Санды теңсіздіктер тарауын қайталау

Тақырыбы: Санды  теңсіздіктер  тарауын қайталау.
Мақсаты:

”Топта белсенді жұмыс істете отырып, санды теңсіздіктерді қайталау.”

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: білімді бекіту
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме карточка, оқушылардың білімін бағалауға арналған слайдқа жазылған тапсырмалар

Техникалық құрал: слайд

 

Көрнекілігі: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

 

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
  2. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлау.(2мин)
  3. Үй тапсырмасын тексеру.(5 мин)
  4. Топтық жұмыс(10 мин)
  5. Топшамамен жұмыс(5 мин)
  6. Логикалық тапсырмалар.
  7. Оқулықпен жұмыс(10мин)
  8. Қорытынды (2мин)
  9. Бағалау. (2 минут)
  10. Үйге тапсырма беру: (1 минут)

Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру, сабақтың мақсатың хабарлау.

Оқушыларды топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлау, бағалау парағын беру.

Үй тапсырманы тексеру, топ жетекшілер бағалау парағына белгілейді.

Топтық жұмыс.

Әр топ тақырыбын таңдайды: 1 топ: сан аралықтары

2 топ: Санды теңсіздіктердің қасиеттері

3 топ: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

4 топ: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді жүйесін  шешу.

Әр топ постермен жұмыстанады  нұсқау бойынша

  1. Берілген тақырып бойынша анықтаманы беру
  2. Есепті шешу жолдарын көрсету
  3. Мысал келтіру
  4. Басқа топқа өз тақырыбы бойынша есепті құрып беру
  5. Өзара бағалау

уақыт болғанда, барлық топтар жұмысты тоқтайды, бірін-бірі тындайды.
Топтық жұмысты бағалау критерийлер

  • Тапсырма берілген нұсқау бойынша орындау
  • Презентацияны қызықты түрде қорғау
  • Әр бір топ мүшесі презентацияны қорғауға белсенді қатысады

                              

Топшамамен   жұмыс

1.Теңсіздіктерді  мүшелеп қосуды орындаңдар:

және

  1. Теңсіздіктерді мүшелеп азайтуды орындаңдар:

 

  1. Теңсіздіктерді мүшелеп көбейтіңдер:

және

  1. Бөлуді орындаңдар:

16   және   6

  1. Мына қос теңсіздіктің шешімдерінің жиынын координаталық түзуде кескіндеп, сан аралығын белгілеп көрсетіңдер:

-4,5

  1. теңсіздікті шешіңдер:

а) 3(2х+1) 5(х-1)

ә) 7<5х-3<12

Логикалық тапсырмалар.

1) Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді:

«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар? (6)

2) Жұп санды үшке бөлгенде қалатын қалдық қандай сандар болуы мүмкін?

(1 немесе 2).

3) 2 мысық 2 минутта 2 тышқан ұстайды.

4 мысық 4 минутта неше тышқан ұстайды?     ( 8 тышқан)

3 мысық 3 тышқанды неше минутта ұстайды? (6 минутта)

Оқулықпен жұмыс: №1581(1,2), №1582 (3,4)

Сабақты қорыту, бағалау, үйге тапсырманы беру.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың

аты-жөні

Үй жұмысыТоптық  жұмысТопшамамен жұмысОқулықпен жұмыс 

Баға

1
2
3
4
5
6
7

Бағалау парағы