Сабақтың тақырыбы: Тараулар бойынша қайталау.

Математика пәнінен тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өткізудің нәтижесі оқушының белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттырары сөзсіз.7-сыныптың алгебра курсын қайталауға арналған дәстүрлі емес сабақ түрін ұсынып отырмын.

1.Сабақтың тақырыбы: Тараулар бойынша қайталау.

2.Сабақтың мақсаты:    1) Өтілген тақырыптар бойынша қайталау есептерін шығару;

2) Өз бетімен ізденісін , пәнге қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін   дамыту;

3) Өз бетімен еңбектенуге баулу;

  1. Түрі : сайыс сабақ.
  2. Көрнекілігі: үлестірмелі карточка, тест тапсырмалары, слаидтар.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А)  Топтарға бөлу, топ басшысын анықтау.

Ә)   Бағалау тәсілі .

  1. Білімпаз. 2. Ойшыл. 3. Кемеңгер.     4. Тапқыр.
  2. Кіріспе бөлім

   I тур.    А) Топтардың амандасуы.

1-топ .  Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,

Жалындаған  жастармыз біз көктембіз.

Мақсатымыз биіктерден көріну,

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.

2-топ.     Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір –теңіз, жүзіп  келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

3-топ.   Құлақ түріп тыңдаңыздар жарандар,

Кеудемізде толқындаған жыр –ән бар.

Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз,

Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.

4-топ.    Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.

  1. Негізгі бөлім.

   II тур.  «Кім жылдам?» (карточкамен жұмыс).

(Натурал көрсеткішті дәреже , оның қасиеттері тарауы бойынша)

  • А3 * а5 ; 1) с10 * с3 ;                            1) а11 * а6 ;               1)с9 * с15 ;
  • А3 / а 7 ;          2) с4 / с10 ;                            2) а3  / а5 ;                2) с6 / с9 ;

III тур. «Жауабын тап» (Қысқаша көбейту формулалары бойынша жіктеу)

1)х2 – 9  ;                 1) а2 – 16 ;                         1) с2 – 25 ;                1) с2 – 4 ;

2)  (х + 3 )2 ;             2)  (а + 4)2 ;                     2) (с + 5 )2  ;              2) (с + 2)2 ;

 

IV тур. «Жалғасын тап» ( мақал –мәтелдердің жалғасын айту).

  1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
  2. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
  3. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
  4. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
  5. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
  6. Бір елі ауызға – екі елі қақпақ.
  7. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
  8. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, еменнің иілгені – сынғаны.

     V тур. «Кім тапқыр ?» ( топ басшыларына күрделі 1 есеп  беріледі).

VI тур. «Сен білесің бе?» (логикалық сұрақтар)

  1. Егер 3 ат 60 км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді? (60 км )
  2. 1 кг жүн ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма ?    (тең )
  3. 2 адам 4 сағат шахмат ойнады, олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
  4. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 минут)
  5. Айдос туған күнін төрт жылда бір рет атап өтеді. Неліктен? (29 ақпанда туылған)
  6. Бір жұмыртқа бес минутта піседі, ал бес жұмыртқа ше? (5 минут)
  7. Сағат үшті көрсеткенде оның сағаттық және минуттық тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік бұрыш)
  8. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар (алты)
  9. Қорытынды

Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол-еңбектену жалықпау!

Әділқазы қойылған балл бойынша жеңімпаз топтарды марапаттау, топ мүшелеріне баға қою.

Үйге тапсырма. Математикалық терминдерге сөзжұмбақ құрастыру.