Санды өрнектер. Әріпті өрнектер

 

Сабақтың тақырыбы:Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты:1.      Оқушылар санды өрнектер, әріпті өрнектер туралы білімдерін нығайтады.

2.      Теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана алу , сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту;

3.      Ынтымақтастыққа, бір- бірін бағалауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу;

Сабақтан күтілетін нәтиже:1.      Оқушылар санды өрнектер, әріпті өрнектер туралы білімдерін нығайтады.

2.      Айнымалысы бар өрнектің, математикалық өрнектің, коэффициенттің мағынасын терең түсінеді.

3.      Алған білімдерін жүйелі түрде өз сөздерімен жеткізе  алады, есептер шығаруда пайдалана біледі.

Белсенді оқыту  әдістеріАКТ, СТО: суретті  көрнекілік,топпен жұмыс
БағалауФормативті бағалау:стикерлер, смайликтер, топтық бағалау.
Дереккөздер:5 сынып математика оқулығы, үлестірмелі материалдар.
Тапсырмалар:5 сынып математика оқулығы, дидактикалық материалдар, үлестірмелі тапсырмалар
Оқыту әдістері:Блум таксономиясы, СТО, АКТ, топпен жұмыс,
Дереккөздер:5 сынып математика оқулық және дидактикалық материал
Бағалау:Мұғалімнің оқыту үшін және оқуды бағалауы
Рефлексия:Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білу
Сабақ кезеңдері:               Мұғалім әрекеті:Оқушы әрекеті:
 

Қызығушылы

ғын  ояту

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2-мин

Миға шабуыл

5-мин

1-тапсырма

 

 

Мақсат қою:

2- мин

 

-Сәлеметсіздерме! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз жақсы ма?

-«Көңіл-күй» стратегиясы. Бастаймыз.

Өзін-өзі бағалау парақтарын таратамын.

 

-Қазір мен сіздерге 1-тапсырманы таратамын.  Тапсырманы орындап болған соң ,1-есепті шығарғандар 1- топқа, 2-есепті шығарғандар  2- топқа, 3- есепті шығарғандар  3- топқа,  4- есепті шығарғандар 4- топқа  отырып, есептерінің дұрыстығын тексереді. Әр топ өздерінің топ басшыларын, таймерін, хатшысын, баяндаушысын сайлап алады.

 

-Қәнеки балалар, кім айтады біз бүгін неліктен мұндай есептермен бастадық? Жаңа сабақтың мақсатын оқушылар ашып береді.

 

Амандасады.Сұрақтар

ға жауап береді.

Өз жасаған гүлдерін, жапырақтарын бір біріне сыйлайды.

Тапсырмадағы есепті орындайды, болған соң есепке қарай топқа бөлінеді, жайғасып отырады.

 

 

Өз пікірлерін, ойларын айтады.

 

Мағынаны тану

7-мин

2-тапсырма Сұрақ-жауап

 

Топтық жұмыс

14 мин

3- тапсырма

 

 

 

Оқулықпен жұмыс 10-мин

4-тапсырма

 

 

Сергіту  сәті

2-мин

 

Әр топ өздеріне түскен сұрақтарды алады. Белгіленген уақытта нақты жауап беруге, дұрыс жауап алынбаған жағдайда топ ережесін сақтай отыра, соңынан толықтыру жасауға, бір- бірімізді бағалай білуге көңіл бөлейік.

 

 

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Орындап болған соң тақтаға жазып, 1- топтың жауабын 2- топ, 2-топтың жауабын 3- топ, 3- топтың жауабын 4- топ, 4- топтың жауабын 1- топ тексереді.

 

№22. Әрқайсысын үш тәсілмен теңдік түрінде жазыңдар.

1)      х саны у санынан 6- ға артық;

2)      m саны n санынан 4- ке кем;

3)      a cаны bсанынан 5 есе артық;

4)      c cаны d санынан 3 есе кем

 

Көзімізді жұмған күйде мұрнымыздың ұшымен 1 ден 9- ға  дейінгі сандарды саламыз, болған соң көзімізді ашамыз.

 

Әр топ бір сұраққа жауап береді. Топтар

марапаттау арқылы бағаланады.

 

 

Әр топ өз тапсырмасын орындайды.Кейін жауаппен салыстырады.

 

 

Әр оқушы жеке орындайды.

 

 

 

Оқушылар орындайды.

