Сәуле, бұрыш
Сабақтың тақырыбы: Сәуле, бұрыш
Сабақ мақсаттары:
- Сәулені, бұрыштың өлшем бірлігімен, бұрышты өлшейтін аспаппен және оны қолдану алгоритмімен таныстыру.
- Бұрыштарды өлшеу машықтарын қалыптастыру.
- Коммуникативтік машықтарды қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: транспортир, бұрыштар жиынтықтары, қызыл және көк тікбұрыштар.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру
- Ауызша жұмыс.
А) Сағат тілдері жасайтын бұрыштардың түрлері қандай, олар неге тең?
Б) 3 кесінді салынған: АД, СО и ML.
Мұғалім:Қай кесінді үлкен? Оны қалай тексеруге болады? Қандай аспап қолданамыз?
В) Тақтада 3 бұрыш салынған:
Мұғалім:Қай бұрыш үлкен?
Оны қалай дәлелдеуге болады?
Оқушылардың алдында бұрыштарды қалай өлшеу керек деген проблема тұрады.
Мұғалім транспортир туралы түсіндіреді.
- Жаңа ұғымдар енгізу: транспортир, градус.
Үйден оқушылар жазыңқы, тік, сүйір және доғал бұрыштардың суреттерін салып келген.
- Жазыңқы бұрышта қанша градус бар?
- Жазыңқы бұрышта қанша тік бұрыш бар?
- Тік бұрышта қанша градус болады?
- Тақтада сүйір және доғал бұрыштар салынған. Оқушыларға бұрыштар жиынтығы таратылады.
Бұрыштарды өлшеу алгоритмін енгіземіз (а суреті).
- Транспортирді центрі бұрыштың төбесі О нүктесімен сәйкес келетіндей етіп қоямыз.
- ОВ сәулесі нольдік белгіден (санақ басынан) өтеді.
- ОА сәулесі 600 белгісінен өтіп тұр.
- Бұрыш АОВ=600.
СОД бұрышын бір оқушы тақтада өлшейді.
- Бекіту.
Жұптық жұмыс.
Тесттер тарату.
3) Өлшеу нәтижелерін салыстыру.
- Сабақты қорытындылау.
Жұмыс барысында оқушыға көмек керек болса, қызыл тікбұрыштығ егер тапсырманы орындап болсағ кқк тікбұрышты көтереді.
- Үй тапсырмасы
Кез-келген АВС үшбұрышын салып, Барлық бұрыштарының шамасын өлшеңдер