«Шынайы сыныптағы білім беру мен оқыту тәжірибемдегі менің өзгерістерім»

«Шынайы сыныптағы білім беру мен оқыту тәжірибемдегі менің өзгерістерім»

Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

Осы міндетті шынайы өз мәнінде атқару мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің  біліктілігін арттыру курсының  үшінші (негізгі) деңгей бойынша оқып алған сертификаттың жауапкершілігі зор екенін  түсіндім. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін — әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Орта және қысқа мерзімді  сабақтар топтамасын  құрып оны өткізу  кезінде   мені және сыныпты  үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын сездім. Алғашқыда сабақта қалай жұмыс жасаймыз? Тәжірибемде 7 модульді қамти аламын ба? Оқушылар қалай қабылдайды? Ең бастысы мен мұны қандай мақсатта орындап жатырмын? деген сұрақтар мазалады.

Сабақ беретін сыныптарымның орташа жасы 13-14 жас. Мұғалім мен оқушы арасындығы қарым-қатынастың жақсы болуы үшін әрдайым жақсы атмосфера  қалыптастырамын. Сабақтарымда  сыныпта ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда мен оқушылар арасында ұйымдастыру ойынындарын  жиі  пайдаланып жүрмін.  Осы жаттығу нәтижесінде оқушылар қажет  ақпаратты өте жақсы қабылдайды. «Мадақтау өте жақсы екен», «Көңіл-күйіміз көтерілді», «Өзара қарым – қатынасты  нығайтқан сияқтымыз» деген сияқты ойларымен бөлісіп жатады.  Топқа біріктіруде математикалық символдар, геометриялық фигуралар   «Үнді сандары», «Вавилон сандары » болып  біріктіру бойынша  топқа бөлінеді. Неліктен шағын топтардың аты осылай болып бөлінгендіктері жайлы ортаға ой салды.  Ал бұрынғы сабақтарда көбінесе бұндай топпен біріге отырып жұмыс жасау  тек  ашық сабақтарда, конференция сабақтарында өткізілетін.Үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылар   тапсырмаларын өзара тексеріп, өзара бағалап отырды.

Топпен жұмыс кезінде оқушы мүмкіндігіне шектеу қоймау, өзара пікір алмастыру, пікірлерін дәлеледету және бағалау түрлері сабақтың сәтті өтуіне мол әсерін тигізді. Әрдайым топпен жұмыстан кейін сергіту сәтін ұйымдастыру әдетке айналып келеді. Яғни оқушылар ой жалғастырады. «Егер өмірге адам болып келмесем, гүл болып келер едім, себебі гүл өмірдің сәні – тазалық кепілі» деп басталатын тренингке оқушылар белсене ат салысты. Тренингті өткізу кезінде көңіл-күйінің көтеріліп қалғандығын байқадым. Өте қызықты өткен тернингте оқушылар ой қозғады, саралады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыды, бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Математика  пәні бойынша сабағыма  өзгерістер енгізу барысында  Бағдарламадағы жеті модуль стратегияларын  ескере отырып,  жаңаша жоспар құрдым.   Сонымен бірге  білім беру мен  білім алудағы жаңа тәсілдерді меңгеру арқылы математика сабақтарында  бағдарламадағы  жеті модуль аясындағы барлық стратегиялардың әдіс- тәсілдерін қолданып, жүзеге асыруға тырысып жүрмін.  Осы жеті модуль  стратегияларын  қолдану арқылы  сабақтарымды жаңаша өткізуде және өзгерістер  енгізуде   алдымен өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамыта отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерінінің өрістеуін дамыту керек деп ойлаймын. Сол сияқты  деңгейлік  білім беруде оқушылардың  диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту,  өз еріктерімен тапсырмаларды орындауын, талқылауын  және  өзін- өзі бағалай алуын  дамыта, өзгерістер енгізе отырып құрылған сабақтарым оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда.

Сабақтардағы басты өзгерістер  бұрынғы  өткен дәстүрлі сабақтардан   айырмашылығы  көбінесе оқушылардың топпен біріге отырып жұмыс жасауында  және оқушылар  жаңа тақырыпты проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты  өздері ашуы және  мақсат қоя білуінде. Сондай- ақ басқа да өзгерістер әрі қарай  үй тапсырмасынан бастап,  сабақтың  әр кезеңдерінде де, сабақты қорыту барысында   да  көрініп отырды.