 

 

Ой толғаныс

Рефлексия

3-мин

 

 

 

 

 

Бағалау. Үйге  тапсырма 2-мин

«Олжа» ағашын отырғызайық. Ағаш діні жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл жилек –сыныбымыздағы көңіл-күй, ал ағаштың жемістері-сіздердің білімдеріңіз.

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

Рефлекцияға қарай отыра мұғалім неге үлгермей қалғанын, тапсырманың күрделілігін, саны аз не көп болғанын түсінеді. Бұл  бүгінгі сабақтың нәтижесі қандай және келесі сабағына жоспар құру үшін керек.

Ал енді өзін-өзі бағалау парағын жинайық.

Үйге  тапсырма №26-27

Мұғалім бағаларды өз бағасымен салыстыра отырып бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Алмаларға сабақты менгердім, қиналамын, менгерген жоқпын деп жазып жапсырады.

 

 

 

 

 

Өзін-өзі бағалау парағын жинайды.

 

 

 

 

 

 

Өз-өзін  бағалау парағы     Аты            _______________________

 

1-тапсырма

Өтілген тақырыпқа қалай есеп шығардым ?

2- тапсырма

Сұрақтарға қалай жауап бердім?

3-тапсырма

Тапсырманы қаншалықты орындадым?

4- тапсырма

Жеке тапсырманы калай орындадым?

Орта баға

 

 

1

1- тапсырма. Өрнектің мәнін табыңдар:

1)  348 : 87+16

2)  (298+476) : 43

3)  1632 : 96 +983

4)  819 : 7- 115

Күтілетін жауаптар: 1) 20;  2) 18; 3) 1000; 4) 2

2-тапсырма

  1. Санды өрнек дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  2. Санды өрнектің мәні дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  3. Әріпті өрнек дегеніміз қандай өрнек? Мысал келтіріңдер.
  4. Коэффициент дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

Күтілетін жауаптар:

1) Амалдар таңбаларынан, жақшалардан (қажет болған жағдайда) және сандадан ғана құрастырылған жазу.

2) Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан.

3) Құрамныда әріптері бар өрнек.

4) Бір немесе бірнеше әріп көбейткіштері бар көбейтінді түріндегі өрнектегі сан көбейткіш.

3- топтық  тапсырма

            1 топ

1) Тиімді тәсілмен есепте

46+а+24+а

 

2) Өрнектің мәнін тап

45x+26x+17x-78x ,мұндағы  x=16

 

3) Теңдеуді шеш

84a+25a+7=443

           2 топ

1) Тиімді тәсілмен есепте

57+b+43+b

 

2) Өрнектің мәнін тап

118x+56x+35x+27x,мұндағы  x=3

 

3) Теңдеуді шеш

5(14+b)+6b=158

             3 топ

1) Тиімді тәсілмен есепте

23+c+17+c

 

2) Өрнектің мәнін тап

83y-35y+16y+36y, мұндағы  y=2

 

3) Теңдеуді шеш

486:(5x+2)=18

            4 топ

1) Тиімді тәсілмен есепте

12+d+98+d

 

2) Өрнектің мәнін тап

16  5y+14 2y-100y, мұндағы  y=6

 

3) Теңдеуді шеш

4(9+7x)+21=393

 

Күтілетін жауаптар:

1-топ: 1) Тиімді тәсілмен есепте

70+ 2а

2) Өрнектің мәнін тап

160

3) Теңдеуді шеш

a=4

 

2- топ:

1) Тиімді тәсілмен есепте

100+b

2) Өрнектің мәнін тап

708

3) Теңдеуді шеш

b=8

3 топ

1) Тиімді тәсілмен есепте

40+c

2) Өрнектің мәнін тап

200

3) Теңдеуді шеш

x=5

4 топ

1) Тиімді тәсілмен есепте

110+d

2) Өрнектің мәнін тап

48

3) Теңдеуді шеш

x=12

 

4- тапсырма.  №22. Әрқайсысын үш тәсілмен теңдік түрінде жазыңдар.

1)  х саны у санынан 6- ға артық;

2) m саны n санынан 4- ке кем;

3) a cаны b санынан 5 есе артық;

4) c cаны d санынан 3 есе кем

Күтілетін жауаптар:

1)  а) х-у = 6;    ә) х=у+6;    б) х-6=у

2)  а) n -m   ә) m n-4;   б) n

3)  а) a   ә) a   ;  б) a