Ашық сабақ тақырыбы: «Функцияның графигі» тақырыбын қайталауға есептер шығару. (7 сынып)
Ашық сабақ тақырыбы: «Функцияның графигі» тақырыбын қайталауға есептер шығару. (7 сынып)
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Функцияның графигін компьютерде сала білу.
- Дамытушылық: Оқушыларға алгебра, геометрия, физика, география, информатика арасындағы байланысты көрсете отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, өз бетімен еңбектенуге, ойлауға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: Еңбек етуге, шыңдыққа, зейіндікке баулу, математикадан алған білім, дағдыларын күнделікті өмірде, компьютерде пайдалана білуге үйрету.
Көрнекілігі: Кестелер, таратпалар, дербес компьютер, интерактивтік тақта.
Әдіс: Практикалық.
Сабақтың түрі: Интеграциялық.
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия, информатика, физика, география.
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Тақырып бойынша қайталау. (Ауызша сұрақ-жауап, тақтада, компьютерде, орнында параллель практикалық жұмыстар жүргізу).
- Зертханалық жұмыс.
- Үйге тапсырма беру.
- Қорытынды.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Сабақтың тақырыбын жазу, мақсатын айту.
ІІ. Тақырып бойынша қайталау.
Тақтаға температураның уақытқа тәуелділігінің графигі ілінеді.
- Ауызша сұрақ-жауап алу. (5 минут).
- Функция деген не? (Толық жауап беру).
- Функцияның графигі деген не? (Толық жауап беру).
- Кесте бойынша ауызша сұрақтар. (3 минут).
1. Сұрақ-жауап | Т (уақыт) | 2 | 5 | 8 | 14 | 22 |
t (температура) | ||||||
2. Сұрақ-жауап | Т (уақыт) | 0 | 2 | 4 | 13 | 18 |
t (температура) |
- Аргументтің қандай мәнінде функция оң болады? (Қандай уақытта «+» мәндерді қабылдайды?).
- Аргументтің қандай мәнінде функция теріс болады? (Қандай уақытта «-» мәндерді қабылдайды?).
- Қандай уақыт аралығында температура жоғарылайды? (Өседі?).
- Қандай уақыт аралығында температура төмендейді? (Кемиді?).
Бұл графиктен математика пәнінің география пәнімен байланысқандығын көреміз.
3) Ауызша сұрақтар. (5 минут).
- Сызықтық функция деп қандай функцияны айтады?
- Сызықтық функцияның графигі қандай болады?
- Сызықтық функциянын графигін қалай саламыз?
- у=kх+b функциясында b=0 болса, қандай функция шығады?
- Тура пропорционалдық графигі не?
- Оны қалай саламыз?
- k>0 болса қандай ординаталарда? (І, III ширекте).
- k<0 болса қандай ординаталарда? (ІІ, IV ширекте).
- Сызықтық функция бұрыштық коэффициенттері бірдей болса қалай орналасады?
- Әр түрлі болса қалай орналасады?
- Практикалық жұмыстар. (15 минут).
Келесі функциялар мен кестелер тақтада жазылып, ілініп тұрады. Оқушылар тақтада, компьютерді қолданып, орнында отырып осы тапсырмаларды орындайды.
Функциялар у=-х+4 у=х+4
х | 0 | 4 | х | 0 | -4 | |
у | у | |||||
у=-х+7 | у=х+7 | |||||
х | 0 | 7 | х | 0 | -7 | |
у | у | |||||
у=-х+9 | у=х+9 | |||||
х | 0 | 9 | х | 0 | -9 | |
у | у |
Оқушылар х-тің мәніне сәйкес у-тің мәнін өздері табады.
Компьютерде отырған оқушылар Місrоsоft Ехсеl бағдарламасын қолданып дайын кестеге х-тің мәнін қойып, у-ті табады. Сосын Функция шебері (Мастер функции) командасын қолданып функцияның графигін салады. Функция графигі типі Нүктелі (Точечная).
Нәтижесінде мынадай сурет тақтада, компютерде шығуы керек. Осы графикт қалай шыққаны ауызша сұрақтар бойынша бекітіледі.
Ауызша сұрақтар:
- у=-х+4
у=х+4
- у=-х+7
у=х+7
- у=-х+9
у=х+9
- у=-х+4
у=-х+7
у=-х+9
- у=х+4
у=х+7
у=х+9
- у=-х+4
у=х+4
- у=-х+7
у=х+7
- у=-х+9
у=х+9
Шыққан функция графигіне оқушылар өз талдауларын жасайды. Тұжырым нәтижесі: Функция графигінен біз тең бүйірлі үшбұрыштар көріп тұрмыз, оу — осі тең бүйірлі үшбұрыштар биіктігі, медианасы, бисектрисасы болады.
