Қосу және азайту
- Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту. 22 бет
Сабақтың мақсаты: 1. Қосу және азайту таңбаларымен таныстыру (+)және(-) таңбаларын енгізу арқылы қосу және азайту амалдарын жазуды үйрету. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Қосу және азайту амалдары ұғымын қалыптастыра отырып, олардың негізінде топтарды біріктіру және ажырату екенін көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ: а) Үлестірмелі материалдардың көмегімен 1+1 деп жазып, 2-1 түсіндіру.
ә) Оқулықпен жұмыс: Сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру. 1 шаршыға тағы 1 шаршыны қосқанда 2 шаршы болады. 1+1=2 1 дөңгелекке 1 дөңгелекті қосқанда 2 дөңгелек болады. 1+1=2 2 дөңгелектен 1 дөңгелекті алып тастаса,1 дөңгелек қалады. 2-1=1
Сергіту сәті:
Бірден кейін тұрамын Бірден кейін тұрағым.
1-ді 1-ге қосқанда Мен шығамын шырағым.
Ү. Жаңа білімді бекіту.
1) Бір бала сабаққа ерте келді.Одан кейін тағы бір бала келді. Қанша бала болды.
2) Дәптермен жұмыс
«+».»-«таңбаларын қандай жағдайда қолдану керектігін түсіндіріп торқөздерге қажет сандарды жазу.
Ұзындығын салыстыру.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен +,- таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?
ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау