Ондық бөлшектерді қосу, азайту

Шығыс Қазақстан Облысы Семей қаласы

ММ « № 19 жалпы орта білім беретін мектеп«

Математика мұғалімі: Жұмабаева Сәулеш Арғынбекқызы

5 сынып. Математика

 Сабақтың тақырыбы: » Ондық бөлшектерді қосу, азайту»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға ондық бөлшектерді қосу, азайту ережелері бойынша есептер шығару; Қасиеттерін беру; алған білімдерін тиянақтау, тексеру; өткен материалдарды толық пысықтату;
  2. Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өөзіне снеімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру, деңгейлік тапсырмаларды меңгерту;
  3. Тәрбиелік: оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйреті, ойда сақтау қабілеттіліктерін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау, толықтыру сабағы ( ойын түрінде)

Сабақтың типі: дәстүрлі

Көрнекіліктер: сөздер , карточкалар, кубик, түрлі- түсті қағаздан жасалған

белгілер.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Қосымша сұрақтар қою:

  • » Бөлшек» ұғымын қалай түсінесіңдер?
  • Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтіріңдер.
  • Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады? Мысал келтіріңдер.
  • Ондық бөлшектің соңына нөлді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?
  • Мұғалімнің кіріспе сөзі:
    • Балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: « Білім » әлемінде » Алтын қақпа» бар, онда қазына бар, ол қазынаның не екенін тауып, білім алуымыз керек.

Оқушылар 3 топқа бөлінген:

  • топ: « Бәйтерек«
  • топ: « Жігер«
  • топ: « Тұлпар«

» Алтын қақпаның » біріншісі » Тас қақпаны » ашуға арналған тапсырмалар:

  • Тақтаға 3 есеп ілінеді. Қатесін түзеу керек:

2,06+ 1,3=                         61-7,64=                       21,7+0,613=

2,06                                        61                                  21,7

1, 3                                           7,64                               0,613

——————                     ———————         ————————

3,09                                        54,64                             21,1313

 

  • Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қойыңдар:
  • топ: 43+17=6 2-топ: 37+586=956                3-топ: 995-195=8

5+999=1499                           83-38=792                              64-4=24

» Күміс қақпаны» ашу үшін тапсырмалар:

  • топ: Бірінші күні дүкен 2,76 т картоп, екінші күні одан 0,85 т кем сатты. Дүкен екі күнде неше тонна картоп сатты?
  • Топ: Бірінші күні жөндеу бригадасы жолдың 4,85 км- ін, екінші күні одан 1,26 км артық жөндеді. Екі күнде қанша км жол жөндеді?
  • Топ: Бірінші күні туристер 72 км жол жүрді. Екінші күні одан 27,45 км кем жүрді. Туристер екі күнде қанша км жол жүрді?

 

» Алтын қақпаны« ашуға арналған тапсырмалар:

Топпен жұмыс ( сабақты бекіту)

  • топ:
  • Амалдарды орындаңдар.

8,65+2,34=

1,6+(5+3,4)=

24,09-17,616=

2) Теңдеуді шешіңдер:

Х+8,635=14,62

Х- 0,834=2,64

3) Өрнектің мәнін табыңдар:

Х+0,08  ,      х= 5,86

  • топ:
  • Амалдарды орындаңдар:

11,21+6,01=

0,3+( 1,7+2,5)=

81,67- 44,916) =

2) Теңдеуді шешіңдер:

Х+ 71,93 = 98,15

Х-2,3 = 3,374

3) Өрнектің мәнін табыңдар:

0,809+ х,    х= 63,7

3- топ:

1) Амалдарды орындаңдар.

9,01+5,66=

1,02+( 1,7+4,8)=

76,3-17,44=

2) Теңдеуді шешіңдер:

Х+8,45=17,923

Х-38,3= 8,07

3) Өрнектің мәнін табыңдар:

4,28+а,       а=25,08

 

Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

5- ке 5- ті қосқанда

Болып қалды 10 саусақ.

« Алтын сандықты« ашу . ( Сандықтың ішінде » Оқы, оқы және оқы» деген сөз болады.

 

Қорытындылау: « Кубизм » стратегиясы. Кубтың алты жағына  алты түрлі сөздер жазылған.

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жіктеу, бағалау.

Осы жазылған сөздер арқылы оқушылар өздері қорытады