Компьютердегі жұмыс барысы.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:
- Қолданбалы Місrоsоft Ехсеl бағдарламасын іске қосу. (Пуск – Программы – Місrоsоft Ехсеl).
- Таратпалармен жұмыс. Таратпада 3 деңгейлік тапсырма беріледі.
1-деңгей. Бағдарламаның бірінші бетіне орындалады. (Лист1).
№1 таратпа
Қарапайым сызықтық функция құру. у=-5х+7 х=0, х=7 у-?
|
2-деңгей. Бағдарламаның екінші бетіне орындалады. (Лист2).
|
Нәтижесі.
3-деңгей. Бағдарламаның үшінші бетіне орындалады. (Лист3).
|
Мысалы: Функциялар берілген у=-х+4
у=-х+4 | у=х+4 | |||||
х | 0 | 4 | х | 0 | -4 | |
у | у | |||||
у=-х+7 | у=х+7 | |||||
х | 0 | 7 | х | 0 | -7 | |
у | у | |||||
у=-х+9 | у=х+9 | |||||
х | 0 | 9 | х | 0 | -9 | |
у | у |
III. Зертханалық жұмыс. (10 минут). Пәнаралық байланыс: физика пәнімен байланысқан.
Көрнекіліктер: Құралдар және материалдар, су, колба, мензурка, 30 мл стакан, кесте, сызғыш.
Зертханалык жұмысты 4 оқушы тақтада орындайды.
2 оқушы зертханалық жұмысты орындаса, 2 оқушы жұмыстын нәтижесін тақтада орындап, есептейді және көлемнің биіктікке тәуелділігін анықтау графигін сызады. Қалған оқушылар орнында және компьютерде отырып есептейді және графигін сызады.
Зертханалық жұмыс барысы.
Колба мен мензурканың әрқайсысына 20 мл судан бірнеше рет құйып, судың биіктігін өлшейміз де оның мәнін кестеге енгіземіз.
Колба
V (мл) | 20 | 40 | 60 | 80 | 100 | 120 |
һ (см) | ||||||
Мензурка | ||||||
V (мл) | 20 | 40 | 60 | 80 | 100 | 120 |
Һ (см) |
Зертханалық жұмыс нәтижесін тақтадан көре аламыз және жұмыстың дұрыс орындалып жатқанын тексере аламыз.
Шыққан функция графигіне оқушылар өз талдауларын жасайды.
Сұрақтар:
- График қалай шықты?
- Неге түзу сызық?
- Неге қисық сызық?
- Үйге тапсырма: Осы тәжірибені үйде әртүрлі ыдыстармер жүргізіп, компьютерде әртүрлі фигураның графигін сызып келіндер.
Мысалы: тіктөртбұрыш, үйдің суретін, т.б.
- Қорытынды: Сабақ жұмысын бағалау, сабақ ұнады ма, несімен? (Рефлексия)
Қорытынды
Сонымен математика сабақтарында компьютерлерді пайдаланудың маңыздылығын, яғни олардың көмегімен мектептің алдында тұрған бірқатар өзекті мәселелерді шешуге болатындығын анықтадық:
- оқу-тәрбиелік процестің сапасын арттыру, оны ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы деңгейіне көтеру;
- оқыту процессіндегі жекелеп, саралау (дифференция) идеяларын дамыту;
- оқушыларды автоматтандырылған өндірісте еңбекке дайындау, компьютерлік жаппай білімді жетілдіру;
- мұғалімге жүйелі бақылау жүргізіп отыру, яғни оған оқушылардың білім деңгейін, икемділігін тексеру сияқты жұмыстарын жеңілдету үшін көмек беру;
- жеке тұлғалық мәселелерді шешуде көмек көрсету.
Компьютермен жұмыс барысында оқушылар сапасы жағынан жоғары, яғни пәнге деген ықыластың, қызығушылықтың қалыптасуына жетелейтін, алгоритмдік ойлаудың қалыптасуына негіз қалайтын, зердесінің жетілуіне әсер ететін ақпараттарды қабылдайды. Мұнымен бірге бұл түрдегі еңбектер оқушылардан зерделікті, тәрбиелілікті талап етеді.
(Қолданған материалдар: «Математика в школе», №1, 1999ж., 63 бет Алгебра, 7 сынып, №3, 1990ж. 75 бет, «Математика және физика» журналы).
Семей қаласы