатын айтып өтіп, оқушылардың  өткен тақырып бойынша алған білімдеріне шолу жасау. Топты екіге бөлу:

 

1-топ  Құралай студиясы

2-топ  Сымбат студиясы

       

Екі студент сабақтың соңында фишкларды жинап, қарсы топтың студенттерін бағалайды.


 

 

 

 

ІІ. Өткен тақырыпты жүйелеу.

 

 Ауызша сұрақтар қойылады:

  1. Теңдеу дегеніміз не?
  2. Теңдеудің қасиеттерін атаңдар.
  3. Теңдеудің түрлерін атаңдар.

 

 

 

ІІІ. Сабақты пысықтау. Екі топтың студенттері болашақ колледж түлектеріне жолсеріктер киім үлгісін құрастырып шығу керек. Жолсерік киімінің әрбір бөлшегін тапсырмаларды орындау арқылы құрастырамыз.

Тапсырма 1. Жолсеріктің бас иімін құрастыру үшін төмендегі кестені толтырамыз:

Бас киімнің бірінші бөлігіне берілген тапсырма.

 

 

 

Бас киімнің екінші бөлігіне берілген тапсырма.

 

 

Тапсырма 2. Жолсеріктің кеудешесін құрастыру үшін берілген  есепті шығарып,шыққан түбірлердің орысша, ағылшынша нұсқасын айту керек:

 

Кеудешенің бірінші бөлігіне берілген тапсырма:

 

Құралай студиясына:

 

1 – есеп. Теңдеулер жүйесін шеш:

 

2 – есеп. Иррационал теңдеуді шеш:

 

Сымбат студиясына:

 

1 – есеп. Теңдеулер жүйесін шеш:

 

    2 – есеп. Иррационал теңдеуді шеш:

Кеудешенің екінші  бөлігіне

берілген тапсырма:    

 Екі топқа  ортақ логикалық сөз есеп беріледі.

 

 

Жауабы 36 қаз

 

 

  1. Есептің теңдеуін құрыңдар: Бір топ қаз көл жағасынан ұшып барады.Оларды көрген жердегі бір қаз: « Ау, 100 қаз қайда ұшып барамыз» деген екен.Топ қаздың ішінен біреуі шығып: « Біз 100 емеспіз, 100 боламыз егер бізге тура осындай тағы бір топ қаз қоссаңыз, және соның жартысын және жартының жартысын қосып өзіңді қоссаң ғана 100 боламыз» деген екен сонда неше қаз ұшып барады.
  1. Тауық, қоян — 18, аяқтары — 56.Неше тауық? Неше қоян?

Жауабы 8 тауық ,10 қоян

 

Тапсырма 3. Бөлшек рационал теңдеулерді шешіңдер:

 

 

  1. Құралай студиясына:                                         2.  Сымбат студиясына:

 

 

 

 

Тапсырма 4. Тірек сызбасы:

Өткен тақырып бойынша схема құру.

 

Теңдеулер

 

ІІІ  Қорытынды. Балалар, біз жалпы «теңдеулер» тарауын қорытындылай келе, бугінгі сабақта не үйрендік? (Рефлексия сұрақтары)

 ІY Бағалау. Екі оқушы қарсы топтағы студенттерді бағалайды.Фишкалардың көмегімен жеңімпаз топты анықтаймыз.