Сабақтың тақырыбы: «Төртбұрыштар» тақырыбын қайталау

Сабақтың тақырыбы: «Төртбұрыштар» тақырыбын қайталау

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Формулаларды пайдалана отырып, теориялық  білімдерін толықтырады, есептерді талдай білуге, түсіне білуге үйренеді.

Дамытушылық: алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастырады.

Тәрбиелік: Оқушылар ұйымшыл болуға, топпен жұмыс істейге, жауапкершілікке, тиянақтылыққа үйренеді.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, семинар-практикум.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сыныпты топқа бөлу.

  1. Негізгі бөлім.

І-кезең. Қызығушылықты ояту.

Әр топқа сұрақтар беріледі, сол бойынша оқушылар өз топтарымен ассоциациялық карта сызады, яғни қағазға  таңдап алған фигураларына қатысты барлық мәліметті бірлесіп жазып шығу керек.

І-топ. Трапеция.

ІІ- топ. Параллелограм.

ІІІ–топ. Ромб.

ІҮ –топ. Квадрат.Тіктөртбұрыш.

ІІ –кезең. Есептер шығару.

Ауызша:

№1. (ауызша есепте). Ромбының бір бұрышы 50 градусқа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап.

№2. (ауызша есепте). Параллелограмның екі бұрышының қосындысы 1700. Параллелограмның бұрыштарын тап.

№3. (ауызша есепте). Тіктөрбұрыштың қабырғалары 14 см және 19 см. Тіктөртбұрыш периметрін тап.

№4. (ауызша есепте). Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмының ауданын тап.

Есептеу есептері:

№1. Көршілес қабырғалары 2см және 5см параллелограмның ауданы 5см2. Параллелограмның  биіктіктерін табыңдар.

№2. Трапецияның орта сызығы 7см, табандарының бірі екіншісінен 4см-ге артық. Биіктігі 6см. Ауданын тап. 

№3. ABCD параллелограмының А төбесінен жүргізілген биссектрисасы ВС қабырғасын Е нүктесінде қиып өтеді. ВЕ=7 см, ЕС=5 см болса, параллелограмның периметрі неге тең?

№4. В бұрышы 600 және АС=10,5см болатын АВСД ромбысының периметрін табыңдар.

ІІІ-кезең. Тест тапсырмасы.

  1. Төртбұрыштың барлық бұрышы келесісінен екі есе үлкен. Төртбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

А. 140; 280; 560; 1120.    В. 240; 480; 960;1920.   С. 180; 360; 720; 1440.

  1. Теңбүйірлі трапецияның бір бұрышы 680. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңдар.

А. 680; 1220; 680; 1220.    В.680; 680; 680;680.   С. 680; 1120; 680; 1120.

  1. Трапецияның периметрі 48см, параллель емес қабырғалары 15 см мен 13см. Трапецияның орта сызығын табыңдар.

А. 12см;             В. 10см.                С. 20см.

  1. Трапецияның орта сызығы 8см, ал бір табаны 6см. Басқа табаны неге тең?

А. 12см;             В. 10см.                С. 20см.

  1. Ромбның бір диагоналі қабырғасына тең болса, оның бұрыштарын есепте.

А. 600; 1200; 600; 1200.     В.800;1000; 800; 1000.    С.300; 600; 300; 600.

Кілті: ВСВВА

ІҮ-кезең. Сергіту сәті. Үшбұрыштардан фигуралар құрастыру. Бұл кезеңде алдын ала қиылып дайындалған теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштардан /әрине, бүйір қабырғасының өлшемін айтып кету қажет/ белгілі өлшемге сәйкес фигуралар, төртбұрыш, квадрат, трапеция, параллелограм құрастыру керек. Топ болып сайысады.

Мысалы, 1. Биіктігі 4 см болатын трапеция; 2. Табандары   12 см және  4 см болатын трапеция; 3. Бір бүйір қабырғасы  8 см  болатын  тік бұрышты трапеция; 4. Табандары  4 см және  25 см болатын трапеция. Әр топқа: Ауданы 32см2-ге тең  бірнеше фигура құрастыру керек.

Ү-кезең. Кестені толтыр./интерактивті тақтаны қолдана отырып, оқушылар кестені толтыру керек/

ҚасиеттеріҚарама-қарсы бұрыштары теңҚарама-қарсы қабырғалары теңҚарама-қарсы қабырғалары паралельДиагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінедіДиагональдары тік бұрыш жасай қиылысадыБарлық бұрыштары тікДиагональдары биссектриса боладыДиагональдары теңБарлық қабырғалары теңБарлық бұрыштарының қосындысы 3600
Фигуралардың атауы
Тіктөртбұрыштар 

Параллелограмм

+++++
 

Тіктөртбұрыш

+++++++
 

Ромб

++++++++
 

Квадрат

++++++++++
Трапеция+++

Қосымша есептер:

Параллелограмның қабырғалары 4 см және           см. Егер оның ауданы 12 см2 болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын табыңдар.

ҮІ-кезең. Тарихи мәлімет.

  1. 3. Қорытындылау. Бағалау.