Келтіру формулалары. Есептер шығарту
9 сынып. Алгебра
Тақырыбы: Келтіру формулалары. Есептер шығарту
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Оқушыларды келтіру формулаларын есте ұстауға, есептер шығаруда қолдана білуге қалыптастыру.
- Дамытушылық. Оқушылардың тригонометриялық функциялар туралы білімдерін кеңейту, келтіру формулаларын қолданып түрлендірулер жасай білу қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды ойлауға, тапсырманы ұқыпты орындауға, сөйлеу, ойын дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Келтіру формулалары
Сабақтың түрі: Дәcтүрлі сабақ
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдары мен сынып тазалығын бақылау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару /1-мин/
- Үй тапсырмасын тексеру/5-6 мин/
Үйге берілген тапсырманы нақтылау, ондағы сұрақтарды ішінара тексеру /сұрақ-жауап түрінде/
- Қандай бұрыштарды толықтауыш бұрыштар деп атайды?
- Қандай тригонометриялық функцияларды ұқсас функциялар деп атайды?
- Келтіру формулалары дегеніміз не?
- № 405 есепті белгілі ретпен тексеру
- Үйге берілген тапсырманың орындалуын қорытындылау, бағалау
- Білімдерін жаппай тексеру/5-6 мин/
- Тригонометриялық функциялар деп қандай функцияларды айтамыз?
- Тригонометрияның негізгі формуласы деп нені айтамыз?
- Тригонометрилық функциялардың таңбаларын көрсетіңдер?
- Тригонометриялық фунциялардың тақ-жұптығын көрсет?
- Тригонометриялық функциялардың периодтылығы дегеніміз не ?
- Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндерін ата ?
- Келтіру формулалары дегеніміз не?
x | π/2-α 90ᵒ-α | π/2+α 90ᵒ+α | π-α 180ᵒ-α | π+α 180ᵒ+α | 3π/2-α 270-α | 3π/2+α 270ᵒ+α | 2π-α 360ᵒ-α | 2π+α 360ᵒ+α |
sinx | cosα | cosα | sinα | -sinα | -cosα | -cosα | -sinα | sinα |
cosx | sinα | -sinα | -cosα | -cosα | sinα | sinα | cosα | cosα |
tgx | ctgα | -ctgα | -tgα | tgα | ctgα | -ctgα | -tgα | tgα |
ctrx | tgα | -tgα | -ctgα | ctgα | tgα | -tgα | -ctgα | ctgα |
- Сабақ мақсатымен таныстыру /1-мин/ Келтіру формулаларын пайдалана отырып № 406-408, № 410 есептерді сыныпта шығару. Оқушылардың әр есептің шығарылуын жіті бақылап түсініп жазуына көңіл бөлу
- Есептер шығарту /20мин/
№ 406
(0;) бұрыштың тригонометриялық функциялары арқылы жаз
№ 407
(0ᵒ;90ᵒ) бұрыштың тригонометриялық функциялары арқылы жаз
№ 408
№ 410
- Өткен материалды түсінгендерін тексеру /7-8 мин/
Қосымша есептер: 9сынып тест кітапшасынан 5 сұрақтық тест алу
ҮІ.Сабақты қортындылау, бағалау /3 мин/
VIIІ. Үй тапсрымасын беру /1-мин/№ 411, 412 /Келтіру формуласы бойынша шешіледі/
№ 411
№ 412
Қасымов Жанат
Түрген қазақ орта мектебі