Алгебра. 8 сынып. Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері
Алгебра. 8 сынып. Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тиімді тәсілдерін үйрету, олардың ерекшеліктерін танытып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылған оқу-әдістемелік
құралдар: Интерактивті тақта, кубик, әртүрлі тапсырмалар
Сабақтың жоспары :
- Ұйымдастыру бөлімі
- Ой толғау сәті (сұрақ-жауап)
- Біліміңді тексер (деңгейлік тапсырма )
- «Ойланайық, кім ойшыл?»
- «Кім жылдам?»
- Қорытындылау
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлематсыздар ма, балалар?
Біздер өткен сабағымызда «Квадрат теңдеуді шешудің әдістері» тақырыбымен танысқанбыз. Енді квадрат теңдеулер туралы не білесіңдер,сол туралы ой қозғап, білгенімізді жинақтап көрейік .
- Ой толғау сәті
- Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады ?
- Егер ах2 +вх+с=0 теңдеуіндегі в немесе с нөльге тең болса, онда ондай теңдеулер қандай теңдеулер болады ?
- Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістері бар ?
Әдістері:
- Көбейткіштерге жіктеу
- Екімүшенің квадратын айырып алу
- Формула арқылы шешу
- Виет теоремасы бойынша шешу
- Графиктік тәсілмен шешу
- Квадраттық теңдеулердің коэффиценттерінің қасиеттері арқылы шешу
- Асыра лақтыру әдісі
III. Біліміңді тексер
Қазір тақтаға шығып берілген тапсырманы қорғайсыңдар.
х2+8х-9 =0
- Көбейткіштерге жіктеу тәсілімен
- Екімүшенің квадратын бөліп алу әдісімен
- Формула арқылы шешу
- Виет теоремасы бойынша
Міне, балалар бір есепті бірнеше тәсілмен шығардық, бірақ жауап біреу.
- «Ойланайық, кім ойшыл ? »
Балалар, енді біздер квадраттық тәсілдердің әдістерін қолдану, салыстыру, дәлелдеуге байланысты тапсырмаларды орындаймыз. Мына кубиктің төрт жағындағы тапсырмаларды орындаймыз.
Дәлелдеңіз: График арқылы квадраттық теңдеудің шешу жолын дәлелдеңіз.
х2-х-6=0
Салыстырыңыз: Квадраттық теңдеулердің шешу әдістерін салыстырыңыз
х²-4х -5 = 0 х² — 4х -5 = 0
х1+х2 = 4 x2 — 5x + x – 5 = 0
x(x-5)+(x-5) = 0
x1·x2 = -5 (x-5)(x+1) = 0
x-5 = 0 x+1 = 0
x1 = 5 x = 5 x = -1
x2 = -1
Қолданыңыз:
a=1, b=5, c=-6
Коэфиценттерді қолданып, квадраттық теңдеу құрастырыңыз.
х2 +5х -6 =0
Зерттеңіз:
Асыра лақтыру әдісі арқылы белгісіз мүшені тауып, түбірлерін зерттеңіз
2x2+9x-9=0
2 коэффициентін теңдеудің бос мүшесіне асыра лақтырамыз, нәтижесінде
y2+9y-18=0 теңдеуін аламыз.
y1=6 x1=6/2 x1=3
y2=3 x2=3/2 x2=1.5
- Кім жылдам ?
Тест
- –x2 + 14x + 48 квадрат үшмүшеден толық квадратты айырыңдар.
А. (х + 7)2 – 1; B. (х + 7)2 + 1; C. (х – 7)2 – 1; D. –(х – 7)2 + 97.
- 2х2 – 10х + 12 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер.
А. (2х – 4)(х + 3); B. 2(х – 2)(х – 3); C. 2(х + 2)(х + 3); D. (х – 2)(х – 3).
- х1 = 2,5 және х2 = -3 деп алып, квадрат үшмүшені жазыңдар.
А. х2 – 5,5х + 7,5; B. х2 – 0,5х – 7,5; C. х2 – 5,5х – 7,5; D. х2 + 0,5х – 7,5.
- х2-4х+4
х2-9х+14
Бөлшекті қысқартыңыз.
А. (х + 2) B. (х – 2) C. (х – 2) D. (х + 2)
(х – 7) (х + 7) (х – 7) (х + 7)
- 7х2 – 31х – 6 = 0 теңдеуінің дискриминантын есептеңіз.
А. D=1129; B. D=919; C. D=793; D. D=1003.
- Берілген теңдеулердің арасынан келтірілген квадрат теңдеуді көрсетіңдер.
А. 5x2 – 29=0; В. –x2 + 2x – 4.8=0; С. x3 + x2 + 12x=0; D. x2 – 0.7x – 0.75=0.
- 3x2 + 6.1x – 5.4 = 0 квадрат теңдеуін шешіңдер.
А. x1= -2.7 және x2= 2/3; C. x1=5.4 және x2=4/3;
- x1= 2.7 және x2=-2/3; D. x1=5.4 және x2=-4/3.
- 20х2 + х – 12 = 0 теңдеуінің теріс түбірін табыңдар.
А. -3/4; В. -4/5; С. -3/2; D. -8/5.
- 4x2 – 9=0 теңдеуінің коэффиценттері мен бос мүшесін табыңдар.
А. a=4, b=0, c=9; B. a=-4, b=0, c=9; C. a=4, b=0, c=-9; D. a=4, b=1, c=9.
- x-тің қандай мәндерінде x4 + 0.2x3 – 0.35x2 өрнегінің мәні нөлге тең болады?
А. 0.7; 0; -0.5; B. 0.5; -0.7; C. -0.5; 0; 0.7; D. -0.7; 0; 0.5.
Қорытынды: Оқушылар! Квадрат теңдеулерді шешуде әртүрлері әдістерді қолданудың ұтымдылығы неде?
Үйге тапсырма: Квадраттық теңдеулерді шешу әдістеріне әрқайсысынан 7 есеп тауып, шығарып келу.
Бағалау.
Қосымша: Презентация материалдары