8-сыныпта «Сызықтық функция» тақырыбына бизнес – сабақ

8-сыныпта «Сызықтық функция» тақырыбына бизнес – сабақ

 

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігіп тап та, бар, қалан

Абай

Сынып екі топқа бөлінеді. Топта өз банкиры болады, ол жиналған капиталдың есебін жүргіп отырады. Әр топта мәжелік капитал 500 у.е.

Сыныпта банк жұмыс жасайды.

Ойын жоспары:

  1. Капитал қорын жинау
  2. Қаржылық операциялар – несие алу
  3. Тәуекелге бел буу
  4. Капитал қорын салу
  5. Тәуекелге бел буу
  6. Қаржылық операциялар жасау

Ойын барысы:

І. Капитал қорын жинау

Әр дұрыс жауапқа 100 у.е. беріледі. Әр топ кезекпен жауап береді. Егре дұрыс жауап болмаса ақша алмайды.

Сұрақтар:

  1. Сызықтық функция дегеніміз не?
  2. Функция дегеніміз не?
  3. Сызықытық функцияның графигі не?
  4. Сызықтық функцияның графигі қалай орналасады?
  5. у=7-9х функциясы сызықытық бола ма?
  6. у=2х-3 фукциясы сызықтық бола ма?
  7. у=3 функциясының графигі қалай орналасқан
  8. Сызықтық функцияның анықталу және мәндерінің облысы қандай?
  9. у= 3 / (х-1) функциясының анықталу облысы қандай?
  10. у= 5/ (4+х) функциясының анықталу облысы қандай?
  11. Берілген нүктенің берілген функцияның графигінің бойында жататының қалай анықтаймыз?
  12. Фукцияның графиктерінің қиылысу нүктесін қалай табамыз?
  13. Сызықытық фукцияның графигіне параллель графикті қалай анықтаймыз?
  14. Сызықтық функцияның графиктері қай кезде қиылысады?
  15. у=7х-4,  у=7х+5 графиктері қалай орналасқан?
  16. у—5х+2, у=4х-9  графиктері қалай орналасқан?

ІІ. Қаржы операциялары

Әр топ банкіден несие алады, несие құны 1000 у.е. кем болмау керек. Банкінің қызметі үшін, топтар несие құның 20 пайызбен банкінін пайдасына қайтарады.

ІІІ. Тәуекелге бел буу

Әр топ кезекпен 3 карточка алады. Тапсырма бойынша қаржылық операциялар жүргізіледі.

Карточкадағы тапсырмалар:

  1. Сіздің капиталыңыз екі еселенді
  2. Сіз офистің жөндеуне 300 у.е. қаржы жұмсадыңыз
  3. Сіздің капиталыңыз үш есе көбейді
  4. Сіздің сыбайласыңыз Сізге 200 у.е. сыйлады
  5. Сіз туған күнінізге 100 у.е. сыйлық алдыңыз
  6. Сізден 200 у.е. тонап кетті
  7. Тауар құны өсті, ол Сізге 300 у.е. шығын әкелді
  8. Туысыңызға бару үшін 100 у.е. жұмсадыңыз
  9. Экологиялық жағдайды бұзғыныңыз үшін Сізге 300 у.е. штраф салынды
  10. Сіз пайдалы шартқа отырып, 500 у.е. байыдыңыз
  11. Тонаушы Сізді 200 у.е. алып кетті
  12. Складыңыз өртеніп Сізге 200 у.е. шығын әкелді
  13. Ұтымды коммерциялық операция Сізге 1000 у.е. кіріс әкелді
  14. Аяған астынана келген апат Сізге 500 у.е. шығын әкелді
  15. Сіз 500 у.е. туыстарыңыздан сыйлық алдыңыз
  16. Тауарларыңыз жақсы өтіп 400 у.е. кіріс әкелді.

ІҮ. Капитал салу

Әр топ банкіден акциялар сатып алады, әр пакеттің құны шарушылығына байланысты әр түрлі болады, акция құны тапсырмалардың күрделігіне  байланысты болады.

