Жас математиктер сайысы

Тақырыбы: Жас математиктер сайысы

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру және логикалық есептерді жылдам шығара білуге үйрету,әртүрлі сұрақтарға дұсыс жауап беруге дағдыландыру.

Ұйымшылдыққа, шапшандыққа,тазалыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Жоспары:

1 Ұйымдастру

2 Әділқазы алқасымен таныстру

3 Сайыстың жүру барысы

4 Қорытынды

 

Көрнекіліктер: плакаттар,есептер,слайдтар,карточкалар т.б

 

Түрі:   сайыс сабақ

 

Барысы:   Құрметті ұстаздар мен оқушылыр! 5-6-сыныптар арасындағы  «Жас математиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етініздер!

 

Ойын 5 кезеңнен тұрады.Алғашқы  ойын 3 кезеңнен.Олар І ойын,  ІІ ойын, ІІІ ойын,ІV ойын  шешуші ойын,  V ойын ақтық ойын деп аталады.

Алғашқы ойынға 3 оқушыдан 9 оқушы қатысады.Олардың әр қайсысына 3 сұрақтан беріледі.

Әр кезеңдегі үш ойыншының ең көп ұпай жинаған біреуі шешуші ойынға одан ақтық ойынға қатысады.

Ойлануға берілетін  уақыт 1 минут.  Әр кезеңнің  арасында көрермендер ойыны өткізіледі. Әр кезеңде  шешуші және  ақтық ойынға қатыса алмаған  екі қатысушыға сыйлықтар беріледі. Ақтық ойынға қатысушыға жекелей сыйлық тағайындалады. Ойынға  қатысушы  столдың  үстінен қағаз  таңдайды «Көк қағаз»- сыйлық, егер сыйлық  алса ойыншы ойыннан  шығарылады, ол бас тартса әрі қарай жалғастырады.«Қызыл қағаз»-музыкалық үзіліс.

Музыкалық номер орындалған соң  ойыншы тағы да  қағаз тандауын жалғастырады. «Қара қағаз»-күю,яғни жиналған ұпайлары жойылады,алада ойыншы ойынды жалғастыра береді.

«Ақ қағаз»- ойынға жолдама, ақ қағаз алған ойыншы фигураларды тандайды.

Шеңбер-10-ұпай

Төртбұрыш-9-ұпай

Үшбұрыш-7-ұпай

Цилиндр-5-ұпай

Бұл ұпайды ойыншы сұраққа дұрыс жауап берсе алады. Жартылай дұрыс болса жартысын алады, дұрыс емес жауапқа ұпай берілмейді.

 

Жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар,

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы,

Математика жайында

Ойын сайысты бастаймыз,

Жас достарым

Мұны жақсы ұғайық

Математика құрметтеуге лайық,

Дүниедегі құрылыстың мәніне,

Табиғаттың,қозғалыстың бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну,

Есебіңіз дүние кілті әләде.

 

 

Алғашқы ойын І-ойынға қатысушыларға  берілетін сұрақтар.

 

1-оқушының сұрақтары:

  1. Математика оқулығының авторы кім? (Алдамұратова Т.А.)
  2. Үш таңбалы 87? саны 5-ке де, 3-ке бөлінеді. Осы санның соңғы цифрын тап. (870)
  3. Отырардан шыққан ұлы ойшыл,данышпан,ғалым,математик.(Әл-Фараби)

 

2-оқушының сұрақтары:

  1. Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі.(Евклид)
  2. Әріптерді цифрлармен ауыстыр АБ

+  А

БВВ                         (А-9, Б-1, В-0)

3.Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер олардың әрқайсысы 2 партиядан ойнаса,онда барлығы неше партия ойнады?    (3-партия)

 

3-оқушының сұрақтары:

  1. Алгебра оқулығын ең алғаш жазған, алгебраның негізін қалаған Орта

Азиядан шыққан ғалым. (Әл-Хорезим)

  1. Көбейтіндіні тап. 1х2х3х4х5х6=Х (720)
  2. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады. Ал кері қарай 80 мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады. (жоқ)

          ІІ- ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар.

 

4-оқушының сұрақтары:

  1. Алгебралық теңдеулерді жете зерттеген белгілі француз математигі.

(Франсуа Виет)

  1. Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?

( 13 )

  1. Екі санды 2 және 3 саннын алыңыздар. Олардың ортасына белгі қойыңыз. Сонда шыққан сан екіден көп үштен кем болуға тиіс. (2,3)

 

5-оқушының сұрақтары:

  1. Математикадан координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі, әрі физигі. (Р. Декарт)
  2. Суретте барлығы неше шаршы бар. (14)

 

  1. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың 1 әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала бар. (6 бала)

 

 

 

6-оқушының сұрақтары:

  1. Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)
  2. Шаршы формалы шоколад 12 бөліктен тұрады. Осы кішкене шаршы бөліктерді жеке бөліп алу үшін неше рет сындыру керек. Әр жолы бір кесектен ғана бөлініп шығады. (11 реттен)
  3. Дәптер қабымен бірге 95 тг тұрады. Дәптердің өзі қабынан 90 тиын қымбат. Дәптер мен оның қабы жеке, жеке, қанша тұрады.

