Әріпті өрнектер
математика.5 класс.
Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектер
Мақсаты:оқушыларға әріпті өрнектер туралы түсінік беру,әріпті өрнектерді ықшамдай білуге үйрету. Білімділік мәні:әріпті өрнектердің мәндерін тауып,коэффициенттерін анықтай білу. Тәрбиелік мәні:өз беттерінше және топпен жұмыс жасауға,бір-біріне жолдастық көмек көрсетуге,ұқыптылыққа баулу. Дамытушылық мәні:оқушылардың әріпті өрнектер,коэффициент ұғымы бойынша алған білімдерін есептер шығарумен ұштастыруға бағыттап,математикалық тілде сөйлеу мәде-ниетін қалыптастыру және логикалық ойлау қабілетін,танымдық белсенділігін арттыру. Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,деңгейлік тапсырмалар,Франсуа Виет өмірі мен еңбегі туралы тарихи мәлімет (оқушылардың өздері әзірлеген),мақал-мәтелдер. Түрі:жаңа тақырыпты таныстыру.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен өзара амандасу,класс тазалығына көңіл бөлу, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан әзірлеу. Сабақты Шәкәрім бабамыздың өлеңімен бастаймыз: Жемісті, жақсы иісті бәйшешек, Аралайық пайдасын көрем десек. Ұғымды,милы жастың ойын қозғап, Үйретер талай тәлім,талай есеп. 2.Үй тапсырмасын тексеру.Санды өрнектер ұғымын жалпылау: а)санды өрнек деп қандай өрнекті айтамыз? Мысал келтіру. ә) санды өрнектің мәнін қалай табамыз? 3.Жаңа тақырыпты санды өрнекпен байланыстыра отырып түсіндіру,«коэффициент» ұғымына,француз математигі Франсуа Виет өміріне тарихи шолу жасау: «Коэффициент»-латын сөзі, «көбейткіш» деген мағынаны білдіреді.Бұл терминді Ф.Виет енгізген,алайда осы күнгі мағынасында XVII ғасырда ғана үнемі қолданып отырған ға-лымдар ағылшын математиктері Оутред және Валлис,француз математигі Дешаль,т.б.
Математикалық өрнектер
санды өрнектер әріпті өрнектер мысалы:хук; 6(а+в)-әріпті өрнектер. 4.Әріпті өрнектер тақырыбына есептер шығару. №3-А. 1)45+а; 2)12в; 3) х:9; 4)18-у. №5-А. 1) 146+а═146+14═160; 2)в-18═ 21-18═3; 3)51:с+12═51:3+12═17+12═29 4)125:а+8═125:5+8═25+8═33; 5)9в-36═9*13-36═81; 6)14с+75═14*4+75═81. №14-В(1,2)-тақтада талдау, (3,4)-өз беттерінше орындау. 1)(29а-35):27═(29*4-35):27═ 81:27═3; 2)в:9*15-96═72:9*15-96═120-96═24; (есептің шығарылу жолын түсіндіру және 3)(346-25с):19═(346-25*7):19═171:19═9; нәтижесін талдау). 4)75+114:(27-в)═75+114:(27-8)═75+6═81.
«Коэффициент» ұғымын қазақ тілі пәні бойынша «Сан есім» тақырыбымен байланыстыру,яғни құрамында сан есімдері бар мақал-мәтелдер айту. Сергіту сәтінде оқушыларға «коэффициент» сөзінің әрбір әрпінен математикалық терминдер құрастыру жөнінде тапсырмалар беріледі.(Мұндай тапсырмалар оқушылар-дың математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастырады).
№18-(жеке жұмыс ретінде орындау үшін).Бұл есепті шығару барысында оқушылардың қозғалысты сипаттайтын шамалар жөніндегі білімдерін еске түсіру қажет.
Тақырыпты пысықтау мақсатында «Жаңғалақтың қатесін тап» ойыны арқылы есептегі Жаңғалақтың жіберген қателерін тауып,есептің дұрыс шығарылу жолы көрсетіледі. Сабақты қорытындылау:-әріпті өрнек дегеніміз не? Мысал келтіру. –коэффициент дегеніміз не? Математиктер еңбегі туралы бірер сөз. Сабақты Шәкәрім бабамыздың өлең жолдарымен аяқтаймыз: …Жақсы білім іздеуге жалықпалық! Табылмаса,тарығып,талықпалық! Салақтықты қоялық,сақ болалық, Білгенді,білмегенді анықталық!
Оқушыларды бағалау.
Үйге №20. 11-бет.Әріпті өрнектерді қайталау.