  1. Ауыл шаруашылық – 200 у.е.
  2. Сауда – 400 у.е.
  3. Құрылыс – 300 у.е
  4. Білім – 800 у.е.
  5. Медицина – 800 у.е.
  6. Ғылым – 1000 у.е.

Әр топ пакеттегі тапсырмаларды орындайды, орындау деңгейдеріне қарай төлемі беріледі.

Ауыл шаруашылық

  1. Кестені толтырып функцияның графигін сал

у= -х+4

Құны: 100 у.е.

  1. у=-х+4 функцияның графигі бойынша анықта:

а) функцияның мәнін тап, егер аргументтін мәні 1; -1; 0 болса?

ә) функцияның мәні 3; -1; 0 болса, аргументтің мәні қандай болады?

Құны: 100 у.е.

  1. Функцияның графигін салмай А(-10;5) нүктесі графиктін бойында орналасатының анықта у=1,2х-7?

Құны: 100 у.е.

  1. Графигін салмай қиылысу нүктесінің координатасын анықта:

у=10-8х; у=-3х+5

Құны: 100 у.е.

Сауда

  1. Функцияның графигін сал

а) у=3х-2       (құны: 100 у.е.)

ә) у =3х         (құны: 100 у.е.)

б) у=-2          (құны: 100 у.е.)

  1. Графиктерін салмай қиылысу нүктесінің координатасын анықта:

у=-4х+3,       у=2х-3               (құны:  300 у.е.)

  1. у=-3х+4 фукциясына параллель болатын кез келген мысал келтір

(құны: 200у.е.)

  1. Функцияның графигін салмай А(-2;-7) нүктесі графиктін бойында

орналасатының анықта у=3х-1?

(құны: 200 у.е.)

  1. 120 минут арасында поезд бір қалыпта 72 км-сағ жылдамдықпен жүрді. Поезд осы уақытта қандай арақашықтықты өтті?

(құны: 300у.е.)

Құрылыс

  1. Кестені толтырып функцияның графигін сал

у= 2х+6

Құны: 100 у.е.

  1. у=2х+6 функцияның графигі бойынша анықта:

а) функцияның мәнін тап, егер аргументтін мәні 1; -1; 0 болса?

ә) функцияның мәні 3; -1; 0 болса, аргументтің мәні қандай болады?

Құны: 150 у.е.

  1. Функцияның графигін салмай А(-2;-9,4) нүктесі графиктін бойында орналасатының анықта у=1,2х-7?

Құны: 150 у.е.

  1. Графигін салмай қиылысу нүктесінің координатасын анықта:

у=4х+9; у=5х-5

Құны: 100 у.е.

  1. 2 сағатта дене қандай арақашықтық өтті? Жылдамдығын тап

 

S

 

 

 

 

 

t

Құны:  400 у.е.

 

 

 

Білім:

  1. Функцияның графигін сал

а) у=4х-6       (құны: 100 у.е.)

ә) у =4х         (құны: 100 у.е.)

б) у=3            (құны: 100 у.е.)

  1. Графиктерін салмай қиылысу нүктесінің координатасын анықта:

у=16х-7,       у=13х+8               (құны:  300 у.е.)

у=3х-4  фукциясына параллель болатын және қиылысатын функцияларға кез келген мысал келтір                     (құны: 200у.е.)

  1. у=2х+1 функциясының мәндерінің облысын тап, егер анықталу облысы

(-1≤х≤3) аралығында болса     (құны: 300 у.е.)

5.Тынық суда 2000 метр жүзген кеме 21,8 км/ сағ жылдамдықпен қандай

арақашықтық өтеді?                   (құны: 300 у.е.)

 

Медицина

  1. Функцияның графигін сал

а) у=-3х+6       (құны: 200 у.е.)

ә) у =-3х          (құны: 200 у.е.)

б) у=-2             (құны: 100 у.е.)

  1. Функцияның графигін салмай А(-2;9) нүктесі графиктін бойында

орналасатының анықта у=-2х+7?      (құны: 300 у.е.)