(92,5 т;  2,5 т)

 

ІІІ- ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар.

 

7-оқушының сұрақтары:

  1. Евклидтік емес геометрияның негізін салған орыстың ұлы

математигі.                           (Лабочевский)

  1. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып, үш бестіктен нәтижесі

2-ге  тең өрнек жаз.    ((5+5)/5=2)

  1. Қысқартылған жай бөлшекті қай кезде қысқартуға болмайды.

(Жай бөлшек еш уақытта қысқармайды)

 

8-оқушының сұрақтары:

  1. Аулада бірнеше қоян мен қаздар жүр. Олардың аяқтарын санағанда

тең   болып шықты. Қоян мен қаздың қайсысы көп. Неше есе көп.

(Қаз қояннан екі есе көп)

  1. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып үш бөліктен нәтижесі

0-ге тең өрнек жаз.( (5-5 )*5=0)

  1. Аспанда 5 үйрек ұшып барады. Біреуін атып түсірсе , нешеуі

қалады?  (1-і қалады)

 

 

9-оқушының сұрақтары:

  1. Ондық бөлшектермен есептеу ережесін жазған Орта Азиядан

шыққан атақты ғалым.    (Әл-Каши)

  1. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып үш бестіктен нәтижесі 5-ге тең өрнек жаз. ((5-5)+5=5)
  2. Бөлмеде 4 мысық отыр, әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр. (4-мысық)

 

Осы 3 ойын арасында жанкүйерлерге төмендегідей сұрақтар қойылады:

 

  1. Барлық бұрышы тең болатын төртбұрыш (Тіктөртбұрыш)
  2. Ұшақ Семейден Астанаға дейін 1сағ 40мин ұщады, ал кері қайтқанда 100мин ұшады. Айырмашылығы қандай. (Ешқандай)
  3. Наурыз той кезі. Ат жарысы өтуде.

Сұрақ : үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?  (60км-ден)

 

ІҮ-ойын. Шешуші ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар.

 

1-оқушының сұрақтары:

  1. Қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысы мен тең. (1*2*3=1+2+3)
  2. 3*3 шаршының бос бөліктеріне 1-9 сандарын әр жолда тігінен

және көлденең қосқанда 15 шығатындай етіп орналастыр.

 

915
483
267

 

  1. Жанар қағазға 86 санын жазып өзінің досына айтты, ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. Ол қалай? (Төңкеріп оқу)

 

2-оқушының сұрақтары:

  1. Қай кезде бөлінгіш пен бөлгіш тең болады.

(Бөлінді 1-ге тен болғанда)

  1. 3*3 шаршыдағы бос бөліктерге әрі тік және көлденең жолда (Қ-қызыл, Ж-жасыл, К-көк) бір түсті бір рет кездесетіндей етіп әр шаршыға орналастыр.
қкж
кжқ
жқк

 

  1. Биіктігі 10м ағашқа ұлу күндіз 5м жоғары көтеріліп, түнде 4м төмен түседі. Ұлу ағаштың басына неше күнде шығады. (6 күнде)

 

3-оқушының сұрақтары:

  1. Қандай бүтін сан кез-келген бүтін санға қалдықсыз бөлінеді?

(0-саны)

  1. 6, 5, 4, 3, 2, 1 сандарды әр жолдағы дөңгелектерге қосындысы 12-ге тең болатындай етіп орналастыр.

 

  1. Екі әке мен екі бала таңертең дастархан басында үш жұмыртқа жеді. Мұнын өзінде бұлардың әрқайсысы бүтін жұмыртқадан жеді. Мұны қалай түсінеге болады. (Атасы, баласы және немересі)

 

Жанкүйерлерге сұрақ.

 

  1. «?» белгісінің орнына тиісті цифрларды қойып, тура теңдікті тап.

? 0 ? ?                              2018

2 ? 0 5                             2105

4 1 2 3                             4123

 

V-ойын. Ақтық ойынға қатысушыға берілетін сұрақ.

 

  1. 1) Суреттегі тиынның үшеуінің орнын ауыстыр.

 

2) Суреттегідей орналастыр.

 

 

  1. «Математика» сөзінен сөз құрау керек, қай оқушы көп сөз

құраса, сол оқушы жеңеді.

 

Жанкүйерлерге сұрақ.

 

  1. Мына үшбұрышта қанша үшбұрыш бар?

 

 

 

  1. Бір шиді жылжытып теңдікті тура ет.

 

 

Сайысты қортындылау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.