Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер
Сабақтың типі: Қорытындылау сабақ
Сабақтың түрі: Аукцион сабағы (бәсеке сауда сабағы)
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік— оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп , жинақтау, жүйелеу.
2) дамытушылық –логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру ,белсенділіктерін арттыру. Сабаққа қызығушылықты қалыптастыру, ұзақ есте сақтауына көмектесу.
3) тәрбиелік— оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Өмірге көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, «жауабына кілт» кестесі,аукционда сатылатын заттар мен құралдар.
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.
2 Сұрақ-жауап (ауызша).
3 Толымсыз теңдеулер шешу.
4 Толық квадрат теңдеулер шешу («Ғажайыптар алаңы» ойынынан үзінді).
5 Сандық мақал-мәтелдер.
6 Бөлшек- рационал теңдеулерді шешу.
7 Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау.
1 Ұйымдастыру кезеңі.
2 Сұрақ-жауап (ауызша).
1-сұрақ: квадрат теңдеулерінің анықтамасын беріңіз.
Жауабы: ах2+вх+с=0 түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады. Мұндағы а ,в,с-
сандар, х-айнымалы,а≠0
2-сұрақ: Келтірілген квадрат теңдеуінің анықтамасын беріңіз.
Жауабы: Егер квадрат теңдеуінің бірінші коэффициенті а=1 болса, онда квадрат теңдеу
келтірілген деп аталады.
3-сұрақ: Толымсыз квадрат теңдеулер деген не?Олардың үш жағдайын көрсет.
Жауабы: 1) в=0 2) с=0 3) в=0, с=0
ах2+с=0 ах2+вх=0 ах2=0
ах2=-с х(ах+в)=0 х2=0
х2=-с/а х1=0; ах+в=0 х=0
х1,2=±√-с/а ах=-в х1,2=0
Мұндағы: с>0,а<0 х2=-в/а
Немесе а>0,с<0
4-сұрақ: Дискриминантты қай формуламен табу қажет?
Жауабы: D=в2-4ас
5-сұрақ: Дискриминанттың үш жағдайын көрсетіңіз.
Жауабы:1) D>0 2)D=0 3)D<0
2 түбір 1 түбір түбірі жоқ
Х1,2= (-в±√D)/2а Х= -в/2а
6-сұрақ: интерактивтік тақтамен жұмыс (кесте)
№ | Сұрақ: теңдеудің түрін және коффициенттерін ата | Жауап(оқушылар кестеге жазады) |
1 | 3х2-8х -3 = 0 | Толық,а=3,в= -8, c=-3 |
2 | х2+2х -9 = 0 | Келтірілген |
3 | 2х2+6х = 0 | Толымсыз,с=0 |
4 | 7х2= 0 | Толымсыз,в=0,с=0 |
5 | х2-16 = 0 | Толымсыз,в=0 |
7-сұрақ:Бөлшек-рационал теңдеу деген не?Оны қалай шешу керек?
Мұғалім: ал, балалар,енді осы білімімізді бүгінгі қорытынды сабақ- «Бәсеке сауда» сабағында көрсетейік.Осы тақырып бойынша әркім өз білім деңгейін іс жүзінде көрсетіп, бәсеке саудаға түскен заттарды сатып алуға ат салысып , ұқыпты ,жинақты жауап беру қажет.
3 Толымсыз теңдеулер шешу(тақтада жұмыс).
Бәсеке саудаға 4 зат (4 қалам) шығарылады. Оны сатып алу үшін тапсырманы орындау керек.4 оқушы тақтаға шығады.
1) 2х2-50=0 2) 4х2-20х=0 3) 9х2-81=0 4) 7х2-14х=0
2х2=50 4х(х-5)=0 9х2=81 7х(х-2)=0
х2=25 4х=0 х-5=0 х2=9 7х=0 х-2=0
х1,2=±5 х1=0. х2=5 х1,2=±3 х1=0. х2=2
4 Толық квадрат теңдеулер шешу («Ғажайыптар алаңы» ойынынан үзінді,
топтық жұмыс).
Бәсеке саудаға 4 зат (4 дәптер) шығарылады. Оны сатып алу үшін орындалатын тапсырма- «Ғажайыптар алаңы» ойынының ережесі бойынша кестедегі жасырынған есімдері квадрат теңдеулермен байланысты атақты ғылымдарды табу.
