Төртбұрыштар тарауын қайталау
Сабақтың тақырыбы: | Төртбұрыштар тарауын қайталау | |||
Жалпы мақсаттары: | Оқушылардың төртбұрыштар туралы білімдерін кеңейту.Төртбұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана білу бейімділіктерін арттыру | |||
Сілтеме: | 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2. «Геометрия» оқыту әдістемесі. /Ә.Н.Шыныбеков/ 3. 8-сыныпқа арналған «Геометрия» оқулығы / авторлары Ә.Н.Шыныбеков/ | |||
Оқу нәтижесі: | Төртбұрыштар туралы меңгерген білімдерін еске түсіреді, қайталайды, түсінеді.
| |||
Негізгі идеялар: | Оқушылардың жас және психолого-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру.Өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру.
| |||
Сабақта қолданылатын материалдар: | 1. 8-сыныптарға арналған төртбұрыштар жиынтығы. 2. Төртбұрыштар /плакат/ 3. Проектор
| |||
Оқыту әдістері: | Интерактивті оқыту әдістері СТО, ОүБ, Блум таксономиясы
| 1. Топтық жұмыс 2. Жеке жұмыс 3. Жұптық жұмыс. 4. Сыныппен жұмыс. | ||
Дерек көздері: | Төртбұрыштар тақырыбына берілген материалдар.
| |||
Тапсырмалар:
| «Геометрия» оқулығы бойынша берілген 42-47 есептер Логикалық есептер, кестемен жұмыс, сызба, толықтыру тесті, сөзжұмбақ шешу.
| |||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Психологиялық ахуал /2 мин/
— Кәне, сабағымызды бір-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарынды ұстандар.
Қолдарыңды кеуделеріне қойындар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріндер: дүрс-дүрс. Жүректеріңнің орнына мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес. Келіңдер, аздаған жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік.
Блум таксономиясы бойынша:
Ойлау деңгейі | Мұғалім тапсырмалары | Оқушы іс-әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Білу /7 мин/ | 1) Әр түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу ( , , , )
2) Төртбұрыштар тарауын квадрат, ромб, параллелограмм, трапеция тақырыптары бойынша қайталау | Әр оқушы бір-бірден алып, сол фигураларға сәйкес келетін столға орналасып, топ құрады. Топ басшысын сайлайды
Топ мүшелері тапсырманы қорғайды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Түсіну /5 мин/ | Әр тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтарға толықтыру тесті беріледі
1) Төртбұрышты құрайтын кесінділер…, кесінділердің ұштары…деп аталады. | Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарын сыныпқа хабарлайды. Қалған топ жауаптың дұрыстығын өздерінікімен салыстыра отырып, тексереді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолдану /5 мин/ | Интерактивті тақтада тапсырма беріледі. №1. Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар. Жауабы: 66 см. №2 Тіктөртбұрыштың қабырғалары 13 см, 18 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Жауабы: 62 см | Ауызша есептерді жұптасып орындап, топ сыныпқа түсіндіреді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті /3 мин/ | Үшбұрыштардан фигуралар құрастыру. Бұл кезеңде алдын ала қиылып дайындалған теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштардан төртбұрыш, квадрат, трапеция, параллелограм құрастыру керек. Топ болып сайысады.
| Үшбұрыштардан өз топтарына қатысты фигура шығарады. Барлық топ мүшелері бірігіп орындайды
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау /5 мин/ | №1. Квадраттың периметрі 3,2 см. Қабырғасын тап №2. Трапецияның орта сызығы 7 см. Табандарының бірі екіншісінен 4 см-ге артық. Трапецияның табанын табыңдар. №3. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 15 м. Екінші қабырғасы 2,5 м қысқа. Қабырғаларын тап. №4 Трапецияның табандарының қатынасы 2:3, орта сызығы 24 дм. Табандарын табыңдар.
| Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырманы орындайды. Есеп шартына сәйкес талдап түсіндіреді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жинақтау /7 мин/ | І топ. «Параллелограмм» Төртбұрыштар туралы өлең шығару ІІ топ. «Ромб» Төртбұрышты фигураларды пайдаланып сурет салу. ІІІ топ. «Трапеция» Сөзжұмбақ құрастыру. IV топ «Квадрат» «Сиқырлы шаршы» Квадраттың қабырғасы 12 см. Осы квадратты 3 см неше квадратқа бөлуге болады.
| Әр топ өз тапсырмаларын орындап, сыныпқа көрсетеді, бірігіп талдайды, түсіндіреді.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау /5 мин/ | 1. + (иә) және – (жоқ) таңбаларын қою арқылы кестені толтыру керек. | Жиынтық бағалау. Топ басшылары өз топтарын үй тапсырмасы,тест, топтық, зерттеушілік жұмыстары бойынша өзі бағалайды.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау парағы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс | Не білдім? Нені білгім келеді? Не үйрендім? | Сабақтан алған әсерлері бойынша тақтаға стикерлерді жабыстырды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма /1 мин/ | Трапецияның орта сызығын табуға 2-3 практикалық есеп құрастыру
| Өздік жұмыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||