Теңдеулер шешу әдістері
Алматы облысы Қарасай ауданы «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі
Абдуллаева Гулнара Джалгасовна
11- сынып
Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер шешу әдістері
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың мақсаты:
— Теңдеулер шешудің негізгі тәсілдерін жалпылау. «Салдар — теңдеу» ұғымымен таныстыру, теңдеулерді салдар-теңдеуге келтіру үшін оларды түрлендіруді үйрету.
- Оқушылардың білім,білік дағдысын жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту
- Топтық ынтымақтастыққа,ізденуге,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Топтау. Сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: Плакат-таблица , тест тапсырмалары
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
- Жалпы білім тексеру(Ой қозғау, ассоциация құру)
3.Жаңа сабақ түсіндіру ЖИКСО (қызығушылығын ояту)
4.Бекіту (мағынасын ашу)
- Үйге тапсырма беру
6.Қорытындылау.
- Ассоцация құру:
Теңдеулер |
Алгебралық теңдеулер |
Трансценденттік теңдеулер |
Рационал теңдеулер |
Иррационал теңдеулер |
Бүтін теңдеулер |
Бөлшек-рационал теңдеулер |
Сызықтық теңдеулер |
Квадрат теңдеулер |
Жоғарғы дәрежелі теңдеулер |
Тригонометриялық теңдеулер |
Көрсеткіштік теңдеулер |
Логарифмдік теңдеулер |
Кейбір теңдеулер шешу жолдарын атап кету.
- Көптеген теңдеулерді түрлендіру «салдар-теңдеу» ұғымымен байланысты.
Анықтама: Егер ƒ (x) = g (x) теңдеуінің әрбір түбірі p(x)=φ(x) теңдеуінің түбірі болып табылса, онда соңғы теңдеу алдыңғы теңдеуге қатысты салдар-теңдеу деп аталады.
Салдар теңдеуге келтіретін кейбір түрлендіруді қарастыру үшін ЖИКСО әдісін қолдану.
Топтарға тапсырма беру.
- Теңдеуді натурал дәрежеге келтіру
- Теңдеуді логарифмдеу және потенциалдау
- Формулаларды қолдану
Берілген тапсырмаларды оқу, талдау түсіндіру, мысалдар қарастыру.
Бірнеше түрлендіруді қолдану әдісін қарастырумен жаңа білімді қорытындылау.
Мысалы: √х+1+√х+6=√2х+9 тендеуін шешу.
4.Мағынаны ашу (есептер шығару)
№328,329,330 (1)
Тест алу:
Тест тапсырмалары
- -3=1+ -4. (З)
- =1 (С)
- 3ª- 6=21 (Т)
- -14=2 (А)
- )=2 (И)
- √x+11-√x-1=2 (М)
- =1 (Ы)
- (Н)
- (Л)
- 3 (Д)
Тест жауаптарының шешімі дұрыс болса Астана, Алматы, Азиада сөздері шығады.
Тест шешімі:
4 | 2 | 3 | 4 | 0,8 | 4 |
4 | 0,5 | 5 | 4 | 3 | 0 |
4 | 1 | 7 | 4 | 6 | 4 |
Бағалау:
5.Үйге тапсырма беру: №331-333
6.Қорытындылау: сөйлемді аяқтау: Бүгін мен…….