Қатынастар және пропорциялар
Астана қаласының №38 мектеп –лицей математика пәнінің мұғалімі Махмет Дариғаның
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, математика апталығында өткізілген сабағы
Өткізген : №38 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Махмет Дариға.
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қатынастар және пропорциялар
Сабақтың түрі: Білімдерін жүйеге келтіру
Сабақтың типі: жарыс-сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Өткен тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау;
- Математикалық және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
- Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;
Дамытушылық:
- Алған білімдерін нақтылай, жалпылай және қорытындылай білу дағдыларын дамыту;
- Ойлау тәсілдерін, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, сәйкестіре алу және талдай білу қабілеттерін дамыту.
- Тәуелсіз Қазақстанның тарихына байланысты есептер шығарта отырып, оқушылардың білім өрісін кеңейту;
Тәрбиелік:
- Қойылған мақсатқа ұмтыла білуге, өздеріне сенімділікке, оқу еңбегіне жауапкершілікпен қарауға және ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, келесі сұраққа жауап берейік. Биылғы жыл біздің еліміз үшін несімен ерекше? Біздің бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі бұл сабағымыз да Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады және жарыс түрінде өтеді.
Сынып үш топқа бөлінеді және әр топ өз топбасшыларын сайлайды. Топбасшылар топтың жұмысын қадағалайды және сабақ сонында өз қарамағындағы оқушыларын бағалайды. Әр топта есептің жауабын жазатын, жалпы жазба жұмыстармен айналысатын бір дизайнер болу керек.
Әділ қазылар алқасымен таныстырылады және оларға топтарды бағалау парақтары үлестіріледі.
Біз осыған дейін Қатынастар және пропорциялар деген тарауды аяқтадық. Бүгін осы тарауды қорытындылаймыз. Сонымен жарыс-сабағымызды бастаймыз. Іске Сәт!
1-бөлім. Миға шабуыл(сұрақ-жауап)
Қатынас дегеніміз не?
Пропорция дегеніміз не?
Масштаб дегеніміз не?
Тура пропорционал шамалар дегеніміз қандай шамалар?
Кері пропорционал шамалар дегеніміз қандай шамалар?
Кері пропорционал шамалар өзгерісін қалай пропорциямен жазу керек?
2-бөлім. Сандар сөйлейді
Әртопқа жеке сұрақтар беріледі және сұрақтың жауабына сәйкес тапсырмалар беріледі.
1-топ. Қазақстан республикасы өз тәуелсіздігін қай жылы алды? Ол санның цифрларының қосындысын табыңдар. Нәтежесі туралы не айтасыңдар?
2-топ. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығын қай жылы тойлады? Ол жылды жұлдызшаның орнына қойып, шыққан қатынасқа тең қатынас жазыңдар.
3-топ. “Желтоқсан оқиғасы” қай жылы болды?
Жұлдызшаның орнына ол жылды қойп, шыққан қатынасқа тең қатынас жазыңдар
3-бөлім. Жасырын сөйлемді табайық
Әр топ 3 пропорцияның белгісіз мүшесін табу керек. Егер есепті дұрыс шығарса, тәуелсіздік туралы қанатты сөздер шығу керек.
Бірінші топ: Алматы-………….
Екінші топ: Тәуелсіздік…………
Үшінші топ: Тәуелсіздік-…………
1-топтың тапсырмалары
1.
4(бодандықтың) 6(тәуелсіздіктің) 5(еліміздің)
24(алтын) 18(күміс) 4(қола)
3.
24(ордасы) 20 (бесігі) 12 (орталығы)
2-топтың тапсырмалары
1.
4 (шырағы) 3 (тұғыры) 5 (сәулесі)
2.
15(орта) 10 (төмен) 5 (биік)
12 (жүрсін) 8 (болсын) 24(қалсын)
3-топтың тапсырмалары
1.
15 (есігі) 12 (тұтқасы) 14 (айнасы)
2.
3(бізге) 4 (саған) 5 (оған)
3 (ақиқат) 2 (аманат) 6(қолхат)
Жауабы: Алматы-тәуелсіздіктің алтын бесігі!
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат!
4-бөлім. Астаналар шежірежі
Әр топтың алдында масштабы: 1:8000000 атлас-карта болу керек. Осы картада Қазақстанның бұрынғы және соңғы астаналарының арасын сызғышпен өлшеп, жер бетіндегі қашықтықтарын табу керек. 1-топ. Орынбор-Қызылорда; 2-топ. Қызылорда-Алматы. 3-топ. Алматы-Астана.
- Орынбор
- Қызылорда (Ақмешіт)
- Алматы (Верный)
- Астана (Ақмола)
5-бөлім.Суреттер сөйлейді немесе ауызша есептейік,
Экранда суреттер көрсетіледі. Әр топтан бір оқушы суретте не көрсетілгенін және тәуелсіздікке қандай байланысы бар екенін айтады. Келесі бір оқушы осы суретке байланысты берілген ауызша есепті жылдам есептеу керек..
1-сурет. Н.Ә.Назарбаев
-Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы туған. Биыл ол кісі нешеде? (71-де)
2-сурет. Елтаңба
-Елтаңбаның авторы кім? Шотаман Уалиханов
Туған күні 4-маусым 1992 жылы. Биыл қабылданғанына неше жыл? (19жыл)
3-сурет. Қазақстан республикасының Ата заңы
-Ата заңға соңғы рет 1995 жылы 30 тамызда өзгеріс енгізілді. Биыл қанша жыл болды. (16 жыл)
4-сурет. Ту
-Ту. Авторы: Шакен Ниязбеков. Тудың енінің ұзындығына қатынасы 1:2 екен. Осы қатынасқа тең қатынас айтыңыз?
5-сурет. Тоқтар Әубәкіров
-Т. Әубәкіров. 2.10.1991-10.10.1991 ғарышта қанша күн болды? (8 күн)
6-сурет. Семей полигоны
-Семей полигоны бірінші сынақ 29.08.1949 жылы өткізілді және 29 тамыз 1991 қаулы бойынша жабылды? Қазақ даласы қанша жыл сынақ алаңына айналды? (42 жыл)
7-сурет. Тәуелсіздік монументі
-Тәуелсіздік монументі.
Ұзындығы 91м. 91 қандай мағына береді деп ойлайсыз?(тәуелсіздік алған жыл)
8-сурет. Бәйтерек.
-Бәйтерек 97 м. Ол қандай мағына береді?(Астана Ақмолаға көшкен жылы)
9-сурет. Теңге
-Төл теңгеміз. 15.11.1993 жылы. Одан бері қанша жыл өтті. (18 жыл)
Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай
Үйге тапсырма:№239
Бағалау: Топбасшылар баға қояды(2 мин)
Қорытынды