Жақшаны ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
Сабақтың тақырыбы: Жақшаны ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
Мақсаты:Жақшаны ашу ережесін тұжырымдау,көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу. Жақшаны ашу ережелерін тиісті жағдайларда пайдалану. Білімділік мәні:ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және жақшаны ашып, көбейтіндіні қосынды түрінде өрнектей білу. Тәрбиелік мәні:оқушыларды еңбектенуге,ізденуге тәрбиелеу,шапшаңдыққа баулу. Дамытушылық мәні:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін дамытып,математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты таныстыру сабағы. Көрнекілігі:интерактивті тақта,көбейтудің қасиеттері,деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен өзара амандасу,класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылар назарын сабаққа аудару. II.Үй тапсырмасы бойынша тірек сұрақтары: а)қосудың қасиеттерін тұжырымдау; ә)көбейтудің қасиеттерін тұжырымдау және өрнектеу. III.Жаңа тақырыпты түсіндіру: «Жақша» атауы немістің Леонард Эйлер енгізген «Кlammer»-жақша деген термин сөзінен шыққан.Жақшалар тек XVIII ғасырдың I жар- тысында ғана неміс ғалымдары Готфрид Лейбниц пен Леонард Эйлердің еңбектері арқылы кеңінен тарады. Тақырыптың алдын-ала даярлық тапсырмасын орындау арқылы жақшаны ашып,кө-бейтіндіні қосынды түрінде өрнектеуді оқушылар тақтада орындайды: 1)3*(2а+9в+10с)═ 6а+18в+30с; -5(11х+7у-37)═ -55х-35у+185; 2)ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару: ав+ас-аd ═а(в+с-d); 4а+10в+18с═2(2а+5в+9с) Жақшаны ашу: а)алдында «+» таңбасы бар жақшаны ашу үшін жақша алдындағы «+»таңбасын және жақшаны жазбай жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбаларымен жазу керек. Мысалы: 3+(-2а+5в-6с)═3-2а+5в-6с; ә)алдында «-» таңбасы бар жақшаны ашу үшін «минус» таңбасын және жақшаны жазбай, жақша ішіндегі қосылғыштарды қарама-қарсы таңбамен жазу керек. мысалы: -(7а+2в-3с)═ -7а-2в+3с; -(9х-8у+5)═ -9х+8у-5; б) а(в+с) түріндегі өрнектегі жақшаны ашып жазу үшін көбейтудің үлестірімділік қасиеті қолданылады. (көбейтудің қасиеттеріне тарихи шолу жасау). мысалы: 5(4х+2у)═20х+10у; в)ортақ көбеткішті жақша сыртына шығару. Мысалы: 20а+15в ═ 5(4а+3в); мұндағы 5-ортақ көбейткіш.
жақшаны ашу
а (в+с) ав+ас
ортақ ортақ көбейткішті
көбейткіш жақша сыртына шығару
IV.Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруға және жақшаны ашуға жаттығулар орындау. №749-ауызша орындау.
№750-тақтада талдау: 1)а+(в-с)═а+в-с; 4)9-(а+в+с)═9-а-в-с; 7)а-(в-с+d)═а-в+с-d; 2)х-(у+2)═х-у-2; 5)х-(-3+у-z )═х+3-у+z 8)х+(у-z+8)═х+у-z+8; 3) m-(-n-k)═ m+n+k; 6)m+(8+n-k)═m+8+n-k; 9)m-(-2+n+k)═m+2-n-k;
№751-жақшаларды ашып жазу: 1)1,9(а+2)═1,9а+3,8; 3)-2(х-0,9) ═ -2х+1,8; 5)1,3(а-в)═1,3а-1,3в; 2)3(а-1,7)═3а-5,1; 4)-3(1,6+у)═ -4,8-3у; 6)-4(х+у)═ -4х-4у;
№752-ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару:
1)2m- 2n ═2(m-n); 2)3а-6в═3(а-2в); 3)6х+10у═2(3х+5у);
3х+3у═3(х+у); 2с+8d═2(с+4d) 15а-12в═3(5а-4в);
-4m-4n═ -4(m+n); 5m-15n═5(m-3n); 20с-24d═4(5с-6d);
№753-жақшаны ашып,өрнектерді ықшамдау:
1)5-(а+3)═5-а-3═ -а+2; 2)2+(-8+с)═2-8+с═ -6+с; 3)0,8-(а+3)═0,8-а-3═ -а-2,2;
8-(10+в)═8-10-в═ -2-в; 3+(-в-5)═3-в-5═ -в-2; 1,4+(с-2)═1,4+с-2═ с-0,6;
9-(с+7)═9-с-7═ -с+2; 4+(а-9)═4+а-9 ═ а-5; 2,6-(-у+10)═2,6+у-10═у-7,4
5.Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылармен жеке жұмыс жасау,талдау. V.Кестемен жұмыс: «Қоян қайда секіреді?»
-4(а-2в) | 9(х+2у) |
9х+18у | -(а+5в-4с) |
-а-5в+4с | -4а+8в |
7.Сабақты қорытындылау:оқушыларды бағалау, шығарылған есептер нәтижесі бойынша тақырыпты пысықтау. Үйге: № 778 (1-4) Көбейтудің қасиеттерін қайталау.
Қолданылған әдебиеттер:
- Г. Глейзер. «Мектептегі математика тарихы»
- М. Исқақов. » Қазақ календары»