Сынып 4 топқа бөлінеді.
Барлық топқа негізі ретінде берілетін кесте:
№ | Теңдеулер | жауаптары |
1 | 2х2 – 8х – 10 = 0 | -1;5 |
2 | -х2 +6х + 16 = 0 | -2;8 |
3 | х2 – 8х = 0 | 0;8 |
4 | 5х2 – 18х + 16 = 0 | 1(2/3);2 |
5 | (1/3)х2 +2(2/3)х – 3 = 0 | -9;1 |
6 | 7х2 + 8х + 1 = 0 | -1;-1/7 |
7 | -2х2 +1,7х + 0,3 = 0 | -3/20;1 |
1-топқа тапсырма :
5 | 1 | 7 | 3 | 6 | 7 | 4 |
Жауабына кілт:
А | Б | К | Р | С | Х | Я |
-3/20;1 | -9;1 | -1;-1/7 | 1(3/5);2 | 0;8 | -1;5 | -2;8 |
Жауабы: Бхаскар
2-топқа тапсырма :
3 | 6 | 2 | 4 | 5 | 1 | 7 |
Жауабына кілт:
Ь | Е | Т | Ф | Ш | Л | И |
-3/20;1 | -9;1 | -1;-1/7 | 1(3/5);2 | 0;8 | -1;5 | -2;8 |
Жауабы: Штифель
3-топқа тапсырма :
4 | 5 | 2 | 7 | 1 | 6 |
Жауабына кілт:
А | Е | Т | Д | Я | Р | К |
-3/20;1 | -9;1 | -1;-1/7 | 1(3/5);2 | 0;8 | -1;5 | -2;8 |
Жауабы: Декарт
4-топқа тапсырма :
4 | 5 | 2 | 6 | 5 | 1 | 3 |
Жауабына кілт:
Я | А | Д | К | О | Н | Р |
-3/20;1 | -9;1 | -1;-1/7 | 1(3/5);2 | 0;8 | -1;5 | -2;8 |
Жауабы: Кардано
5 Сандық мақал-мәтелдер.
Бәсеке саудаға 8 зат (8 сызғыш) шығарылады. Оны сатып алу үшін орындалатын тапсырма- сандық мақал-мәтелдер айтып беру.(8 теңдеу шешу қажет)
1 Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,…
х2 – 10х + 24 = 0 D=4 х1= 6; х2= 4
Жауабы: төртеу түгел болса,төбедегі жетеді.
2 Ұлға отыз үйден,…
х2 – 70х + 1200 = 0 D=100 х1= 40; х2= 30
Жауабы: қызға қырық үйден тыю.
3 Жақсы жігіт он бесінде де жас емес,…
х2 – 115х + 1500 = 0 D=7225 х1= 15; х2= 100
Жауабы: жүзге келсе де пәс емес.
4 Білімді мыңды жығады,…
х2 – 1001х + 1000 = 0 D=998001 х1= 1; х2= 1000
Жауабы: Білекті бірді жығады.
5 Жігіт сегіз қырлы,…
х2 – 9х + 8 = 0 D=49 х1= 8; х2= 1
Жауабы: бір сырлы.
6 Білгенің бір тоғыз,…
х2 – 108х + 891 = 0 D=8100 х1= 9; х2= 99
Жауабы: білмегенің тоқсан тоғыз.
7 Жігітке жеті өнер де аз емес,…
х2 – 77х + 490 = 0 D=3969 х1= 7; х2= 70
Жауабы: жетпіс өнер де көп емес.
8 Бір тал кессең,…
х2 – 11х + 10 = 0 D=81 х1= 1; х2= 10
Жауабы: он тал ек
6 Бөлшек- рационал теңдеулерді шешу.
Бәсеке саудаға 4 зат (4 маркер) шығарылады.
Тапсырма — бөлшек- рационал теңдеулерді шешу.Тақтаға 4 оқушы шығады.
1) 5х-7 = 4х-3
х-3 х Жауабы: -9;1
2) 2х2+3х = х-х2
3-х х-3 Жауабы: -4;0
3) 5х-2 = 6х-21
х+2 х-3 Жауабы: -12;4
4) х-7 = х+4
х-2 х+2 Жауабы: -3;6
7 Оқушыларды бағалау. Сабақты қорытындылау.