  1. у=5х+11 фукциясына параллель болатын функцияларға

кез келген мысал келтір                 (құны: 200у.е.)

  1. Графиктерін салмай қиылысу нүктесінің координатасын анықта:

у=47х-37,       у=-13х+23                    (құны:  300 у.е.)

  1. 1 сағатта жаяу адам 0,7 м/мин жылдамдықпен қандай арақашықтық өтеді?

(құны: 200 у.е.)

 

Ғылым

 

  1. Функцияның графигі арқылы формуласын жаз:

  

Осьтармен қиылысу нүктелері (0;3) және (4;0)       (қүны: 500 у.е.)

  1. А(-3;-3) нүктесі у=-2х+3 функциясының графигінен өтеді ме?(құны: 300у.е.)
  2. у=1/3х-1 функциясының графигін сал. ОХ және ОУ осьтарымен қиылысу нүктелерінің координаталарын анықта (құны: 500 у.е.)
  3. у=3х-7 функциясына графигі апраллель болатын функцияға мысал келтір

(құны: 300 у.е.)

 

  1. у=3х+1 функциясының мәнің тап

а) егер аргументтің мәні 4-ке тең болса;

ә) аргумент мәнің тап, егер функцияның мәні 13-ке тең болса?

(құны: 500 у.е.)

Ү. Тәуекелге бел буу

Әр топ кезекпен 3 карточка алады. Қалған тапсырмалар бойынша лототроннан қаржылық операциялар жүргізіледі. (Сергіту сәті)

ҮІ. Қаржы операциялары

Топтар өздерінің кірістерін есептейді. Банкіге алған несиені пайызымен қайтарады. Қалған капиталдарын санайды.

Осы мезетте «рэкет» келіп қаржыларын алмақшы болады. Тапсырмалар ұсынады, егер топтар орындай алмаса кірістерінің 25 пайызын алып кетеді.

Тапсырмалар: (слайд бойынша)

  1. Кесте бойынша функцияның формуласын жаз:
Х12345
у182764125

 

 

 

  1. у=2х+5 функциясының мәндерінің облысын тап, егер (-4≤х≤2) болса?

 

  ҮІІ. Бекіту кезені:

Мақал-мәтілдер:

 

Жан қиналмай жұмыс бітпес

Талап қылмай мұратқа жетпес

 

Қайратты бар кісінің

Берекеті бар ісінің

 

Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті

 

Шыдамды еңбек, алғыр ой –

Аңыз досын біліп қой

 

  1. Мемлекетіміздің экономикасын дамытуға қандай үлес қосамын деп ойлайсың?
  2. Келешекте қандай маман иесі боламын деп армандайсың?

(оқушылардың пікірін тыңдау, талдау)

 

Математикадағы жұмысқа, егістікке, саудаға, өнімге  т.б. көптеген маөзмұнды есептердің барлығы – экономикалық мазмұнды есептер екендігін оқушының бойында қалыптасу керек. Әр мазмұнды есеп өмірмен ұштастырылып берілетіндігіне көз жеткізу, есеп шығару барысында логикалық ойлау, салыстыру, елестету, абстрактілі ойлау қабілеттерін дамыту – ұстаздың шеберлігіне де байланысты.

Экономикалық әдістерді математикадаға қолдануға шексіз көп мысал келтіруге болады. Осындай талдаулар, өмірмен ұштастыра отырып, қазіргі заман талабын басшылыққа ала отырып қызықты сабақтар өткізген, оқушының бойына жауапкершілік, болашағын дұрыс болжауға әсер береді. Оқушыларды экономикалық ойлауға тәрбиелеу жалпы (интеллектуалды, шығармашылық, логикалық) және арнайы (экономикалық, политехникалық, кәсіптік) қабілеттерінің дамуына күнделікті өмірде экономикалық білімнің қалыптасуына ықпал етеді.

 

Зауре Айтбековна Каирбекова

Қарағанды облысы

Қарқаралы қаласы

№44 орта мектептің математика пәні мұғалімі