Бұрын математикадан есеп шығара білсе, негізгі мәселе шешілді деп ойлайтынбыз. Барлық тақырыптарға барып нәтиже көрсете алмағанда, ол   пікірдің қате екеніне, есеп шығару – ол математикалық іс-әрекеттің басы ғана екенін түсіндім. Сабақ барысында бірлесіп жұмыс жасау ,өзі білгісі келетін мәселеге нар тәуекел ету, жазбаша және ауызша ой алмасу бүгінгі оқушылардың дағдысына айналуда. Қай сыныпта болсын геометрия пәніне деген салғырттық, қызығушылықтары төмен екендігін байқайтынмын. Сондықтан, мен өзімнің алдыма мынадай мақсат қойдым: оқушылар қалай болғанда да тақырыптарды, теоремаларды өздері талдап,дәлелдей білуі керек, ал мен сол үшін орта құруым керек, әрине, бірінші сабақтың сұрақтары мен нұсқаулары  арқылы мен проблеманы анықтаймын. Сонда ғана олар өздеріндегі белгісіз қорқыныштан,сенімсіздіктен арылып, жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндіктер алады деп ойладым. Оқушылар мен күткен ойдан шығып келеді.Себебі,сабақ барысынды білгісі келу қажеттілігі туды, өз бетімен үйрену  сенімділігі артты,топтарда белгілі математикалық орта пайда болды.Оқушыларға өмірге  қажетті есептеулер ,нағыз заттарды ұстап көріп, оларды өлшеу, бағалау, сұрыптау бағытындағы есептермен жұмыс жасау керек. Сонда ғана оқушыда ой  талқысына салу, елестету әдеті  қалыптасады, нәтижесінде енжар оқушыдан ізденушілер және мәнді іс-әрекет жасайтын қоғам мүшесін дайындауға болады. Сонымен қатар, оқушылардың  қиялдары ұшан- теңіз екенін байқадым.

Менің түйгенім, біріншіден,  жаңа бағдарламамен   өтілген әр сабақ, оқушы жүрегінен жол тапты деп ойлаймын. Екіншіден,  «Жақсы оқитын баланы мадақтама, мақтама өр көкірек болады, нашар оқитын баланың еңсесін түсірме»  деп Мағжан Жұмабаев айтқандай әр оқушының жүрегінен жол таба білу керек. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын оятуда сабақтағы оқушы жұмыстарының әдістемелік деңгейде ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие болады.Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан, әр түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын – мүмкін ,қате немесе толымсыз – ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке  бастауды өзімнің  басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін.

Осы күнге дейін өзімнің және оқушыларымның бойындағы өзгерістер:

  1. Сабақты жаңашыл түрде жоспарлауым;
  2. Оқушыларымның жаңашыл болуы;
  3. Балалар ретімен кезектесіп сөйлейді, бірлесе дамиды;
  4. Баға үшін емес, ой даму үшін оқи бастайды, бірақ әлі толық өзгеріске енген жоқпыз, себебі жаңашыл бағалауды да енді үйреніп келемін;
  5. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді өз жанымнан қосуға мүмкіндік аламын;
  6. Өз сабағыма өзім баға беремін және кемшілігімді түзеймін, жаңа жол іздеп, жаңаша талқылауды да үйреніп келемін.
  7. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:

— Мен не білемін?

— Мен жаңаша нені білдім?

— Менің білімім қалай өзгерді?

— Мен осы біліммен не істей аламын?

Әр оқушымның білімге деген құштарлығы мен ынтасын арттыруға көмектесу – осы Бағдарлама аясында алып отырған кәсіби білімімді шыңдап жетілдіру барысындағы жеті модульді әр сабағымда ықпалдастыра өткізіп, әр оқушымның жеке даму траекторясына шығу  мен үшін жаңа парадигмаға сәйкес ізденісті қажетсінетін, үнемі үздіксіз даму үстіндегі жаңашыл ұстаз ретіндегі  түйінді әрі ең маңызды аспект болып табылатынын ерекше атап өткім келеді.

Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу — оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан – жақты білім алуына көмектеседі.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде.

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық!

 

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық /3-деңгей/

2.Выготский Л.С УЧЕНИЕ ОБ ЭМОЦИЯХ

  1. Мерсейтова С . Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын ойлауын дамыту нысандары мен әдістері
  2. 12 жылдық білім беру.Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық талдамалық журнал
  3. Білімдегі жаңалықтар.Ақпаратты-әдістемелік журнал
  4. Физика және математика. Ғылыми-әдістемелік журнал.